Тәрбиешілерге арналған жадынама


БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҰСТАНЫМДАРЫ, ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ



бет25/34
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#118747
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Байланысты:
Тарбиеші құжаттары.doc

БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҰСТАНЫМДАРЫ, ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ


Мектепке дейінгі ұйымдарда балалармен жұмысты ұйымдастырудың мазмұны, әдістері мен түрлері білім беру процесінің негізі болып табылатын дидактикалық ұстанымдарға тәуелді. Барлық педагогикалық ұстанымдар бір- бірімен тығыз байланыста және баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған:
-баланың балалық шақтың барлық кезеңдерінде толыққанды өмір сүруі, оның дамуын жетілдіру;
-мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі;

-әрекеттің әр түрлерінде балалардың бастамасын қолдау;
-мектепке дейінгі ұйымның отбасымен ынтымақтастығы;
-балаларды қоғамның әлеуметтік мәдени нормаларына тарту;

      • әрекеттің әр түрлерінде баланың танымдық қызығушылықтары мен танымдық әрекеттерін қалыптастыру;

      • балалардың этномәдени даму жағдайын есепке алу;

      • өтпелі тақырыптар арқылы білім беру салаларын кіріктіру.

Білім беру процесін құру балалардың жастарына сәйкес жұмыстың түрлері мен әдістеріне негізделуі тиіс. Балалармен жұмыстың түрлері мен әдістерін таңдау мектепке дейінгі ұйым әрекеті бағытына, оның жабдықталуына, өңірлік ерекшеліктерге, педагогтің жұмыс тәжірибесіне және шығармашылық әлеуетіне
сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру процесінде мынадай әдістер қолданылады:

  • сөздік (әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу және т.б.);

-көрнекілік (бақылау, суреттер, иллюстрациялар, ойыншықтар мен заттар қарастыру; мультфильмдер мен спектакльдер қарау);

  • практикалық (жаттығулар, модельдеу, балабақша ауласынан тыс экскурсиялар, тәжірибе,эксперимент жүргізу);

  • ойын (қимылды, театрландырылған, сюжетті- рөлдік және т.б.). Кіріктіру ұстанымына сәйкес бір білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметінде бір уақытта басқа білім беру салаларының міндеттері де шешілуі тиіс. Бір өтпелі

тақырыптың төңірегінде білім беру процесін құру балалардың дамуына зор мүмкіндіктер береді. Оларда тәжірибе, эксперимент жүргізуге, негізгі дағдылары мен ұғымдық ойлауды дамытуға мүмкіндіктер пайда болады.
Тек мазмұн ғана кіріктірілмейді, сондай-ақ түрлі ұйымдастыру формалары, балалар әрекетінің әртүрлері де кіріктіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет