«Ядролық энергетика» Сабақтың мақсаты: Аймақтық компонетті қолдана отырып оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін табиғат, қоғаммен байланыстыра білуі, білім алу кезінде шығармашылық ізденістерін дамыту Міндеттері - Білімдік: Тарау бойынша атом ядросы, радиоактивтік, радияциялық сәулелердің пайдасы және зияны , оның медицинада, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте қолданылуы туралы түсінік. Оқыту үрдісінде ғылыми мағлұматтармен қамтамасыз ету, ғылыми деректерді келтіру.
- Дамытушылық: Оқушыларды ойландыру, алған білімін пайдалануға, ой қорытуға үйрету, танымдық қызығушылығын, құзіреттілігін дамыту;
- Тәрбиелік: Өлке тану ұстанымын- сабақта жергілікті жердің және туған өлке материалдарын пайдалану, экологиялық, елжандылық қасиетін тәрбилеу.
- “Жер шарының климатының салыстырмалы жылуының қауіпті жоғарлануына байланысты, ядролық реактор – оттегі диоксидін атмосфераға шығармайтын және электр энергиясын өндірудегі сұранысты қанағаттандыратын құрал болып табылады.”
- Д. Кид.МАГАТЭ мүшесі
« Экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан қарастырсақ елдің радиациялық ластануы –ең басты қауіп болып есептелінеді. Мүмкін біз ол қауіптің деңгейін жоғарлатуда шығармыз, бірақ Семей, Чернобыль апаттары бұған дәлел.» А. Яблоков РҒА мұшесі Антуана Беккерелдің жаңалығы - Ақпан 1896 жыл Париж
- Тәжірибе: Беккерель фотопластинаны тығыз қара қағазға орап, үстіне уран тұзының қиыршықтарын сеуіп, ашық күн сәулесіне қойды. Айқындағаннан кеін пластинаның тұз жатқан бөліктері қарайғанын көрген.
- Ендеше, уран, рентген сәулесі сияқты, мөлдір емес денелерден өтіп, фотопластинаға әсер ететін белгісіз сәуле шығарады. Беккерель бұл сәуле шығару күн сәулелерінің әсерінен пайда болады деп ойлады. Бірақ 1896 жылының ақпанның бір күнінде ауа райы бұлтты болғандықтан, кезекті тәжірибені өткізу сәті түспеді де, Беккерель үстіне уран тұзы себілген мыс крест жатқан пластинаны үстелдің суырмасына салып қойған. Екі күн өткен соң пластинаны алып айқындаған кезде, онда крестің айқын көлеңкесі түрінде дақ пайда болғанын байқаған. Бұл уран тұздарының сыртқы факторлардың әсерінсіз ақ, өздігінен белгісіз сәуле шығаратынын көрсетеді.
- 1903 жылы Нобель сыйлығына ие болды.
Радийдің ашылуы - Пьер Кюри 1859 – 1906
- Мария Склодовская – Кюри 1867 – 1934
- 1898 ж. Францияда Мария Склодовская Кюри және басқа да ғалымдар торийдің сәуле шығаратынын байқаған. Ол Париж университетінің тұңғыш әйел профессоры. Мария Склодовская Кюри өзінің ері П.Кюримен бірігіп, жаңа радиоактивті элементтер полоний мен радийді ашып, олардың қасиеттерін зерттеді. Ол уран рудаларын өңдеу мен анализдің классикалық әдісін жасады, бірқатар жылдар бойы радиоактивті сәуле шығарудың касиетін, олардың тірі жасушаға әсерін зерттеді.
- Пьер Кюри және Мария Склодовская – Кюри Нобель сыйлығынын радиоактивтікті ашқаны үшін алды
Адамзатқа от сыйлаған Прометей әділ болды ма ? - «Қас қағым сәтте температура миллиондаған градусқа жетіп, көз қарықтырарлық қуатты сәуле пайда болады. Уран және оның төңірегіндегі заттар газға айналады. Аса қызған газды шар шапшаң ұлғая отырып жолындағының бәрін күйретіп, күл-талқанын шығарады. Атомдық бомбаның жарылысы кезінде пайда болатын реакция өнімдері өте радиоактивті және олар табиғатқа, тірі организмдерге аса қауіпті. »
- У.Лоуренс
-
Біз есте сақтаумыз керек ! Чернобыль - 26. 04. 1986 жылы 01 сағат 23 минут 40 секунд уақытында Чернобыльдегі АЭС-ның төртінші реакторында жарылыс болды, станция кызметкерлері жіберген қателіктер мен оның конструкциясында кеткен ақаулардың кесірінен болған реактордың белсенді аймағында бүліну қауіпі байқалды.
- Бірінші жағдай саркофаг құрылғысын орнату керек болды. Саркофаг бұзылған реактордан радиоактивтік элементтерді ауаға, қоршаған ортаға шығармауға жағдай жасады.
Саркофаг - Биіктігі 61 метр, қабырғаларының қалыңдығы 18 метр. «Саркофагты" орнатуға арнайы өздігінен қозғалатын крандар қолданылды.Крандар телевизиялық бақылау камераларымен жабдықталған болды. Саркофагтың құрылымы:ауа тазартқышы, еріксіз салқындатқыш жүйесі және нейтрондардың шапшаңдығын азайту негізінде бор ерітіндісі бар ыдысынан тұрады. «Саркофаг" қондырғысын жасауда біздің жерлесіміз Ахматханов З қатысқан.
ЧАЭС апатының зардабы - Чернобыль АЭС апатының негізінде аймақтың, ғимараттардың, жолдардың, тоғай, орман массивтерінің және су қоймаларының радиоактивтік улануы байқалды.
- Еркін атмосфераға 8 тонна радиоактивті плутоний және радиоактивті графиттік заттар түрінде отын таралды. Жарылыс кезінде булану процестері өтті, цезий элементі от алауымен ауаға шығып, таралыды.
Адам ағзасына радиоактивті заттардың әсері Адам ағзасындағы радиоактивті элементердің жиналуы - ӨКПЕ
- Криптон 85 Плутоний 238
- Уран 233
- ТЕРІ
- Күкірт 35
- БАУЫР
- Цезий 137 Кобальт 58
- Плутоний 238
- СҮЙЕК
- Радий 226 Стронций 89
- Торий 234 Уран 233
- ҚАЛҚАН БЕЗІ
- Йод 129 Технеций 99
Радиацияның ағзаға әсері - Радиация мөлшері- Рентген
| | | | | - Қан құрамына әсер етуі мүмкін
| | | | - Еңбек қабілеті төмендейді
| | - Еңбек ету қабілеті жоғалады
| | - Сәулелену ауыруының ІІІ дәрежесі байқалады
| | - Тіршілікті өлімге әкелетін мөлшер
| АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ -
- Радиоактивті изотоптардың гамма сәулесі, сондай– ақ зиянды жәндіктерге қарсы күресте және тамақ өнімдерін консервілеу үшін пайдаланылады.Радиацияның көп дозасы өсімдіктермен микроогранизмдерде мутация туғызады. Бұл жеке жағдайларда жаңа бағалы қасиеттері бар дақылдардың бағалы сорттары шығарылған. Антибиотиктер өнеркәсібінде пайдаланылатын жоғары өнімді микроорганизмдер алынған.
МЕДИЦИНА - Радиоактивті изотоптар медицинада диагноз қою үшін терапевтік мақсаттар үшін қолданылады. Аз мөлшерде қанға енгізілетін радиоактивті натрий қан айналысын зерттеу үшін және йод қалқанды безде, әсіресе безде ауыруына үшыраған кезде емдеу үшін радиоактивті изотоптар пайдаланылады.
- Кобальттың интенсивті сәуле шығаруы түрліше рак ауруларын емдеуге пайдаланылады.
Ядролық энергияны қолдану - Пайдасы
- Медицина саласы науқастарды тиімді емдеуде Ауыл шаруашылығында
- Геологияда
- Ғарыш, металлургия және әскери өнеркәсіптерінде
- Археологияда кең түрде қолданылады
- Зияны
- Ядролық қару
- Қоршаған ортаның радияциялық ластануын
- Тірі ағзаға теріс әсері
- Радиоактивтік қоқыстарды жою мәселелері
- Ядролық энергетиканың пайдалануын ақтау мүмкін бе?
- Радияциялық қауіп апаты төнген кезде нені білуіміз керек ?
- Тоңазытқышты азық – түліктен босату
- Тез бұзылатын азық – түлікті
- және қоқыстарды шығару қажет
- Керек заттарды, құжаттарды
- азық – түліктерді алу
Үй тапсырмасы: - Радиоактивті қоқыстарды жерлеудің әдістерін ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |