Тақырып: 1990 жылдардағы кезең әдебиетіндегі жанрлық-көркемдік ізденістер және өмір шындығы
Дәріс мақсаты: Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттегі жанрлық, тақырыптық ізденістерді айқындау.
Тәуелсіздік жылдардағы қазақ прозасында бүгінгі өмірдің тыныс-тіршілігін, қазіргі заманның қаһармандарын, олардың есте қаларлықтай бейнесін, тіршілік-тағдырын сол кезеңдердегі әлеуметтік ортамен, қоғамдық-саяси шындықпен астастыра, сабақтастыра бейнелеген көркем шығармалар аз жазылмапты. Сол арқылы қазақ әдебиеті де өз кезегінде көркемдік дамудың жаңа белесіне қол артып отырған.
Осы топтағы туындыларды атағанда алдымен бүгінгі өмір тақырыбына қалам тербеген бір топ қазақ қаламгерлерінің есімін атауға болады. Бұл қаламгерлер әсіресе қазақ прозасындағы өнер тақырыбын, яғни сол өнерді дүниеге әкелетін өнерпаз тағдырын сол кезеңдегі тарихи, әлеуметтік-қоғамдық шындықпен сабақтастыра бейнелеу мақсатындағы айтулы, салмақты көркем туындыларымен оқырман жүрегіне жол таба алды. Олар: қазақтың дарынды, суреткер қаламгерлері –Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, С.Жүнісов, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, С.Сматаев, Ә.Сарай, І.Жақанов, М.Ысқақбай т.б.
Соңғы жылдары әдебиетте ой еркіндігімен, талғам биіктігімен танылып үлгерген бір топ жас буын өкілдері бар. Сол топтан шыққан Асқар Алтай, Жүсіпбек Қорғасбек, Талаптан Ахметжан, Нұрғали Ораз, Жаңабек Шағатай, Роза Мұқанова т.б. сынды суреткерлердің соңғы жылдары жазған әңгімелері мен повестері нарықтық тарихымызға да, қоғам өміріне де ықпалы болғандықтан, бүгінгі қазақ прозасының мазмұнына айналды. Әр жазуның өзіндік ерекшелігі. Әдебиеттегі орны.
Қазіргі қазақ әдебиетінде жаңашыл ізденістер модернистік және постмодернистік сарындағы көркем шығармалар. Мұхтар Мағауин, Төлен Әбдіков, Асқар Алтай, Дидар Амантай, А. Кемелбаева т.б.
Қазақ әдебиетінің тарихында еліміздің тәуелсіздік арнасына түскеннен кейінгі кезеңі өзіндік даму бағытымен, көркемдік ізденістерімен ерекшеленеді. Тәуелсіздік әкелген өзгерістерді, рухани әлеміміздегі желісі үзілмеген тарихи сабақтастықты, азат сана тудырған айшықты оралымдарды осы кезеңдегі ақындар шығармашылығынан айқын аңғарамыз. Тың тыныс, соны серпінді байқаймыз. Әрине, ұзақ жылдарға созылған азаттық таңын аңсау мен оған жету жолындағы қоғамдық күрестердің һәм олар туындатқан тарихи оқиғалардың төл поэзиямызға тигізген әсері ерекше екендігі сөзсіз. Ұсынылып отырған зерттеу еңбекте тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының даму үрдістері, қазіргі поэзияның көркемдік тұтастығы мен бейнелеу құралдары, түрлік-пішіндік, идеялық-мазмұндық ізденістері жан-жақты талдау нысанына айналған.
- М.Шаханов, Н.Оразалин, С.Ақсұңқарұлы, Н.Айтов, Е.Раушанов, Иран-Ғайып, С.Нұржан, Н.Мәукенұлы, Т.Әбдікәкімов, Г.Салықбай, Ж. Әскербекқызы, М.Райымбекұлы, Ж.Сәрсек, Ә.Балқыбек, Ә.Ыбырайымұлы, Б.Бабажанұлы, Д.Берікқажыұлы және А.Темірбай т.б. қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық рухтағы поэзия тудырған ақындар;
- тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармаларда постмодернистік үрдіс белең алып келеді;
- көне түркі әдебиетінің қазіргі поэзиядағы көрінісі мен сарынының сөз түрінде берілуі – тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттің негізгі жетістіктерінің бірі;
Осы аты аталған қаламгерлердің туындыларының барлығына тән ортақ мақсат – қазақ елінің, қазақ ұлтының әр ғасырда, әр қилы тағдыр кешкен айтулы тұлғаларының ел тарихындағы орнына баға беру, олардың күрделі бейнесін көркемдік тұрғыдан жинақтау болды. Осы мақсат жолында әр қаламгер өзіндік суреткерлік ізденістері мен стильдік мәнер-машықтарын, жазушылық қолтаңбаларын танытты. Осы арқылы әрқайсысы өзінің көркемдік биігіне көтерілді.
Қазақ поэзиясындағы еркіндік, тәуелсіздік мәселелері адамзат жаралғалы бері айтылып, жазылып келе жатқаны белгілі. Сондықтан тәуелсіздік жолындағы күрестердің ішіндегі киелісі болғандықтан, адамзат баласын ықылым замандардан бері өзінің еркіндігі мен бостандығының шектелмеу мәселелері толғандырып келеді. Жеке адам ретіндегі бостандық танымы, адамзат баласы белгілі топқа бірігіп, қоғамдық орта құруға талпынған кезде ел еркіндігі мен азаттық идеясына ұласа бастаған. Сондықтан біздер азаттықтың тарихи идеясын олардың жүріп өткен жолдарынан, яғни рухани құндылықтарымыз – тарихи ескерткіштерді, жылнамалар мен жазбаларды, фольклорлық шығармаларды, басқа да әдеби туындыларды зерделеу арқылы көрсету.
Өткен тарих бүгінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, бүгінгі ел басқару мәселесінде идеологияның рөлін атқарады. Осы ретте Күлтегіннің көк тасының елімізге әкелінуінің ұрпақ үшін маңызы зор;
Дүниені құрайтын алтын өзек желілердің жалғасын тауып, қазақ хандығы құрылған уақыттағы жыраулар әдебиетінен де көрініс тапқан;
Романтикалық ағым, түркішілдік сарын Мағжан ақынның санасындағы азаттық таңының сәулелі көрінісі болатын. «Алыстағы бауырыма» атты өлеңіндегі азаттық идеясы осы ойымызды негіздейді.
Қазақ халқы ХХ ғасыр басында бас көтерер азаматтарынан, рухани көшбасшыларынан айрылып, біршама уақыт бағдарсыз қалғандай күй кешкені ақиқат. Мұның рухани әлеміміздегі жетекші салалар – әдеби шығармашылыққа да кері әсері тимей қоймады. Кеңестік идеология ұлттың тарихи жадын әлсіретіп, рухани сабақтастықтың үзілуіне алып келді. Соған қарамастан, азаттық идеясы ауық-ауық жаңғырып, тәуелсіздік жолындағы күрес ешқашан толастаған емес. Қайта уақыт өткен сайын ол шыңдалып өсе берді, жетіліп өркендей берді. Қасым жырларының романтикасы, Мұқағали өлеңдерінің лирикалық лебі, Фариза шығармашылығындағы мінез бен өрлік, Төлеген жырларындағы мәңгілік сағыныш сарындарынан, одан кейінгі Кеңшілік, Жұматай, Жарасқан т.б. ақындар өлеңдерінен азаттық таңын аңсаған, тәуелсіздік идеясын тербеген желілерді табу қиын емес.
Т. Әбдікәкімұлын, Н. Мәукенұлын, С. Нұржанды, Г.Салықбайды, Ж. Әскербекқызын, М. Райымбекұлын, одан кейінгі толқыннан Ж.Сәрсекті, Б. Бабажанұлын, Б. Алдиярды, Д. Берікқажыұлын атауға болады. Бұл буын Кеңестік дәуірдің соңғы қыспағын көрді және тәуелсіздік отының тұтануына оттық болған желтоқсан оқиғасына кейбіреулері куә болса, ал көрмегендері лебін сезінді.
Жалпы табиғат құбылыстары тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармаларда анимистік сипатқа ие болып, оның образдық айқындаушы күшіне айналды;
Ж.Әскербекқызының да шығармашылығынан орын алған. Идеал-образ дегенде ақындардың оларға табына қарауы немесе оларды аспани қасиеттермен көмкеруі жоқ. Идеал-тұлға – ол ақынның тұтас шығармашылығынан орын алған, лирикалық кейіпкерімен тіл табысатын объекті ретіндегі бейне. Лирикалық кейіпкер онымен қоян-қолтық араласып кеткен, жанына жақын да сол, одан тым алыс та сол.
Бақытжан Алдияр мен Дәурен Берікқажыұлын атауға болады. Бақытжан өзінің сыршыл да нәзік лирикасымен оқырман қауымды баурап алса, Дәурен еуропалық поэзия үлгісін қазақы қара өлеңмен көмкеріп, тамаша туындылар жазған ақын. Поэзия алаңына еркін ойлау, қарымды қалам кеңістігін қамтуға болатын уақытта шыққан ақындардың талантына заманы сай келетін мезеттің туғанын аңғаруға болады.
Қытай қазақтарының ортасынан Қазақстанға қарай жол шеккендердің қатарында М.Бұштайұлы, Б.Қазанғапұлылармен қатар жас ақындар Мағиза Құныпияқызы мен Білісбек Әбдіразақтың өлең өнеріндегі өрнекті қолтаңбалары айқын.
Тәуелсіздік алған елдің тарихи-генетикалық танымымен, ұлт болып қалыптасу арналарымен тығыз байланысты рухани құндылықтар.
Ақындарымыздың көне түркілер сарынына бойлауы жиілей бастауы.
Ең бастысы бабалар мұрасына, ұлттық руханиятымызды құрайтын құндылықтарға деген жаңаша көзқарас қалыптасты.
Жыраулық дәстүр – төл әдебиетіміздің бастау бұлағы. Олардың көркемдік қуаты қазіргі лирикалық поэзияның стильдік ерекшеліктерінің бірі болып қалыптасып отыр. Поэзиядағы фольклорлық желілер дегенде ең басты мәселе қазіргі ақындардың фольклорлық кейіпкерлерді және оқиғаларды өз шығармаларына арқау етіп алуын айтуға болады. Ақындар фольклорлық желілер арқылы шығармашылыққа жаңа тыныс беріп, ауыз әдебиетінің кейіпкерлеріне жаңа заманда құлаш жаю үшін жаңа кеңістік ашқанын айқындадық.
Әдебиетте Мағжан дәстүрінің негізгі көрінісі ретінде символистік және романтикалық бағытта жазылған шығармаларды атауға болады. 90-жылдардың басындағы әдебиет өкілдері символизмді, метафоралық ойлау жүйесін, меңзеу, тұспалдау әдіс-тәсілдерін шығармашылық барысында терең қолданып, жаңа заман поэзиясының көркемдік қуатын арттыра білді.
Қазіргі поэзияның даму арнасы модернистік және постмодернистік бағытта дамып келе жатқаны анық. Соңғы кездері әдеби қауым атап жүрген көптеген «измдерден», біздіңше, ат-тонды ала қашудың еш реті жоқ. Себебі әдеби дамудың бағдарын айқындайтын және салмағын саралайтын да қазіргі кезде әлемдік әдебиетте қалыптасқан сол «измдерді» қарастыратын, соларды басшылыққа алатын теориялық ілім мен ағым-бағыттар. Түркілік сарын бағытында жазып жүрген және біршама жетістіктерге жеткен ақындар ретінде Т. Медетбек, Ұ. Есдәулет, Н. Айтов, С.Ақсұңқарұлы, Н. Мәукенұлы, Е. Раушанов тағы басқалармен қоса Ж. Әскербекқызын атауға болады. Ең алдымен атап өтетін мәселе Н. Мәукенұлының лирикалық өлеңдерді жыраулық дәстүрге сала білгендігі. Яғни жыраулар толғауындағы күрескер романтикалық рухты, нәзік лиризммен тербелген лирикалық кейіпкердің алмастыруы байқалады. Жыраулар жырларындағы қайсарлық нәзік психологиялық иірімдердің өзегінен орын тебеді.
Ақын өлеңдерінде берілетін көне сөздер, тұтас тіркестер, құрылымдық ерекшеліктер оның жыраулар дәстүрінің өкілі екенін аңғартса, сол дәстүр аясындағы лирикалық, психологиялық және драматизмге толы өлеңдері ақынның жаңашылдық сипатындағы жетістігін көрсетсе керек.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 2012.
2. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.- Алматы, 2010.
3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6 том. – Алматы, 2005.
4. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Алматы, 2002.
Қосымша:
1. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух. - Алматы, 2010.
2. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. - Алматы, 2002.
3. Исмакова А. Возвращение плеяды. — Алматы, 200
4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы, 2014.
№15 дәріс, 15 - апта, 1 сағат
Достарыңызбен бөлісу: |