ПСИХОЛОГИЯ
Психологияның дүниеге келген жері:. Ежелгі Греция Психология алғашқыда …ретінде қалыптасты:жан туралы ілім; Психология:психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасуы туралы ілім; Психология гректің екі сөзінен тұрады: «псюхе»-жан, «логос»-ілім; Психология…ретінде қалыптасты: сана туралы ілім; Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнелері: психикалық процесс; Адамның түрлі көңіл-күйлерінің тұрақты компоненттері (жылау, зерігу, күлут.б.): психикалық көңіл-күй; Бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды ерекшеліктер: психикалық қасиеттер; Психологиялық қасиеттер: темперамент, мінез, қабілет; Психологияның зерттеу объектісі: психикалық құбылыстар; Тұңғыш психологиялық лабораторияның негізін калаған :Вундт;
Лейпциптегі алғашқы эксперименталды психологиялық лабороторияны ұйымдастырушы: 1879, Вундт
Ресейдегі алғашқы психологиялық лабораторияның негізін салған кім:Бехтерев;
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде табиғи жағдайда зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін бақылау: бақылау әдісі;
Адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттеу әдісі: социометрия;
Психологиялық әдістердің ішіндегі ең көнесі: бақылау;
Зерттеліп отырған құбылыс туралы толық және сапалы мәлімет алуға мүмкіндік беретін, стандартты сұрақтарға жауаптарды тандау арқылы жеке тұлғалық сипаттар мен білім дәрежесін анықтауга арналған әдіс :тест;
Мақсатқа бағытталған бағдарлама және жоспармен жүйелі жүргізілетін зертеу түрі:бақылау;
Болашақта даму мүмкіндігін болжау мақсатында адамның өмірлік жолын, ата-анасымен туыстарын, оларға мәнді жеке құндылықтарды зерттеу негізінде жүргізілетін психологиялық зерттеу әдісі: биографиялық әдіс;
Сыртқы бақылау, ішкі бақылау, ерікті бақылау, стандартты:бақылау түрлері;
Тәлім-тәрбие психологиясы, жас ерекшелігі психологиясы, арнаулы психологиясы, еңбек психологиясы т.б. психологияның…: салалары;
.Оқу процесінде білім, ептілік, дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын негіздейтін ғылым саласы: педагогикалық психология;
Адамның оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтарын зертейді: педагогикалық психология;
Балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы қандай психологиясының саласына жатады?жас кезеңдерінің психологиясына;
Адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін ќарастыратын психология саласы еңбек психологиясы; еңбек психологиясы
Автоматталған жүйелерді басқару мен әртүрлі операторлардың жұмысын зерттейтін психология саласы: инженерлік психология;
«Адам-машина-орта жағдайын» қарастыратын психология саласы: инженерлік психология;
Дәрі-дәрмектердің адам психикасына әсері мен күшін қарастыратын психология тармағы: психофармакология.
Адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерін зерттейтін психология саласы: әлеуметтік психология;
Спорт психологиясы: Спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады;
Қазір кеңінен таралған, жарнамалардың ықпалын, тұтынушылардың мұқтаждығы, қызмет көрсету факторларын зерттейтін психология саласы: сауда психологиясы;
Тарихи тұрғыда қалыптасқан қарым- қатынас құралы: тіл;
Ең жетілген, адамның ойлары мен сезімдері аркылы берілетін, тек адамға тән іс - әрекет: сөйлеу;
Рефлекс дегеніміз - Сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмніњ ќайтаратын жауап реакциясы;
Сана қалыптасуының негізгі себебі: тіл мен еңбек;
Адам санасының пайда болуында шешуші жағдай: еңбек;
Сана айқындалады: адамзат дамуының қоғамдық-тарихи сипатымен;
«Мотив» термині француз сөзі қазақшада: түрткі, себеп;
Мотив мақсат ретінде: А.Н.Леонтьев;
Мотив қажеттілік ретінде: С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович, А.К.Ковалев;
Мотив адамның ниеті ретінде: Д.А.Леонтьев;
Мотив тұлғаның тұрақты қасиеті ретінде: В.С.Мерлин;
Мотив ынталандырушы ретінде:. В.Н.Мясищев.
Мотив өзін белсендіруге деген қажеттілік ретінде:Маслоу;
Мотив адамды әрекет жасауға итермелейтін түрткі ретінде: Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаев;
Жеке тұлғаның белсенділігін, қылықтарын анықтайтын факторлар жүйесі және мотивтердің құрылу, қалыптасу үрдісі: мотивация;
Адам әрекеттері мотивтерінің көп түрлілігімен сипатталады: адамның мотивациялық аймағының құрылымы;
Ынталандырушы, бағыттаушы, реттеуші : мотив қызметтері.
Күш пен тұрақтылық: мотив қасиеттері;
Бұл мотивтерді жүзеге асыратын студент әрекетінің соңғы нәтижесі:мақсат;
Өзіндік мақсаттары, өмір сүру ортасы, ерекше еңбек реті, әлеуметтік ғадеті және психологиясы, бағдарлар жүйесі болатын жастар деген үлкен әлеуметтік-демографиялық топтың ірі әлеуметтік категориясы: студенттер.
Өзіндік сана сезімдердің бірлігі, тұлғаның қасиеттеріне, сапасына деген қатынасы: Өзіндік бағалау;
Әлемді, басқа адамдарды қабылдауға, оларды бағалауға әсер етіп, соның негізінде адам өзінің мінез-құлқын өзіндік бағалайды:«Мен» бейнесі;
«Мен тұжырымдамасы» ... мағынасына жақынырақ:«Өзін-өзі тану».
«Мен» концепциясын ұсынған: Р.Бернс;
«Шынайы мен» (мен қандай адаммын: өзінің сезімдері, ойлары, қажеттері, құндылықтары жүйесі), «Айнадағы мен» (басқалар мені қалай қабылдайды), «Идеалды мен» (мен қандай болғым келеді: оның тереңде жатқан сезімдері): . «Мен» концепциясының құрылымы;
Бұл белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, алдына қойған нақты мақсаты бар, өзіндік ой-пікірі, психологиялық ерекшеліктері бар қоғамның бір мүшесі: Жеке тұлға.
Адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі: Өзіндік бағалау;
Объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым:Құндылық;
Көпшілік адамдар мақұлдайтын және ортақтасатын жақсылық, әділетттілік, патриотизм деп бағалайтын жеке тұлға үшін қоғамдық-мәнді әлеуметтік бірлік, қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік объектілер: Құндылық;
Бұл тұлғаның қоғамда барлығына ортақ қабылданған әлеуметтік тәжірибелерді, білімді, мінез-құлық нормаларын, құндылықтарды, ережелер мен байлықтарды меңгеру үрдісі және нәтижесі: Әлеуметтену;
Өте үлкен: космос, планета, әлем:. мегафакторлар;
Үлкен: ел, этнос, қоғам, мемлекет: макрофакторлар.
Орташа, аралық: тұрғылықты жері бойынша адамдар тобы (аймақ, село, қала, ауыл), көпшілік ақпарат құралдары: мезафакторлар;
Шағын: оған отбасы, көршілер, құрбы-құрдастар тобы, тәрбиелеуші мекемелер, әртүрлі қоғамдық, мемлекеттік, жеке ұйымдар жатады: микрофакторлар;
Қазіргі біздің кең таралған аффективті күйлеріміздің бірі:стресс;
Адамның эмоционалды сферасына шамадан тыс ұзақ уақыт психологиялық қысымның әсер етуімен түсіндіріледі: Стресс.
Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген Канадалық физиолог: А.Маслоу;
Өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туындаған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жиынтығы: Стресс;
Экстремалды жағдайдағы субъекттің күрделі формасында көрінетін негізгі психикалық күй:. психологиялық стресс;
Ақпараттық стресс, эмоциялық стресс, коммуникативті стресс т.б.: стресс түрлері.
Адамның ішкі және сыртқы бөгеттерді жеңумен байланысты адамның әрекет қылықтары мен қызметін саналы түрде реттейді: ерік
Мақсат,, ынталылық, табандылық, батылдық, ерлік, дербестік, шыдамдылық, ұстамдылық т.б.: ерік сапалары;
Организмде аурудың не болмаса дене кемістігінің болмауы ғана емес, ол рухани, әлеуметтік және психологиялық саулықты білдіреді, сонымен қатар организмнің ұзақ өмір сүру барысындағы биологиялық және психологиялық әрекеттерінің, әлеуметтік белсенділігінің сақталуы мен дамуы:.Денсаулық;
Бұл дұрыс тамақтану, еңбек ету, уақытында дем алу, істеген ісіміздің пайдалы болуы үшін әркімнің психологиялық жағынан дұрыс дамуы және жастық ерекшеліктерге сәйкес ескерілуі:. Салауатты өмір;
Бұл ауруды үдетеді немесе сол аурудан жазылуға жағдай жасайды, яғни психика күйзелістің туындау себебі немесе оған қарсы төтеп беретін күш те бола алады:қабілет.
Адамның дүниетанымдық, моральдық-психологиялық қасиеттері және оның қоғамға қарым-қатынасын білдіру арқылы көрінетін ішкі қағидасы: Өмірлік ұстаным
Бейінделген теориялық және практикалық даярлық негізінде жүзеге асырылатын еңбек іс-әрекетінің түрі:Мамандық.
Бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім, білік, және дағдалар жиынтығы, оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалары тәртібі:. Кәсіптік білім;
Жеке тұлғаның өзінің кәсіби іс-әрекеттің субъектісі ретінде болашақ мамандығын таңдау процесі мен нәтижесі: Кәсіби өзін-өзі анықтау;
Жеке тұлғаның нақты бір кәсіби іс-әрекетке қызығушылығы негізінде қалыптасатын сапа-қасиеті және оны орындауға құлшынысы мен қабілеттілігінің байқалуы. Кәсіптік кезең;
Мамандыққа, мамандық иесіне, мамандандыруға қойылатын талаптарға және біліктілік стандартына сәйкес маманның дене, психикалық және рухани жағдайының сапасы, қасиеті және жағдайы: Кәсіби компетенттілік;
Ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы: Бәсекелік қабілеті;
Екі немесе бірнеше жақтардың қарым-қатынасы барысында мақсаттары мен көзқарастарының өзара қарама-қайшылығы:. Конфликт.
Біріккен іс-әрекет барысындағы субъектілердің қақтығысулары:Ұйымдағы конфликті;
Конфликтіден қашу; компромисске келу; ынтымақтастық; күңдестік, (бәсекелестік, қарсылық); жол беру: Конфликтілі жағдайдағы мінез-құлық стильдері;
Адамның өз мақсатына жетуіне қажетті шешімді қабылдап, әрекетке кірісу үшін қандай болмасын бір нәрсеге қатынасты өзгертуге ынталандыруы: Маницуляция;
Бұл бір адамның екінші адамға ықпалы нәтижесінде болатын адамдар арасындағы байланыс: қарым-қатынас.
Хабармен алмасу мақсатындағы қарым-қатынас актісі: Коммуникация;
Нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешіліктерінің бірі: Темперамент;
Экстраверт – сырт өмірге беріледі, өмірі сыртта – нерв процесі күшті қимыл қозғалысы шапшаң. Олар ұстамсыз, күйіп-пісуге дайын тұратын күйгелек адамдар, істі бұрқырата істегенмен кейде аяқсыз қалдырады, тез әсерленгіш, жалындап тұратын тип:.Холерик; ;
Экстраверт – қуатты, ширақ. Ол жұмысқа қабілетті, адамдармен тез тіл табысатын, коллективте көңілді адам. Сонымен қатар, бұл тип адам қол бос кезде сылбыр, кейде жеңіл мінезді болады:Сангвиник;
Интроверт - өмірі іште өзінде өмір сүреді – салмақты, сабырлық болады. Олар өз сезімдерін сыртқа шығармайды. Баппен жүріп тұрады. Оның қимыл-қозғалысы баяу, өмірдегі өзгеріске салқын қарайды: Флегматик;
Адамдармен көп жұғыспайды, тұйық, өз ойына шолуға бейім тұрады және тез әсерленгіш болады: Меланхолик.
Жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы: Мінез;
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс - әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы – шапшаң, екіншісі – асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты, үшіншісі – іске ойланбастан асым салады, кейін барып ойланады да, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді.Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер: мінез бітістері;
Мінез типологиясын ұсынған ғалымдар: Э.Кречмер; Э.Фром; К.Леонгард; А.Е.Личко.
Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілін ажыртуға болады және мінезді анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі: мінез типтері (мінез акцентуациясы);
Адамның тиісті икемделген мүмкіншілігі деп атайды. Мүмкіншілік білім де, дағды да емес. Ол адамның белгілі бір іске даярлығы, бұл:қабілет;
Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті ...деп атаймыз:. арнайы қабілет;
Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет .. жалпы қабілет;
Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық, нәсілдік ерекшеліктері ... деп аталады:. нышан;
Достарыңызбен бөлісу: |