Сәулет, қала қурылысы және қурылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



Pdf көрінісі
бет16/70
Дата16.11.2022
өлшемі1,19 Mb.
#158448
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Байланысты:
Благоустройство

 
ҚР ҚН 3.01-05-2013 
10 
коммуникацияның вентиляциялық шахталары, телефон байланыс шкафтары 
жә
не т.б.) 
жатады. 
5.6.13 Далалық техникалық құрылғыларды орнату құрылғыға кедергісіз жетуді 
қамтамасыз етіп, ҚР ҚНжЕ 3.06.15 талаптарына сай келуі керек. 
5.6.14 Инженерлік құрылғылардың элементтерін безендіру қалыптастыратын 
ортаның абаттандыру деңгейін бұзбауы, техникалық шарттарға қайшы келмеуі 
жә
не 
қозғалыс шарттарын нашарлатпауы керек. 
 
5.7 Ойын және спорт жабдықтары 
 
5.7.1 Қала аумағындағы ойын 
жә
не спорт жабдықтары ойын, дене шынықтыру-
сауықтыру жабдықтарынан, имараттардан
жә
не (немесе олардың кешендерінен тұрады. 
5.7.2 Ойын жабдықтары сертификатталған, санитарлық-гигиеналық, баланың 
денсаулығы мен өмірін қорғайтын нормаларға сай болуы керект, техникалық қолдануда 
ыңғай
лы жә
не эстетикалық жағымды болуы керек. 
5.7.3 Ойын жабдықтарының конструкцияларына қойылатын талаптар ойыншықтың 
үшкір ұштары болмауын, олардың бала дене мүшелері қадалмайтындығын, қозғалыс 
жағдайында олардың жабдық элементтерінің астына түсуін жоққа шығаруы керек; 
жабдықтың ұстағыштарына баланың қолы толық жетуі керек; балаларға жедел көмек 
көрсету үшін ойын жабдығының кешенінде оның ішіне кіруге мүмкіндік беретін кем 
дегенде екі қуыс болуы керек.
5.7.4 Ойын жабдықтарын балалардың ойын алаңына орналастыру кезінде 
минималдық қауіпсіз қашықтықты сақтау керек. Қауіпсіз қашықтық шегінде алаң аумағы 
телімінде орындық, урна, борттық тастадың 
жә
не жабылғының қатты түрлері, сондай-ақ 
ағаштардың бұтағы, діңі, тамыры сияқты басқа ойын құралдарының болуына жол 
берілмейді. 
5.7.5 Халықтың барлық жастағы адамдарына арналған спорт жабдықтары спорттық, 
дене шынықтыру алаңдарында немесе рекреация құрамында арнайы жабдықталған жаяу 
жүретін коммуникацияларда (денсаулық жолы) орналастырылады. Спорт жабдығы 
жарақат алудан қорғайтын (жарықтардың, сынықтардың болмауы ж.т.б.), беті арнайы 
өңделген материалдардан дайындалады. Орналастыру кезінде сертификатталған 
жабдықтың каталогтарын басшылыққа алу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет