Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. 1396 жылы Орта Азияның билеушісі Ақсақ ТемірҚожа-Ахмет Яссауидің ескі мазарының орнына жаңа кесене салу жайлы бұйрық береді. Орта ғасырларда бой көтерген ең керемет сәулет өнерінің бірі саналатын аталмыш кесенеде Қазақтың 21 ханы жерленген деседі Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:
Қазандық;
Үлкен Ақсарай;
Кіші Ақсарай;
Құдықхана;
Кітапхана;
Асхана;
Көрхана;
Мешіт;
Тайқазан — ТүркістандағыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі алты ғасырлық тарихы бар қасиетті, алып қазан. Бұл қазан әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен 1399 жылы25 маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде құйылған. Ирандық шебер Әбділ Әзиз Шарафаддин Тебризи жасаған.Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады.1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы18 қыркүйекте ғана Түркістанға қайтарылды. Тайқазан сирек кездесетін жеті асыл металдың(мырыш, латын, қола, қорғасын, мыс, күміс, темір) қоспасынан құйылған. Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр, биіктігі – 1,60 метр, диаметрі- 2,42 метр.Тұғырының биіктігі - 0,54 метр, диаметрі – 0,607м.
Ясауи кесенесінің тарихтағы және қазіргі күндегі қызметтерін көрсетіңіз
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» болып ашылдыЯсауи кесенесі қазіргі күнде музей қызметін атқарады.Музей қызметін атқарып келе жатқанына 44 жыл болды. «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы отандық мұражайлар тарихында бірінші болып «Хан көтеру» театрландырылған сахналық қойылымын қойды. Қойылымдағы тарихи тұлғалардың ролдерін сомдауға кәсіби актерлар қатыстырылып, тарихи қойылымды еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар тамашалады.
Әмір Темірдің кезінде адамдар бұл жерді қажылық орталығы болған .Одан кейін Хандардың отыратын мемлекеттік қызметтер осы жерден бастап бастау алатын .Большевиктер келген кейін дінге қарсы Құдай жоқ деген атеистің ұйымның насихат орталығы болған.1978 ж Музей мәртебесін алады.1991 жылдардан кейін бұл музей «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы деп аталады һәм тарихи һәм мәдени мұраларды қорғайтын орталық әрі қорық- мұражай Укаш ата ,Жылаған ата сияқты әрі кесенесі бар әрі өзінің белгілі бір аймағы бар сондай жерлерге қамқорлық танытатын үлкен мемлекеттік мекеме қызметін атқарып жатыр.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы еліміздегі барлық республикалық, облыстық мұражайлармен әріптестік орнатқан және солардың арасында келушілері ең көп мұражай болып табылады.
Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі толеранттылық туралы түсінік беріңіз Яссауи
Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдарының бірі – толеранттылық. «Бөгде дін өкіліне де азар бермеу – Пайғамбар сүннеті» («Сүннет ерміш кафир олса берма азар») деп жазған Ясауи кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды насихат еткен. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген Абай сөздері де осы ақи қатқа тіреледі. Ясауи іліміндегі «Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл» деген ұстаным да адам баласының бәріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеу ге, өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді. Бұл қағида бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға бағытталған. Халқымыз бұл қағиданы: «Еңкейгенге еңкей – атаңнан қалған құл емес, шалқайғанға шалқай – пайғамбардың ұлы емес» деген ұстаныммен түйіндеген.Ясауи ілімі ағартушылыққа, ғылым-білімге шақырады. Ясауи: «Адамды ақиқатқа жеткізетін бірден-бір жол – ғылым жолы» деп жазған. Ясауи ең бектерінде ғылымға ұмтылу, надандық тан қашу мәселелері жиі көтеріледі, шынайы ғалымдар ерекше құрметте ле ді. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Ақыл – азбайтын тон, білім – таусылмайтын кен», «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деп мақалдаған ұлтымыздың ұстанымдары да осы қағидалардан қиыс кетпейді.Ясауи ілімінде «Халыққа қызмет ету – Хаққа қызмет ету» деген ұстаным бар. Бұл қағида қоғамға адал қызмет етуді насихаттайды, отаншылдыққа, елді сүю ге, бауырмалдық пен жанашыр лық қа, өзара құрмет пен сыйластыққа тәрбиелейді. Осы бір қағида өзгеге қол ұшын беруге қашанда құлшынып тұра тын біздің халқымыздың болмысына сің ген деуге болады. «Өз үйінде ою ой мағанның кісі үйінде сырмақ сыраты ны» да осыдан болса керек. Қожа Ахмет Ясcауи көшпелі түркі халықтарының ағайындық, бауырмалдық сезімдерді басты орынға қоятын ізгі дүниетанымымен, туыстық қатынастарға негізделген рулық-тайпалық құрылымымен етене таныс болған.
Діндердің мәнін анықтап, қызметтері менұлттық мәдениеттегі ролі мен орнын талдап көрсетіңіз
Дін дегеніміз- сенушілерінің әрекеті мен ойлауын, моралы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке, рухани нышан-түсініктерге нанатын және сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін түсінік жүйесі деп айтып жатады. Кез-келген адамда дін болады. Әр елде, әр ұлтта түрліше діндер қалыптасқаны анық.Алайда, діннің барлығының да негізгі мақсаты адамдарды жамандықтан тыю, жақсылыққа әрі ізгі амалдарға баулу болып табылады. Кез-келген ұлт үшін өз діні ең маңызды сатыда тұрады. Дін адамзаттың басты құндылығы, баға жетпес асыл қазынасы секілді. Дін әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты болғандықтан қоғамда өзінің орындайтын функциялары мен рөлі болады. Функция және рөл дегеніміз синонимдік мағына бергенімен, олардың айырмашылығы бар. Діннің функциясы деп діннің қоғамдағы әрбір салалық қызметтерін атайды. Ал, рөлі деп сол қызметтердің соңғы қорытынды тұжырымы, Діннің елеулі функциялары: дүниеге көзқарастық, орын толтыру (компенсаторлық), реттеуші, ұйымдастырушы, мәдениет таратушы және т.б. функциялары бар. Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді. олар: Христиан, Ислам, Индуизм, Буддизм, және мәлім түрдегі Халықтық діндер .
Діннің әсеріне ұшырамаған және ешқандай дінге тән емес адамдардың сенімі бәлкім атеизм - яғни Құдайға сенбейді, сондықтан дінге сенбейді; немесе бәлкім агностицизм - Құдайды бар деп есептейді, бірақ ол тегі қандай, қалай екені туралы пікірлерге күдікпен қарайтын, сондықтан дін атаулыға да сеніп кетпейтін, сыни ойлайтын адам, және бәлкім скептик - Құдайға және дінге сенуге де, сенбеуге де келіспейтін, бәлкім рас, бәлкім өтірік, мұны адамзат анықтай алмайды деп есептейтін адам. Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсу үстіндеде. Әсіресе дамыған елдерде агностикатер мен атеистердің саны артып барады. Ал даму үстіндегі және дамымаған елдерде дінге сенушілер негізінен тұрақты сандық шамада сақталуда. Жалпы айтқанда, дін ол адамзат баласынан ажырамас, адамзаттың басты байлығы. Оның адамзат үшін , қоғам үшін маңызы өте үлкен. Және оның атқаратын қызметі мен ролі үлкен
Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет етудің мәнін көрсетіңіз
Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ - кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды.
Ясауи ілімінің қазақ мәдениетіндегі орны мен маңызына баға беріңіз
Түркі әлеміндегі мұсылмандық дәстүрді орнықтырған ғұлама ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің қазақ мәдениетінде алатын орны ерекше. Себебі Қ.А. Ясауи Ислам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылатын, түркі сопылығына негізделген тариқат жолын қалыптастырды. Бұл жолдың негізгі әдептері: шәкірттің ұстазға құрметі, адалдығы мен мойынсұнуы, Алланы тануға, жомарттыққа, тәуекелге, тафаккурға ұмтылу. Қожа Ахмет Ясауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ, яғни мораль . Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана «шындыққа», «жан тыныштығына» қауышады. Ясауи ілімі Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық(мораль) кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, «Кемел адам» тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Ясауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді.
Ясауи ілімінде адам нәпсісін тию жолдары тізбектеп көрсетіңіз
Сопылықтың ең төменгі дәрежесі “нәпсі әммаре (әмір етуші)ден” адам рухани дәрежеде биіктей отырып, “кәмиле нәпсі” сипатына, яғни сопылықтағы ең жоғарғы рухани дәрежеге жоғарылай алады. Бірақ бұл дәрежеге жететін сопылар өте сирек. Өйткені, бұл дәрежеге жетемін деп мақсат қойған сопы сопылықтың қиын да шерлі, соқпақты жолдарынан өтуі керек және бұл өте ауыр жол.
Сопылардың түсіндіруі бойынша жамандыққа баруға бұйырушы нәпсі “әммаре нәпсі (әмір етуші нәпсі)” деп аталады, бұл нәпсі дәрежелерінің ең төменгі сатысындағы - дүниеге құмартқан нәпсі. Нәпсі әммареде менменшілдік, құмарлық, надандық, зұлымдық, шәһуетке тұтқындық сияқты жамандықтарға бейім сипаттар кездеседі.
Адамның “ләууаме нәпсі” деп аталатын екінші дәрежеге жоғарылаған нәпсісі істеген жамандықтарының жаман екендігін біледі. Осыған байланысты ол өзін қинайды, жамандықтарды істегісі келмейді, бірақ, сәті түскенде жамандық істерге бас ұрады. Ләууаме нәпсіде сүйіспеншілік ұшқыны байқалып, хазіреті Пайғамбардан өнеге ала бастайды
Үшінші дәрежедегі нәпсі “мүлхиме нәпсі” деп аталады және жақсылыққа бір табан жақындаған нәпсі. Бұл нәпсі өзінің сауапты-күнәлі істерін Аллаһтың жәрдемімен біледі. Сол себепті басқа нәрседен қарағанда Аллаға жақын тұрады. Нәпсі мүлхиме кешірімді болады, нәпсiмен күрес барысында басынан қиыншылықтарды кешіреді. Әлемнің құпиясына таң қалып, барлығын тастап, оны жаратқан Хаққа жақындауға тырысады.
Төртінші дәрежедегі нәпсі “Мұтмаинне нәпсі” деп аталады. Бұл дәрежедегі нәпсі шер мен қиналуларын қойып, жүрегі орнына түседі. Бұл дәрежедегі нәпсіні иеленген адамның жүрегі кәміл иманмен толығады. Нәпсі мұтмаинне шариғаттың кейбір сырларын үйренедi, жомарттық, туралық, жылы жүзділік, ақ көңілділік сияқты жақсы мінезбен мінезденеді. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың асыл мінезімен мінезденіп, солай өмір сүруге тырысады және одан рахат табады.
Барлық жағдайда толысқан дәрежеге жеткен нәпсіні “разийе нәпсі” деп атайды. Бұл нәпсі адами сипаттардан да жоғарылаған нәпсі болып есептеледі. Разийе нәпсіні иеленген адамның мінезі ең жақсы мінез болып табылады,. Бұл адамның халық арасында абыройы жоғары болады, барлығы оны құрметтейді.
Ұлы Аллатың ырза болғанына байланысты алтыншы дәрежеге жоғарылаған нәпсі “нәпсі мәрзийе” деген атауды иеленген. Адамдық құмарлықтардан мүлден бас тартқан және тек жақсы мінезбен мінезденген бұл нәпсі біреудің кемшіліктерін кешіретін, жақсы ойлы, қолы ашық, адамдарды тек Алла үшін сүйетін терең ойлы болып келеді. Мәрзийе нәпсіні иемденген адам ғайыптың кейбір сырларын Алланың рұқсатымен үйренеді және Мұхаммед пайғамбардың құдси хадисінде Алла Тағала: “Оның көретін көзі, еститін құлағы, ұстайтын қолы, жүретін аяғы және сөйлейтін тілі мен боламын. Ол мен арқылы көреді, мен арқылы естиді, мен арқылы ұстайды, мен арқылы жүреді және мен арқылы сөйлейді”, - деген хадисі осыған айтылса керек.
Қожа Ахмет Ясауи рухани ілімінің мән-маңызын бүгінгі күн тұрғысынан талдап көрсетіңіз
Ясауи - исламның нағыз өзін түркі рухында ұсынған адам, Аллаћқа ғашықтық, адам сүйіспеншілігі, діндарлық, басқа діндер мен мәзћабтарға оң көзбен қарайтын дiни төзімділік, білімге көңіл бөлетін, асқа, еңбекке құрмет көрсететін, әйел мен ерді теңұстауға тырысатын ұлы ойшыл. Ахмет Ясауи - түркі дүниесінің ортақ рухани атасы.
Ғасырлар бойы ел «Әзірет Сұлтан» деп қастерлеген қасиетті орын сан ғасырлар өтсе де өз маңызы жоймай, елдің рухани байлығының негізгі көзі ретінде Әлемдік деңгейге көтерілуде. Түркі тектес халықтың, қара шаңырақта отырған қазақ халқының көне заманнан келе жатқан елдігі мен бірлігінің, діні мен ділінің асыл діңгегі ретінде белгілі. Қазіргі кезде Ясауи ілімін шетелдік зерттеушілер зерттесе, бұл ілімімді отандық ғалымдар да кең зерттеп, талдап жаңа әлі елге айтып жетпеген, немесе белгілі бір кезеңнің ұстанымдарының негізінде ұмтылып бара жатқан тұстарын зерттеп ұсынуда, әлі де зерттеуде.
Рухани, заттай мәдениетте ерекше орын алған, ғасырлар қойнауындағы салт-дәстүр, әдет –ғұрыппен үйлесе өріліп, ислам мәдениетін елдің терең құндылықтарымен біте қайнасып, дамығанын көрсететін елдің өзіндік рухани жолы бар.Мыңдаған жылдар бойы тұғырында тұрып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан рухани мәдениеттің белгілерін көріп, түсіну мүмкіндігі Ясауи ілімі мен мәдениетінде. Ясауи мәдениетінің елдің ежелден келе жатқан құндылықтарын тану мен өмір сүру ортасындағы ерекшеліктерді бейнелей отырып дамығаны белгілі. Ел «Әзірет Сұлтан» деп қастерлеген тұлғаның қазақ халқының, түркі халқының өміріндегі орны ерекше. Ол ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, аңыз болып, аманат болып беріліп келе жатқан рухани құндылықтардың керемет ғажайып көздері деуге болады.Қожа Ахмет Ясауи келешек ұрпаққа өшпес мұра қалдырды. Оның әдеби, мәдени, сопылық шығармалары бүкіл түркі әлеміне үлкен ықпал етуде. Сол себепті Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін, болашақта өз маңызын жоғалтпақ емес
Ислам сәулетіндегі кесенелердің салыну ерекшелігін талдаңыз
Мұсылман сәулетінің ережесінде мешіт құрылысында күмбез, мұнара, көркем жазулар болды. Мешіттің ішінде міндетті түрде Кағбаға бағытталған өте көркем өрнектелген михраб орнатылды. Ислам сәулет өнерінің мазмұны, басқа да өнер туындыларының жасалуы исламдық діни ұстанымға сай болды. Исламда мешіт - әлемнің моделі мен символы.
Мешіт, ханака, медіреселерді әрлеуде исламдық сәулет өнерінде көбіне жазу өрнектеріне көп мән берілген. Күмбез, қабырғалар, жақтаулары, есік беттері т.б. бөлшектерде мұсылмандық канондық мәтіндер жазылды.
Діни тұрғыда ислам тірі жанды бейнені салуға тиым салғандықтан ислам мәдениетінде, оның ішінде ортағасырлық сәулет ескерткіштерін әрлеуде сәулеттік жазу өнерінің дамуы биік деңгейге жетті. Мешіттердегі ең қастерлі орын михраб, әдетте айнала Құран сүрелерімен әрленген.
Ислам өнерінде өрнектерді білімді, рухани дамығын адам түсіне алды. Өрнектің ішкі құрылысы мен мәні Жаратушының жаратылысының терең мағынасын қамтыған. Кеңістік пен уақыттағы шексіздікті бейнелей отыры мұсылман Жаратушы жаратқан жұмақ бағына ойша шарлады. Өрнектер арқылы Жаратушы жаратқан әлемді сезіну.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мешіт бөлмесіндегі, басқа да бөлмелердегі, жалпы ғимараттағы жазулар, әшекей өрнектер кірпіштік мозайка, майолика, ойылып, кашиннен жинақталып, өрнектелген жиналмалы мозаика сипатында түсірілген .