Бағдарлама - жобаның ерекше түрі. Бағдарлама – алдымен құрлымдық қызметті орындайтын жобалау пәніне жетуге бағытталған нақтылы іс-әрекеттерді анықтауды алға қоятын жобаның ерекше түрі. Бағдарламаның құрылымына мақсат туралы мәлімет, ұсынылған өнім, оны алу құралдары, сонымен қатар өзгеру нысандары мен жобалау шеңберіндегі басқарушылық іс-әрекет рәсімдері енеді. Білім беру мекемелерінде кең тараған бағдарламалар қатарларына мыналар жатады:
Білім беру бағдарламалары;
Оқу бағдарламалары;
Жылдық іс-әрекет бағдарламасы (басқарушы, педагог, балалар ұжымы, ұйымның);
Жылдық немесе одан да көп даму бағдарламасы (ұйым, бірлестік, ұжым);
Нақты бағыт бойынша іс-әрекет бағдарламасы (мамандармен жұмыс бағдарламасы, зерттеушілік, тәрбиешілік іс әрекет бағдарламасы).
Барлық типтегі бағдарламаларды жоспардан ажырата білу керек. Жоспар педагогикалық іс-әрекетті реттеуге, жоспарлылық және жүйелілік, басқарушылық және нәтижелердің бірігуі сияқты педагогикалық үдерістерге талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге арналған. Жоспар- іс-әрекеттің мазмұндық бағдарларын беретін, оның тәртібін, көлемін, уақыт аралығын анықтайтын құжат. Түрі мен типіне, уақыты мен мазмұнына байланыссыз жоспар келесі қызметтерді орындайды:
бағыттайтын, ол іс-әрекет саласын анықтайды: жоспар жұмыстың мазмұндық шектерін бейнелейді, пәнді, педагогикалық іс әрекеттің нақты түрлері мен бағытын көрсетеді;
болжамдық: жоспар қажетті нәтижені нақтылы көрсетуге арналмаса да, жанама түрде мағынаны көрсетіп, нақтылы әрекеттер арқылы нәтижені көрсетеді;
үйлестірушілік немесе ұйымдастырушылық (ол жоспардың негізгі қызметі болуы мүмкін): жоспар бір жағынан іс әрекет қалай, қандай құралдармен ұйымдасатындығын және оның субьектісі мен обьектісі кім болып табылатынын көрсетеді, екінші жағынан, іс-әрекет тәртібін оның басқа түрлерімен байланысын көрсетеді, орнымен уақытын анықтайды, яғни кім, не, қашан, қай кезде деген сұрақтарға жауап береді;
бақылаушылық: біріншіден, педагогтың өзі жоспарды қолданып қойылған мақсаттардың орындалуын бақылай алады; екіншіден, жұмыс біткен соң жоспар шынайылыққа қаншалықты сай келгендігін тексере алады. бұл жағдайда оның сапасы айтарлықтай деңгейде педагогтың конпетенттілігін көрсетеді;
репродуктивтік: кез келген уақыт аралығаныда жоспар бойынша орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемін қалпына келтіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |