Г.Спенсердің педагогикалық көзқарастары. ХIХ ғасырдың 30-жылдары Батыс Еуропада жаңа философиялық бағыт – позитивизмдiк бағдар қалыптасып, педагогикалық ойлардың дамуына ықпалын жасады. Соның белгiлi өкiлi, ағылшын философы, әлеуметтанушы, экономист және педагог – Герберт Спенсер (1820-1903) едi. Ол табиғаттың эволюциялық жолмен дамуындағы табиғи сұрыптау идеясын қоғам дамуымен байланыстырып, адам өмiр сүрiп отырған ортасына бейiмделуi тиiс деген пiкiрде болды. Адамның өмiрге бейiмделуiне тәрбие көмектесiп отырады, оқушыға берiлетiн бiлiм мен тәрбие өмiрге қажеттi болып, адам қызметiнiң әр жақты болуына байланысты тiршiлiк iс-әрекеттерiне үйретудi талап еттi.
Адам өз ұрпағын сақтауда және тәрбиелеуде адамның мiнез-құлқы мен әдет-дағдылары, адам өмiр тiршiлiгiнiң заңдылықтары туралы бiлiмдер алуда физиологияны, педагогика мен психологияны жақсы игерулерiне кеңес бердi. Сонымен бiрге әрбiр ер және әйел адамдар тәрбие әдiстерiнен мiндеттi түрде бiлiм курстарын тыңдаулары тиiс деп санады. Г.Спенсер ақыл-ойдың дамуының мына заңдарын ұсынады: қарапайымнан күрделіге, белгісізден белгіліге, жекеден жалпыға, нақтыдан көмескіге өту; білім берудің әрбір саласын тәжірибеден бастап оймен аяқтау; бала тәрбиесі адамзат тәрбиесіне сәйкес болуы.
Г.Спенсер бойынша оқу мен тәрбиенiң мазмұны, әдiстерi бала ақыл-ойының даму кезеңдерiне сәйкес болып, оны белсендi түрде дамыту үшiн қоғам дамуының талаптарына сай болуын қадағалап отырды.
ХIХ ғасырдың 40-жылдары Германияда жаңа коммунистiк қоғамды орнатудағы пролетариаттың дүниежүзiлiк тарихи рөлi жайлы және таптық күрес жайлы тұжырымдамалар жасаған Карл Маркс (1818-1883) және Фридрих Энгельс (1820-1895) еңбектерiнде жұмысшы табының қоғамды өзгертудегi прогрессивтi мәнiн айқындаумен қатар оны төңкерiс күшi ретiнде санады.
Олар тәрбие мәселелерiн жұмысшы табының қанауды толық жойып, коммунизм орнату жолындағы революцияшыл күресiмен байланыстырды.
Екiншiден, қоғамдық сананың болмысқа тәуелдiлiгi тәрбиенiң әлеуметтiк сипат алуымен байланысты деп есептедi.
Үшiншiден, тәрбиенiң мақсат, мiндетiн қоғам белгiлеп, қоғамдық қарым-қатынастарды iске асырады деп есептеді.
Төртiншiден, пролетариаттың санасына социалистiк идеялар мен моральдық қасиеттердi тәрбиелеу арқылы ғылыми теорияны игерiп, жаңа қоғамды орнатуға жас ұрпақты даярлайды.
Бесiншiден, социалистiк қоғам құрылысында, жаңа экономикалық жағдайда ғылыми теорияға негiзделген коммунистiк тәрбие жаңа қоғам орнатуда таптық сипатта болуымен қатар жасөспiрiмдердi жан-жақты қалыптастырады деп есептедi.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Германияның әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жақсаруына байланысты өндіріске жаңа техниканы қосу қажеттілігі педагогика мәселесін жолға қоюды талап еткен реформаторлық ағымдар пайда болды. Оның көш басында неміс педагогы Георг Кершенштейнер (1854-1932) тұрды. Ол негіздеген “Азаматтық тәрбие” жастардың өз отанын сүйіп, мемлекет міндеттерін, азаматтың борыштарын саналы орындауға шақырды. Оның ұсынған “Еңбек мектебі” идеясы бойынша мектепке реформа жүргізіп, халық еңбегіндегі оқушылар қол еңбегіне үйретіліп, техникалық әдет-дағдыларын игеру талап етілді. Ол халық мектебі мен армияны мемлекеттік тәрбие мекемелері деп санады. Еңбек ететін жеткіншектерге қосымша мектептер ашуды міндеттеді. Халық мектебінің оқу жоспарын қайта құрды. Оқытудың белсенді әдістерін енгізді, еңбекке оқыту жүйесі мен әдістемесін жасады.
ХІХ ғасырдың 90-жылдары неміс педагогы Вильгельм Август Лай (1862-1926) “Іс-әрекет педагогикасы” идеясын негіздеді. Оның дәлелдеуінше кез-келген организмнің ең қарапайым түрінен бастап, адамға дейінгі барлық даму эволюциясын жалаң биологизаторлық теориямен, яғни схема, қабылдау, қайта өңдеу, әрекет жасау арқылы танымдық үрдіс құруға тырысты. Осындай жалаң схемада үшінші негізгі кезеңге, былайша айтқанда, суреттеуге, бейнелеуге немесе әрекетке бөліп қарастырады. Сол себептен де Лайдың бұл теориясын “Іс-әрекет педагогикасы” деп атады. Оқушыларды оқытуда сурет салу, өрнектеу, сызу, модельдеу, кескіндеу, ән, музыка, драма, т.б. “іс-әрекеттің” негізгі құралдары болып саналады. Оқушылардың бейнелеу әрекеттерін Лайдың ерекше дәріптеуінен оқыту үрдісін екінші қатарға қою зор қателік еді. Вильгельм Август Лай экспериментальды педагогиканың өкілі болды. Педагогикалық үдеріс қабылдау, өңдеу, көрсету арқылы іске асады да, бақылау- заттың оқыту мен бейнелі оқытуды жүргізу керек деп санады: табиғат өмірін химия, физика, география, табиғи тану арқылы, адам өмірін халық шаруашылығы туралы ілім, азаматтану, педагогика, тарих, философия, мораль арқылы үйретуге тырысты. Бейнелі оқытуды сөз, көркем бейне, эксперименттер, дене көрінісі, математикалық көрініс, жануарды күту, мораль саласындағы шығармашылық арқылы жүргізді.
Немістің тағы да бір белгілі педагогы Эрнест Мейман (1862-1915) оқу мен тәрбие мәселелерін эксперименттік зерттеу арқылы жүргізуге бағыт алды. Арнайы өлшеу приборлары көмегімен және арнайы ұйымдастырылған байқаулар негізінде балалардың дене дамуын және оның заңдылықтарын анықтады. Олардың қабылдау ерекшеліктері, ой-қисындарын дамытудағы шығармашылық еңбектің маңызы зерттелді.
Бірақ, Э.Мейман және оның қолдаушылары оқушының дамуындағы әлеуметтік жағдайларды ескермей, биологиялық құбылыс ретінде қарастырады. Америка педагогтары С.Холл, Д.Торнайк пен француз психологы А.Бине еңбектеріндегі эксперименталдық педагогика педологияға барып ұласты.
Американдық философ, педагог және психолог Джон Дьюи (1859-1952) сол кездегі прагматизм бағыттарының бірі – “инструменталдық” бағыттың белгілі өкілі болған. Оның назар аударған педагогикалық мәселелері: мектеп жұмысының өмірімен байланыстырылуы; оқу үрдісінде оқушылардың белсенділік қабілеттерін дамыту; оқытуда білім берумен қатар тәрбие берілуі тиіс деген ойларды қалыптастырды. Дьюи әдістемесінде ойындар, экскурсия импровизация, көркемөнер, үй шаруашылығы орын алды.
Сонымен XVII-XIX ғасырда шетел мектептерi мен педагогикалық ойларға талдау жасаудан туындаған қорытынды: бұл кезең прогрессивтi педагогикалық идеялар мен ойларға бай болғанымен, бiлiм мен тәрбие беру тәжiрибелерi баяу қарқынмен жүргiзiлдi. Сонда да болса, оқытуды ұйымдастыру мазмұндары мен әдiстерiн анықтауда Я.А.Коменский, И.Песталоцци, Р.Оуэндердiң педагогикалық жүйелерi бүкiл дүниежүзi педагог-қайраткерлерiнiң көзқарастарына, ой-саналарына, шығармашылық жұмыстарына жаңа леп бердi.
Достарыңызбен бөлісу: |