Әдебиеттер:
1.
Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. - Алматы: ҚАЗақпарат, 2000. - Б.
184.
2.
Храпченко М.Б. Познание литературы и искусства, теория пути
303
современного развития. - М.: Наука, 1987. - С. 79.
3.
Елеуісенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. - Алматы: Жалын, 1997. -
Б. 366.
4.
Соколов А.Н. Теория стиля. - М.: Знание, 1968. - С. 240.
5.
Поспелов Г.Н. Проблемы литературного стиля, - М.: Знание, 1970. - С.
256.
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., С. Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті
Сейпутанова Айымгүл Қамзақызы
СЕЙПУТАНОВА А.Қ., ИНТЫКПАЕВА Б.Т.
(ӨСКЕМЕН, ҚАЗАҚСТАН)
ТЫНЫШТЫҚБЕК ӘБДІКӘКІМОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ МИФТІК
САРЫН
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т. Айбергенов атындағы
сыйлықтың лауреаты, бірнеше мәрте Президент стипендиясының иегері,
«Шығыс шынары» атты Халықаралық ақындар мүшайрасының жүлдегері
Тыныштықбек Әбдікәкімов қазіргі поэзияға Нұрлан Мәукенұлы, Светқали
Нұржанов, Гүлнар Салықбаева, Жанат Әскербекқызы, Маралтай Райымбекұлы
сынды ақындар тобындағы толқынмен бірге келген. Аталмыш ақындарға
кезінде белгілі әдебиеттанушы, ҰҒА - ның академигі, ғалым Р.Нұрғали: «...бұл
ұрпақ ұлттық дәстүрлерді ғана емес, әлемдік үздік үлгілерді жақсы игерген,
әдеби дайындығы, эстетикалық талғамы аса мол толқын » - деп баға берген.
Тыныштықбек Әбдікәкімов - 1953 жылы 20 маусымда Шығыс Қазақстан
өңірі, Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген. Көнедегі Көк
түріктер әуенін жаңғыртып, бүгінгі поэзияға өзіндік өрнек салған ақиық
ақыннның қаламынан «Ақшам хаттары», «Рауан», «Қас Сақ Аңқымасы», т.б.
жыр жинақтары жарық көргені мәлім. Ақынның жауһар жырларында адам
ғұмырындағы қуаныш пен қайғы, махаббат сезімінің тылсым сырлары,
жалғыздықтың жан азабы, адам рухының екіұдай болып жарылуы, өмір мен
өлім арасындағы күрес, ғарыштық әуендер, қамшының сабындай пенде ғұмыр
мен мәңгілік уақыт сарыны, адам мен табиғат арасындағы диалектикалық
байланыс немесе қарама - қайшылық, бағзы заманнан жеткен мифтік сарын –
желідей тартылып, сан алуан сөз кестесімен құбылып, бейнелі бедер тауып,
қайталанбас даралық сипатын танытып, ақындық стилін айқындай түскен.
Қазақ жазба әдебиетіндегі кейіптеу тәсілі Абай поэзиясынан алғаш көрініс
тапқаны белгілі. Мұндағы кейіптеудің өзі көне мифтегі анимизммен сабақтасып
жатыр. Бұл туралы ағылшын ғалымы Э.Тэйлор өзінің «Алғашқы қауымдық
мәдениет» атты еңбегінде анимизмнің мифологиялық мәніне, шығу тарихына,
оның екі бөлігін: жан мен өзге рухтар туралы, жанның өлімнен кейінгі
әрекетіне, тірілу туралы түсініктерге, болашақ өмір, екінші мәрте өлім, өлілер
әлеміндегі рухтың саяхаты туралы түсініктерге, жер үсті және жер асты
әлеміндегі жағдайларға, анимизмнің діни табиғатына жан - жақты талдау
304
жасайды [1, 259 - б.]. Мифологиялық сөздікке жүгінсек, «Анимизм – қоршаған
орта мен табиғат құбылыстарының рухы, жаны бар деп пайымдаған түсінік.
Анимизм алғашқы қауымдық дін негізінде және алғашқы адамдардың табиғат
күштері алдындағы дәрменсіздігінен туындаған. Мифология анимизмді
орманның, таудың, ағаштардың, бұлақтың, өзеннің, жел мен толқынның жаны
бар деген сенімінен туындағанына куәлік етеді. Жыл мезгілдерінің ауысуы,
тасқынның болуы, дауыл, т.б. құбылыстарды ежелгі адамдар табиғаттың жанды
күштері түрінде түсініп, адамға тән іс - әрекетке ие адам бейнесінде
қабылдаған» [2, 12-б.]. Ғалым С.Қасқабасов осы анимистік наным - сенімнің
көркем әдебиеттегі кейіптеумен сабақтастығын көне мифтің көркем
мифологияға айналуы ауқымынан қарастырады [3, 91- б.]. Кейіптеу үлгілері
қазақ фольклорынан бастап бүгінге дейінгі әдебиетте де, өзге халықтың көркем
туындыларында да көптеп кездеседі. Мифтік сипаттағы кейіптеу үлгілерін
жазба әдебиет поэзиясында жоғарыда айтқанымыздай Абайдан бастап, әр кезең
поэзиясына сиқырлы сөз кестесімен ерекше өрнек салған Мағжан Жұмабаев,
Мұқағали Мақатаев, Есенғали Раушанов, Жанат Әскербекқызы, Тыныштықбек
Әбдікәкімов сынды ақындар шығармашылығынан молынан ұшыратуға болады.
Мысалы, Тыныштықбек Әбдікәкімов поэзиясындағы мифтік сипат ақындық
дүниетанымының кеңдігін, көзқарасының тереңдігін әрі дүние - құбылысты
қабылдауында ешкімге ұқсамайтын даралығын байқатады:
... Қайдасың сен, бауырым - қоңыр тауым?!
Қайдасың сен, самал жел - қарындасым?!
Қайнамайды мендегі қалайша қан:
(Қаңтарда да көрмедім балауса қар!)
Көз алдымда барасың сен үзіліп,
Көде мұртты Далам - ай, селеу сақал!
Түсіндіре алар ма мұны ғалым,
Түйсіктердің сайрағыш тілі қане?
Көрсетпеші бұралқы итке айналып,
Ағысы жоқ арнаның ұлығанын! [4,23 - б.].
Бұл өлеңнің өн бойында лирикалық қаһарман өзін туған өлкесі
табиғатының бір бөлшегі ретінде танытқанымен, айналаға көрік беріп, мен
мұндалайтын тауынан, бетті өбетін самал желінен, «көде мұртты, селеу сақал»
даласынан айырылып, сұлу табиғаттың сұрқы кетіп, әдеміліктің ауылы алыста
қалғанын, соған кінәліні іздегендей ғалымнан жауап сұрауы мифтік таным,
түсініктің адамзат санасының даму барысында трансформацияға ұшырап, басқа
мақсатқа - көркемдік - эстетикалық қызметке ауыса отырып, экологиялық
мәселені көтеруімен ерекшеленеді. Осы орайда белгілі ақын Жанат
Әскербекқызы мен Т.Әбдікәкімовтің ақындық әлеміндегі адам мен табиғат
арасындағы диалектикалық байланысты, табиғат трагедиясын суреттеуде
өзара үндестікті байқауға болады. Алайда, әр ақынның өзіндік сөз саптау
үлгісіндегі ерекшелікті, дара стильді де аңғару қиын емес. Жанат ақынның:
Бәрінен де жұрт оны биік депті...
Тұратын - ды сол терек сүйіп көкті,
Сайтан құйын бір күні ойнақтап кеп,
305
Тамырымен қопарып жұлып кетті.
Жатты терек. Жай емес жылап жатты.
Жансыз ағаш, зар - мұңын кім аңдапты.
Жапырағы төгіліп көз жасындай
Жүрер жолда көлденең сұлап жатты... [5].
деген өлең шумағында «сайтан құйынның ойнақтап кеп» теректі
тамырымен қопарып, жұлып кетуі, яғни, өктем күштің әлсізге әлім жеттік
жасауы және теректің де адамға тән әрекеті кейіптеле суреттеліп, сол арқылы
лирикалық қаһарманның көңіл - күйі табиғат суретінің бойына сіңіп, өзгеше бір
көркемдік тәсілмен өрнек тауып, ақынның өзіне тән стилін танытқан. Сайтан
құйынның қиянатшыл әрекетінен қорғана алмаған теректің халі трагедиялық
қалыппен көрінген. Көркемдік шындық тұрғысынан терек болып бейнеленген
образдың ақиқат өмірдегі нәзік жанды, қорғансыз қыз табиғатынан еш
айырмасы жоқ деуге болады. Өлеңдегі сайтан құйын өмірдегі жағымсыз
сипаттағы типтерге ұқсас. Жоғарыдағы талдау мифологиялық ойлау жүйесіне
тән анимистік наным - сенімнің көркемдік ойлау шеңберінде метафоралық -
символдық мәнге ұласа отырып, сыршыл сезімге толы өлеңнің өзегі болғанын
аңғартады. Аталмыш ақындар қазіргі қазақ поэзиясын тың арнаға бұрып,
өлең техникасы мен мелодикасына, көркемдік әлеміне ерекше жаңалық әкеліп,
құбылысқа айналғандар десек, еш артық айтпаған болар едік.
Т.Әбдікәкімов Адам-қоғам-уақыт жаңалықтарын, замана келбетін ақындық
дүниетанымы, пайымдауы тұрғысынан парасаттылықпен, сезім сергектігімен,
таным тереңдігімен жаңаша жырлайды.
… Мен бейшара Даламның айтқан сырын,
пенделердің тіліне аударамын!
Ей, Уақыт, сөз берме,
Берсең маған
Ұлып шыққан ойлардың кезегін бер! [4, 20 - б.]-
дейді. Ақын ұлы Даланың сырын ұғып, тереңнен ой толғап, соны өлең
үлгісіне көшіруге өлердей ынтық, құштар. Мұнда ақын өлеңін бейне бір өзі
жазып отырмағандай, тек Даланың сырлы жырын жүрегімен тыңдап, жанарына
көшіріп, қағаз бетіне түсіргендей. Осы орайда белгілі ақын Серік Ақсұңқарұлы:
«Жалпы, Т.Әбдікәкімов нені айтып, нені жазса да тыңнан жол салуға шебер.
Оған айсыз түнде даласы мен дарыны адастырмайтын, жалғызсыратпайтын
жансерік. Ақын арманы - табиғаттың қаз қалпында сақталуын аңсау» - дейді [6,
417 - б.].
Тоналған табиғат, күйкі тірлік құрбаны болып кеткен адамдарды көрген
ақын сан қилы ой жетегіне ілеседі:
Тағдырыңа тақсырет тап болды ма,
Сыртыңда - шөл, жұртым-ай, ішіңде - шер?!
…Неге, неге, мына жұрт салғырт, керең?
Ойлай білер ұлдары мәңгүрттенген…
Ұлттық намыс, ел болашағы туралы толғаныстан туған мұндай әрі мұңды,
әрі жігеріңді қамшылайтын қайсар жырлар Тыныштықбектің ақындық
талантына тәнті етері сөзсіз.
306
Дала - ақын өлеңдерінде көбінесе жанды бейнеде көрініс тауып, әрі
кейіптеу, әрі символдық тәсіл ретінде сипатталғанын жоғарыда да айттық.
Демек, Дала - Тыныштықбек үшін, ең бірінші, өзі туған өлкесі-Шыңғыстау. Ол
аймақ Семей даласының ядролық алаң полигоны болғаны белгілі. Екіншіден,
Дала-қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімі.
Күн кірпігін ашқанда, тақыр Дала көрінген,
Қалаға да сол тақыр қорқынышты өлімнен.
Қасқыр да жоқ ол жақта
Арқар да жоқ. Құрыған.
Тек иттері мияулап, мысықтары ұлыған.
Жер төсіне сол жақта Атом сынақ қаққан-ды
Мекендейтін халқы да қара халық ақ қанды [4, 76 - б.].
Мұндағы «тақыр дала», «ақ қанды қара халық» – тамыры тереңге кеткен
ұлт трагедиясы. Ақын иттерді мияулатып, мысықтарды ұлыту арқылы
табиғатта пайда болған қатерлі дисгормонияны, экологиялық апатты өзек етіп,
қабырғасы қайыса, жүрегі қан жылай отырып, азаматтық ішкі ой арпалысын,
жан айғайын, арманын аңғартады. Ақын арманы - «қайткен күнде далаға жан
кіргізу», сол үшін өзін «құрбандық етуге де» дайын шешімі.
«Сор тағдырға көнген сор даланың» сұрғылт келбетін, аянышты халін
баяндайтын «Сөз сүйегін өлшемес, мұңды өлшегін», «Қара дала», «Бір тал үкі»
т.б. шығармаларында табиғат экологиясы ғана емес, адам баласының рухани
әлеміндегі экология да барынша терең философиямен астасып, адамзаттық
проблеманы қозғаған.
Академик С.Қирабаев: «Қазақ халқының ұлттық ой-санасының жүдеп бара
жатқанын көрген зиялы азаматтар 1960-70 жылдардан бастап, халық
тарихының оқиғалары негізінде ұлттық сананы оятып, тәрбиелеуге көркем
әдебиетті пайдалану мақсатын қойған еді», - дейді [7, 224 - б.]. Сол
зиялылардың қатарындағы Т.Әбдікәкімов те өз өлеңдерінде өткен тарихқа көз
жіберіп, бүгіннен ой толғағанын аңғаруға әбден болады. Мысалы, «Қайран»
өлеңінде Абайдың сыншылдық дәстүрін жалғастыра отырып, қазақ мінезін
егжей-тегжейлі сөз ету арқылы өзіне тән сөз саптау үлгісін танытқан. Бұл өлең
ұлт мінезінің жағымсыз жақтарын сынаумен ғана емес, олардың ұлт тағдырына
тигізген әсерін қоса жырлайды.
Мен - қазақпын,
Зарығымда қан жылап,
Суқанымда сүт күлген!…
Мен - қазақпын,
Делебемнен селебем,
Кезенемнен кебенегім бар!
Мен - қазақпын
Дәтім кәлимадан да ауыр
Зәрем жаһаннамнан да терең.
Осы жолдардан ақынның жұртым деп соққан жүрегі, ұлтына деген ыстық
махаббаты айқын көрінеді.
307
Ақын туралы Ә. Кекілбаев: «Бұл – менің бұрын-соңды көрмеген де,
естімеген де қаламгерім. Ешкімді қайталамайтын, қазақ өлеңдерінде ара-тұра
ұшырасып қалып жүрген талай-талай соны соқпақтарды соңына дейін жеткізіп,
айдын жолға салған аршынды, сонысымен де көзіне ол туралы сойқан
елестейтін айбынды ақын. Бұрын-соңды болмаған ақын... Басқасын қойғанда,
ырғағымен, әуезі, көз тастасы мен сөз саптасының өзі талай-талай жайттарды
жадыма салды... Тынышбек Әбдікәкімовті де біреу ұғар, біреуі ұқпас, біреу
құптар, біреу құптамас, бірақ ол ешкім елемей кете алмас, ескермей қала алмас,
айрықша нысаналы ақын.. », - деген екен.
Расында, Т. Әбдікәкімовтің ғажайып, сырға толы ақындық әлемі
оңайлықпен, бірден айқара ашыла салмайды. Қайта-қайта оқи отырып, кестелі
сөздерін сөйлету арқылы ой түйінін тарқатып, құпия кілтін табуға, тереңіне
бойлауға қадам басатыныңыз сөзсіз. Сондықтан да ақынның жауһар
жырларындағы сөз түйдегін, ой салмағын түйсіктің таразысына салып, сана
сүзгісінен өткізу үшін оқырманның өзінен пайымды парасаттылықты, таным
көкжиегінің кеңдігін, білімпаздықты талап етеді.
Болашақта ақын жырлары арнайы зертеу нысанына алынып, жан-жақ
қырынан зерттелетіні сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |