Сабақтың тақырыбы: з дыбысы мен әрпі



бет6/8
Дата25.12.2016
өлшемі1,43 Mb.
#5286
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Сергіту сәті:

Ү.Кітаппен жұмыс:

№1 «Жасырынып қалған сандарды тап» ойыны.

4 6 8 10 3 5 7 9 0 3 6 9

0 3 6 9 4 6 8 10 1 4 7 10

№2 Сандарды салыстыр

0< 10 10> 0 9< 10 10> 9

№3 Атаулы сандарды салыстыр

10см = 1дм 1дм =10см

9см < 1дм 10см= 1дм

ҮІ. Тақтамен жұмыс:

№4 Өрнек құрып мәнін тап.

3+2=5 1+3=4 2+1=3 2+3=5

4+1=5 2+2=4 3+1=4 1+2=3

№5 Өрнектердің мәнін тап.(дәптермен жұмыс)

2+5 3+3 6+1 4+4 8-6 10-5 9-4 7-7



Шығармашылық жүмыс: Бірдей алты суретті тап.

ҮІІ. Сабақты қортындылау:

ҮІІІ. Бағалау
Пәні:әліппе күні: 04.12.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі.

Білімділік мақсаты: Ц дыбысы мен әрпін таныту.Дауысты,дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін еске түсіру.

Дамытушылық мақсаты: Сөздерді дұрыс оқып, жаңа сөздермен сөз қорын молайту. Ой-өрістерін кеңейту,логикалық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа,тазалыққа,таза ,көркем жазуға,сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

-Э, Щ дыбысы қандай дыбыс ?

Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.-э,щ әрпіне қатысты сөздер жазғызу. «Щеткалар» жатқа сұрау «Экскаватор» өлеңін мәнерлеп оқып жаттығу. «Балқаш» мәтінінің мазмұнын әңгімелету.

ІІІ. Мақсат қою:

тақырыбын, мақсатын хабарлау



ІҮ. Жаңа сабақ:

а)Кіріспе әңгіме.

ә) Цех, цирк, цемент авиация, офицер сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау

б)Ц әрпін бөліп алып дыбыстау.

в) Әріп таңбасымен таныстыру.

г) Баған түрінде жазылған сөздерді хормен оқыту.

д) Мәтін мазмұнына түсінік беру.

е) «Клоунның сыры» өлеңін жаттату.



Ү. Жаңа білімді бекіту.

е) Дәптермен жұмыс: Цц әрпін жазып үйрену.



ҮІ Жаңа материалды түсінгенін тексеру.

Семантикалық кестемен жұмыс:




Циркке

дауыссыз

Цирк,цех

Хайуанаттар көп

-Ц қандай дыбыс?




+







-Қандай сөздерде жазылады?







+




-Балалар қайда барды?

+










-Циркте нелер көп?










+

Диктант: Ферма, фото, Факс, монтёр шахтёр, Электр, Экипаж, щётка ащы тұщы, борщ, щи, аэроплан.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?



ҮІІІ. Үйге тапсырма.

ІХ. Бағалау

Пәні: әліппе күні: 04.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Чч дыбысы мен әрпі.

Білімділік мақсаты: Чч дыбысы мен әрпін таныту. Дауысты,дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін еске түсіру.

Дамытушылық мақсаты: Сөздерді дұрыс оқып, жаңа сөздермен сөз қорын молайту. Ой-өрістерін кеңейту,логикалық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа,тазалыққа,таза,көркем жазуға, сауатты-лыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

-Ц дыбысы қандай дыбыс ?

Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.

-Ц әрпіне қатысты сөздер жазғызу.



ІІІ .Мақсат қою:

тақырыбын, мақсатын хабарлау



ІҮ. Жаңа сабақ:

а)Кіріспе әңгіме.

ә) Чемпион, Чемпионат чек сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау

б) ч әрпін бөліп алып дыбыстау.

в) Әріп таңбасымен таныстыру.

г) Баған түрінде жазылған сөздерді хормен оқыту.

д) «Болашақ чемпиондар» өлеңін жаттату.

Ү. Жаңа білімді бекіту.

е) Дәптермен жұмыс: ч әрпін жазып үйрену.



ҮІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.

1) Өлең оқып беру.

2) «Чемпион» мәтінін оқыту.

Көру диктанты монтёр шахтёр, щётка ащы тұщы, борщ, щи, аэроплан.Цех, цирк, цемент,авиация, офицер.

Венн диаграммасымен жұмыс:

Цц дыбысы мен әрпі Чч дыбысы мен әрпі
Сөздің басында,

ортасында





Екеуі де дауыссыз

Сөздің басында ғана кездеседі



ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?



ҮІІІ. Үйге тапсырма.

ІХ. Бағалау

Пәні: көркем жазу. Күні: 04.12.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Өө әріпі

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға ө әріпін көркем жазуға үйрету,олардың дыбыстық ерекшеліктерін айтып өту, әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау;

Дамытушылық мақсаты: 2. Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, жеке сөздерді тұтастыра жазуға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: 3. Сұлулыққа жаны құмар болып өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Әріптер үлгісі, жеке суреттер, қима парақшалар.

Сабақтың түрі:аралас.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап, көркем жазу.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. -Балалар, Қандай әріптерді білесіңдер? Қандай әріптерді көркем етіп жаздық?

ІІІ. Жаңа тақырып.

-Балалар,біз ө әріпін жазуды үйрене бастаймыз.

Жұмбақ жасыру:

«Өрікте»- сөздің басында,

«Бөрікте» - б-ның қасында.

Бұл қай әріп, көріңдер,

Енді айтып беріңдер. -Ө әріпі

Ө әрпі бар сөздерді атаңдар, ө әрпі сөздің қай жағында кездеседі?



Дәптермен жұмыс.

-№ 1 дәптерді ашайық, ондағы жазуларға зер салайық.

20-бет. Ө әрпін көркем етіп бастырып және жазып шығайық.

Сергіту сәті. Сендерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық! Бір – біріңе сендер де, тілеңдер біраз жақсылық.

Ү. Оқушы білімін бекіту:

Жаңылтпашты жаттату.

Шөмеленбеген шөпті ,

Мен шөмелемей,

Кім шөмелейді?

ҮІ.Қорытындылау.

-Балалар, бүгін біз нені білдік?

Ө әрпі бар сөздерді атау, сөйлемдер құрау.



VII . Үйге тапсырма:

Жаңылтпашты жатқа айту..



VIII.Бағалау

Пәні: дене шынықтыру күні: 04.12.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Қолдың бастапқы қалыптары

Сабақтың мақсаты:

Балаларды сапқа тұрғызу, бір тізбекте саппен жүру, жүгіруге, бағытты өзгерте жүру, жүгіру және шашырап жүгіруге жаттықтыру. Жалпы дамыту жаттығулары мен негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау барысында тұлғаның дұрыс дамуын қалыптастыру. Екі аяқпен еденнен(жерден) батыл түрде серпіле секіруге жаттықтыру. Гимнастикалық орындық үстінде тұлғаны дұрыс ұстап жүруге үйрету.


Қолданылатын құрал жабдықтар: шығыршық, көлбеу қойылған тақтай, гимнастикалық орындақ не бөрене, текшелер,доптар ,асықтар.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа дайындау.

Гигиеналық талаптар қою.
ІІ. Бөлім.

Бір қатар сапқа тұру, дене тұлғаларын дұрыс ұстап тұру қалыптарын тексеру; бір тізбекті сапта қолдарын белге қойып, тізені бүкпей аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, жүгіру; тізбекпен бағытты өзгерте жүру,жүгіру; бытырап жүру, жүгіру; бір тізбекте сап түзеп жүру; шеру жасап жүру.


ІІІ. Бөлім. Жалпы дамыту жаттығулары.

«Доп секірді». Б.қ.-н.т. қол белде. 1-2-3-сол аяқпен секіру. 4-5-6-оң аяқпен секіру. 7-8-9- екі аяқпен секіру (6 рет).


ІV.Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Тізерлеп отырып, жатып бір-біріне допты оң (сол) қолмен домалату.

«Қазым-қазым» қимыл-қозғалыс ойындары.
V. Бөлім. Қорытынды бөлім:

Қимыл қозғалысы аз «Кімнің дауысы?» ойынын ойнату, тыныс алу жаттығулары орындалады.




Пәні: әліппе күні: 05.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Ь белгісі.

Білімділік мақсаты: Оқушыларды жіңішкелік белгісімен таныстыру. Жіңішкелік белгісі дыбысталмайтынын ұқтыру.

Дамытушылық мақсаты: Дұрыс оқу дағдысын арттыру. Сөздерді дұрыс оқып, жаңа сөздермен сөз қорын молайту. Ой-өрістерін кеңейту,логикалық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа,тазалыққа,таза,көркем жазуға, сауатты-лыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі мазмұнды сурет.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

-Ч дыбысы қандай дыбыс ?

Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.

-Ч әрпіне қатысты сөздер жазғызу.



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:

а)Кіріспе әңгіме. Балалар, біз сендермен барлық дыбыс,Әріпті оқып біттік. Енді біз сендермен әңгіме ,ертегі жаңылтпаш, жұмбақ оқып аталарымыздыңәр түрлі шығармаларын өзіміз оқи алатын болдық.

ә) Ь белгісімен таныстыру.

б) Ол кейбір дыбыстарды дұрыс жіңішке етіп айтуға көмегін тигізеді. Мысалы: лагерь, рояль, альбом коньки.

д) «Болашақ чемпиондар» өлеңін жаттату.

Ү .Жаңа білімді бекіту.

1) Хормен оқыту. Лагерь,альбом,фильм,, конки ,рояль ,циркуль ,рельс ,компьютер.

2) «Лагерь» мәтін құрау.

3) «Лагерь жыры» өлеңін жаттау.

4) Дәптермен жұмыс: ь белгісін жазып үйрену.

5) Тақтамен жұмыс: сөз, сөйлем жазу.

Көру диктантын жазу.Лагерь.альбом, рельс, компьютер

ҮІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

-Біз бүгін немен таныстық?

-Ь белгісі дыбыстала ма?

-Оны не үшін қолданамыз?



ҮІІІ. Үйге тапсырма.

ІХ. Бағалау

Пәні: әліппе күні: 07.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Ъ айыру белгісі.

Сабақтың мақсаты:

1 Оқушыларды айыру белгісімен таныстыру, айыру белгісі дыбысталмайтынын ұқтыру.

Дамытушылық мақсаты: Дұрыс оқу дағдысын арттыру. Сөздерді дұрыс оқып, жаңа сөздермен сөз қорын молайту. Ой-өрістерін кеңейту,логикалық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа,тазалыққа,таза,көркем жазуға, сауатты-лыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі мазмұнды сурет.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру кезеңі :

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ .Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:

а)Кіріспе әңгіме. Біздің үй (мәтін) оқып, ъ дыбысының ролін түсіндіру.



Ү .Жаңа білімді бекіту.

  1. Хормен оқыту. Ъ жуандық белгісі. Ешқандай дыбыстың таңбасы емес. Дауыссыз дыбыспен кейбір дауысты дыбысты ажырататын таңба ретінде қазақ тілінде, орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады.

  2. Мысалы: разъезд, подъезд,Подъезд сөзіне дыбыстық талдау жасату.

2) Оқулықпен жұмыс:

а) Разъезд, подъезд сөздерін дұрыс оқытып жаттықтыру.

ә) «Біздің үй» мәтінін оқып беру.

1.Іштей оқыту.

2.Дауыстап оқыту.

3.Әңгімелету.

4.Сұраққа жауап алу.

Сергіту сәтін өткізу.



4) Дәптермен жұмыс: Ъ белгісін жазып үйрену.

5) Тақтамен жұмыс: сөз, сөйлем жазу.

Көру диктантын жазу.

лагерь. альбом, рельс, компьютер.подъезд,разъезд.



ҮІ Сабақты қорытындылау:

-Біз бүгін немен таныстық?

-ъ белгісі дыбыстала ма?

-Оны не үшін қолданамыз?



ҮІІІ. Үйге тапсырма.

ІХ. Бағалау


Пәні: математика күні: 05.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандардың ондықтары мен

бірліктері

Білімділік мақсаты: Оқушыларды бір және екі таңбалы сандармен таныстыру.Өрнектерге өздігінен жауабын таба білуге жаттықтыру. Жүйелі ойлауға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Ой-өрісін дамыту. Логикалық, шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа,тазалыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Білімге деген қөзқарасын ,құштарлығын арттыра отырып өздігінен білім алуға бейімдеу.



Сабақтың көрнекілігі: сандар қатары.

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын дайындату

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-10 санын қалай шығарып алдық?

- 10 саны қандай сандардың қосындысы?

-10 саны қай сандардан артық?



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

1) 0-10 дейінгі сандар не деп аталады?

2) Бір таңбалы сандарды ата.

3) Олар неге бір таңбалы деп аталады?

4) Екі таңбалы санды ата.

5) Ол неге екі таңбалы сан аталады?



Сергіту сәті:

Ү.Кітаппен жұмыс:

№1 «Жасырынып қалған сандарды тап» ойыны.

4 6 8 10 3 5 7 9 0 3 6 9

0 3 6 9 4 6 8 10 1 4 7 10

№2 Сандарды салыстыр

0< 10 10> 0 9< 10 10> 9

№3 Атаулы сандарды салыстыр

10см = 1дм 1дм =10см

9см < 1дм 10см= 1дм

ҮІ. Тақтамен жұмыс:

№4 Өрнек құрып мәнін тап.

3+2=5 1+3=4 2+1=3 2+3=5

4+1=5 2+2=4 3+1=4 1+2=3

№5 Өрнектердің мәнін тап.(дәптермен жұмыс)

2+5 3+3 6+1 4+4 8-6 10-5 9-4 7-7



Шығармашылық жүмыс: Бірдей алты суретті тап.

ҮІІ. Сабақты қортындылау:

ҮІІІ. Бағалау
Пәні: дене шынықтыру күні: 05.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Доппен орын алмастыру.
Сабақтың мақсаты:

Балаларды сапқа тұрғызу, бір тізбекте саппен жүру, жүгіруге, бағытты өзгерте жүру, жүгіру және шашырап жүгіруге жаттықтыру. Жалпы дамыту жаттығулары мен негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау барысында тұлғаның дұрыс дамуын қалыптастыру. Екі аяқпен еденнен(жерден) батыл түрде серпіле секіруге жаттықтыру. Гимнастикалық орындық үстінде тұлғаны дұрыс ұстап жүруге үйрету.



Қолданылатын құрал жабдықтар: шығыршық, көлбеу қойылған тақтай, гимнастикалық орындақ не бөрене, текшелер,доптар ,асықтар.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа дайындау.

Гигиеналық талаптар қою.

ІІ. Бөлім.

Бір қатар сапқа тұру, дене тұлғаларын дұрыс ұстап тұру қалыптарын тексеру; бір тізбекті сапта қолдарын белге қойып, тізені бүкпей аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, жүгіру; тізбекпен бағытты өзгерте жүру,жүгіру; бытырап жүру, жүгіру; бір тізбекте сап түзеп жүру; шеру жасап жүру.



ІІІ. Бөлім. Жалпы дамыту жаттығулары.

«Доп секірді». Б.қ.-н.т. қол белде. 1-2-3-сол аяқпен секіру. 4-5-6-оң аяқпен секіру. 7-8-9- екі аяқпен секіру (6 рет).



ІV.Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Тізерлеп отырып, жатып бір-біріне допты оң (сол) қолмен домалату.

«Қазым-қазым» қимыл-қозғалыс ойындары.

V. Бөлім. Қорытынды бөлім:

Қимыл қозғалысы аз «Кімнің дауысы?» ойынын ойнату, тыныс алу жаттығулары орындалады.



Пәні: дүниетану күні: 04.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы:. Күз мезгілі

Білімділік мақсаты:

Күз мезгілі жайлы мағлұмат беру.

Күз мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістер жайлы түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: Оқу дағдысын қалыптастыра отырып, білімін тереңдету.Ой-өрісін кеңейту,байқағыш қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Бақылауға,табиғатты аялауға,қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Күз мезгілінің суреті.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқу құралдарын дайындату

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

-Өсімдік не арқылы көбейеді?

-Тұқыммен көбейетін өсімдіктерді ата.

-Бұршақ тұқымында қанша жеміс бар?

-Тұқым көптеп өсу үшін қандай ерекше жағдайлар керек?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Күз мезгілі кіріспе әңгіме.

ә) Өлі табиғаттағы өзгерістер туралы әңгімелеу.

б) Күз туралы тізбектей оқыту.



Сергіту сәті.

Ү. Білімді тексеру.

1.Күз мезгілінде ағаш жапырақтарына көңіл бөліп,әңгімелеу.

2.Өсімдіктерді суреттеріне қарап салыстыру.

Дәптермен жұмыс



ҮІ. Білімді бекіту.

Күз туралы өлең оқып беру.

Күнімен де түнімен Жел гуледі, боздады, Күтіп тұр-ау қыс та алда,

Аралап жүр тоғайды. Ешкімге бас имейді. Сарғайыпты гүл дала.

Сумаңдаған суық жел, Ағаш басы қозғалып, Ұшып өткен құстарға,

Ағаштарды тонайды. Ақырындап билейді. Сапар тілеп тұр бала.


ҮІІ. Сабақты қорытындылау:


Күз



сары жапырақ жаңбыр

жел суық күн
Біз не жайында білдік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма

ІХ. Бағалау.


Пәні: әліппе күні: 07.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Білімділік мақсаты: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою.

Дамытушылық мақсаты: Дұрыс оқу дағдысын арттыру. Сөздерді дұрыс оқып, жаңа сөздермен сөз қорын молайту. Ой-өрістерін кеңейту,логикалық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа,тазалыққа,таза,көркем жазуға, сауатты-лыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

Разъезд, подъезд, съезд сөздерін тақтаға жазу



ІІІ. Білімді тексеру.

1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ән ұранымен таныстыру. Авторларын білу.

2.Бір шумағын жаттату.



ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ү. Қайталау

1. Жұмабақтар шешу арқылы әріптерді және дыбыстарды еске түсіру

Әсетте жоқ, Көлде бар, Жазуда бар, Маусымда бар,

Әселде бар. Сайда жоқ. Сызуда жоқ. Мамырда жоқ.

Әкетте жоқ, Төлде бар, Жылуда бар, Қауырсында бар,

Әкелде бар. Тайда жоқ. Қызуда жоқ. Қамырда жоқ.

(Л) (Ө) (Ж) (С)

2. Л,Ө,Ж,С, дыбыстары қандай дыбыстар?

3. Қазанда бар, Шкафта бар, Алмада жоқ, Шайнекте бар,

Қақпақта жоқ. Түймеде жоқ. Қиярда бар. Құманда жоқ.

Өзенде бар, Жирафта бар, Пайда да жоқ, Әйнекте бар,

Батпақта жоқ. Күймеде жоқ. Зиянда бар. Тұманда жоқ.

(З) (Ф) (Я) (Й)

4. З, Ф, Я, Й қандай дыбыстар? Й қандай дыбыстан кейін жазылады?

Я дыбысы қандай екі дыбыстың орнына дыбысталады? 5. Жаңылтпаш айту.

Ақ лағым семіз,

Ала лағым сегіз .

Ала лағым да семіз,

Ақ пағым да семіз.

ҮІ. Дәптермен жұмыс: Лл Өө Жж Зз сс Фф Яя и әріптерін дұрыс жаз.Ландыш, өрік ,жидек, қаз,сағат, ферма, тақия, айна.

ҮІІ. Сабақты қортындылау:



ҮІІІ. Бағалау

Пәні: еңбекке баулу күні: 11.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Түрлі-түсті қағаздан мозаика құрастыру.

Білімділік мақсаты: Мозаика тәсілімен түрлі-түсті қағаздан өрнек құратыруды үйрену.қағазды ұқыпты пайдалануға баулу.

Дамытушылық мақсаты: Ой-өрісін,әсемдік ,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.Жұмыс орнын таза ұстауға,бастаған ісін аяқтауға тәрбиелеу.

Жабдықтау: түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Еңбек құралдарын дайындату

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Мақсат қою:

тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.



ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Түсіндіру.

1,2 суреттегі мозайка түрлі-түсті қағаздан құрастырылған. Түрлі-түсті қағаздан әр түрлі фигуралар құрастыруға болады.Олар фигураларға белгілі бір сәнбереді.Мысалы: жираф, піл, көбелек, аққала т. б.

ә)бүгін біз алты қырлы фигурадан кілемше құрастырып үйренеміз.

б)бір түсті қағазды алты қабатттап бүктеу

в) бетіне алты қырлы фигураны қойып бастыру

г) бір келкі етіп қимылдатпай қиып алу

ІҮ. Білімді бекіту.

-Берілген фигуралар қандай пішіндерден құралған?

-Біркелкі пішіндерді қалай қиып алуға болады?

-Кілемше мозаикасының құралу ерекшелігі неде?



Ү.Аяқталған жұмыстарын талдау,көрме ұйымдастыру:

Өз бетіңмен мозаика құрастыр.



Пәні: музыка күні: 09.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Музыкалық серуен

Білімділік мақсаты: Оқушыларды серуенге шыққанда көңілді музыкамен шығу туралы түсінік беру. Оларды «Орманға серуен» әнімен , «Серуен» музыкасымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: Сөздерді дұрыс оқып, жаңа сөздермен сөз қорын молайту. Ой-өрістерін кеңейту,логикалық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа,тазалыққа,таза,көркем жазуға, сауатты-лыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Үнтаспадағы құстар дауысы, скрипкалық кілт,ноталар, ұзындығы 1,5 м 5 жіп, бор.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: музыкалық жанрлар: ән, күй, би, марш тыңдау, салыстыру,ажырату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет