Тақырып: Бронх өткізгіштігі бұзылу(бронхтардың бітелу) синдромы



бет1/29
Дата20.10.2023
өлшемі4,08 Mb.
#186963
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 1 САГАТ (копия)


Тақырып: Бронх өткізгіштігі бұзылу(бронхтардың бітелу) синдромы (бронхообструктивті синдром).

Бронх бітелу синдромының 4 жолы:
Инфекциялық: бронхтар мен бронхиолдардағы вирусты не (немесе) бактериальды қабыну;
Аллергиялық: бронх құрылымдарының түйілуі және аллергиялық қабыну нәтижесі (түйілу қабынудан басым);
Обтурациялық (бітелу): бөгде денелер аспирациясы, бронхтар сыртынан қысылуы;
Гемодинамикалық: сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігіндегі қан іркілісінен.
Бронх бітелудің 4 механизмі
Бронхообструктивті (бронхтардың бітелу) синдром(ы) дегеніміз бронхтар өзегі тарылғаннан бронх өткізгіштігінің жайылмалы (диффузды) бұзылуы. Бронхтар бітелуінің (обструкциясының) механизмдері
Кері қайтымды
(қайтаруға болады, өткінші)
а) бронхтар бұлшық етінің түйілуі (бронхоспазм);
б) дискриния (қақырық тұтқырлығының өзгеруі) және бронх бездері гиперсекрециясы, мукостаз;
в) бронхтар және олардың кілегей қабатының қабынудан ісуі, инфильтрациясы.

Кері қайтымсыз
а) бронхтар өзегі тарылуы, деформациясы және облитерациясы;
б) бронхтар қабырғасының фибропластикалық өэгерістері;
в) сурфактантты өндіру төмендегеннен және бірте-бірте үдеген өкпе эмфизема-сынан ұсақ бронхтарының экспираторлы коллапсы;
г) трахея және ірі бронхтардың мембранозды бөлігінің ішке қарай экспираторлы пролапсы.
Біріншілік бронхообструктивті синдром – тыныс демікпесінің клиникалық-морфологиялық белгілері негізі (бронхтар гиперреактивтілігі, тұншығу ұстамалары); Екіншілік бронхообструктивті синдром – бронхитте, пневмонияда, туберкулезде, тыныс жолының бөгде денелерінде, гемодинамикалық бұзылыстарда кездеседі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет