Ясауитану пәнінен бақылау сұрақтары 1- деңгей



бет8/15
Дата20.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#159069
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Ясауитану жауаптары (1)

Дiни төзiмдiлiк. Жер бетiндегi адамзат баласы бірдей етіп жаратылған кемел жаратылыс екендiгi жоғарыда баяндалған, бiрақ құдiреттi құдай адамзатқа сенiм еркiндiгiн берген. Сондықтан қазіргі жер бетіндегі адамдар әртүрлі нәрселерге сенеді, олардың бірі - мұсылман, бірі - христиан, бірі - буддист, тiптi бiрi құдайға сенбейдi. Ал біздің міндетіміз - адамдардың ар-намысына, азаматтық хұқығына қол сұқпау, оларды дініне қарай бөлмеу, алаламау және кемсітпеу, керісінше адам баласы кемелденiп жаратылған жаратылыс болғаны үшін сыйлауға, құрметтеуге мiндеттiмiз. Ал ол кәпір ме, мүшірік пе, мұсылман ба сол құл мен Аллаћ арасындағы өзара мәселесі. Міне бұл «дiни төзiмдiлiкке» жатады. Құран Кәрімде: «дінде зорлық жоқ» - дегенi сияқты әрбiр сенiм иесiне ақыл-кеңес берумен шектелу мiндеттелген.
Ахмет Ясауи де исламдағы дiни төзiмдiлiктi жақсы ұққан сопы. Оның пікірі бойынша жақсы мұсылман адам, бүкіл адам баласыныңкез келген қырынан ең кемелi болуы тиiс. Оның көзқарасы бойынша кәміл мұсылман адам ұлы Аллаћтың барлығына, бірлігіне иман етіп қана қоймай, барлық адамды бақытты қылатын турашыл, кемел, үлгі болатындай адам болуы керек. Дiни төзiмдiлiк әдiстi ұтымды қолданған кемеңгер бабамыз қандай нәсілде, қандай дінде, қандай ұлтта болса да барлығына Жаратушыныңпендесi ретінде қараған, тiптi дiни төзiмдiлiктi Мұхаммед пайғамбардың сүннетi деп бiлген.
Сүннет екен кәпір де болса берме зарар,
Көңілі қатты тіл азардан құдай безер.
Алла атынан ондай құлға тозақ даяр,
Бұл сөзді даналардан естіп айттым міне.
Ахмет Ясауидің Пақырнамасындағы шариғат мақамдарының жетіншісі - «ғылым үйрену».
Құл Қожа Ахмет ғалымдарға қызмет істе,
Ғалымдардың сөзін естіп амал істе.
Амал істеп, Хақ жолына жаныңды бер,
Адамды туралықтан айырып, азғындық жолға түсіретін жаман жолдың бірі - дүниеге қызығу, бірі нәпсінің жетегінде кету.
Адам жүрегіне Аллаћқа деген махаббатты емес, дүниеге деген махаббатты орнықтырса, ол адам - азғын адам. Себебі, дүние рахатына ұмтылған адамнан түрлі қылмыстар мен күнәларды кездестіруге болады және оның ахиреттегі өмірі жәћәннам болмақ.

  1. Ясауи іліміндегі «Хаққа қызмет ету» ұстанымы туралы түсіндіріңіз

Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Яссауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан.
Ясауи ілімінде «Халыққа қызмет ету – Хаққа қызмет ету» деген ұстаным бар. Бұл қағида қоғамға адал қызмет етуді насихаттайды, отаншылдыққа, елді сүю ге, бауырмалдық пен жанашыр лық қа, өзара құрмет пен сыйластыққа тәрбиелейді. Осы бір қағида өзгеге қол ұшын беруге қашанда құлшынып тұра тын біздің халқымыздың болмысына сің ген деуге болады. «Өз үйінде ою ой мағанның кісі үйінде сырмақ сыраты ны» да осыдан болса керек. Қожа Ахмет Ясcауи көшпелі түркі халықтарының ағайындық, бауырмалдық сезімдерді басты орынға қоятын ізгі дүниетанымымен, туыстық қатынастарға негізделген рулық-тайпалық құрылымымен етене таныс болған. Аллаћ алдында ер мен әйел тең хұқылы, екеуіне де ақыл, көңіл, жүрек беріп, бірдей дәрежеде жаратқан. Бірақ, ислам діні әйелдің өз жаратылысына, нәзіктігіне, ердіңөз жаратылысына, оның табиғатындағы қуаттылығы мен төзiмдiлiгiне байланысты өздеріне лайықты біршама міндеттерді белгілеген.

  1. Ясауи рухани ілімін түсіндіріңіз

Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Яссауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет еткен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Яссауи ілімі – дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды. Қожа Ахмет Яссауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Яссауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді.

  1. Жеті түрлі нәпсі деңгейін тізіп жазыңыз, түсіндіріңіз

68,Жеті түрлі нәпсі деңгейін тізіп жазыңыз, түсіндіріңіз
Нәпсіні тәрбиелеу сопылықтың негізгі та,ырыптарының бірі. Құрандағы жеті түрлі нәпсі ұғымы рухтың мәртебелерінің білдіреді.
1. Аммара нафс- қанағатсыз, тойымсыз нәпсі. Ол ешқандай өқралдар мен ережелергебас имей, тек тән ләззаты мен қажеттілігін қанағаттандыру үшін тырсатын жамандықтар көзі. Қара кш.
2. Лауума нупсі- жеңі, нәзік перделермен жабылған нәпсі, жамандық істеген, бірақ одан өзі жерінп, өкініш сезнетін рухты айтады.
3. Мулhима нәпсі- нұр мен қараңғылық аралас жан, жамандықты қаламайтын, шабыттанған жан.
4. Мутмаинна нәпсі-қараңғылыққа қарағанда нұры басым, тоқтаған, биіктеген, рухты айтады.
5. Разиа-нұрлы, қараңғылықтан азғана белгісі бар жан, тағдырға разы, жоғары дәрежедегі рух.
6. Марзиа-өзіне дән риза болған рух. Бұл жанды нұр барған сайын күшейте түседі.
7. Сафиа –бүкіл қараңғылық, перделері жойылып тек қана нұр жайнаған жан. Нұрланған рух. Сопылықтың ең негізгі мұраты-адамныңрухын тәрбиелеу арқылы оны адамдық сана мен санатқа көтері. Рухты жаттықтыру риязат, нәпсімен күресу-мұжахада, мұратпен үндесу-рабыта, терең ой-тафаккур, Алланы жиі еске алу- тазаккур, сұхбат т.с.с. әдістер қолданылады.

  1. Ахмет Ясауидің дінге және түркі мәдениетіне қызметін көрсетіңіз

Орта Азиядағы аса ірі қайраткері, ислам дінінің гүлденіп, өркен жаюына өлшеусіз үлес қосқан Қожа Ахмет Яссауиді біз, жалпы түркі жұртының, соның ішінде қазақ халқының әдеби-мәдени өміріне бар қажыр-қайратын арнаған шығармашыл тұлға . Қожа Ахмет Яссауи – ислам дінін ұстанатын барша түркі халықтарының ортақ ұстазы, біздің халықтарымыздың материалдық құндылықтарға шексіз табынудан, пенделік пиғылдан биік тұратын асқақ рухының символы. Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» еңбегі және оның мазмұн-мағынасы, түркі халықтарына соның ішінде қазақ халқына оның ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты тұстары туралы көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің бүгінге дейін жинақталған толайым деректер базасы бар.
Түркі халықтарының (қазақ деп ұғуға болады) өзіндік дәстүрлі салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи өз ішінен толып жатқан тармақтарға бөлінетін сопылық ағымның түркілік дәстүрін қалыптастырды деуге болады.
Қожа Ахмет Яссауидің ұстанған жолы, бауырлас түркі халықтарына қалдырған рухани қазынасы – жоғарыдағы проблемалардың алдын алу мен түбірімен жоюда таптырмас көмек болары анық. Өйткені, Яссауи ілімдері – халқымыздың қанында, жанында ғасырлар бойы өрілген таным-түсінік. Қожа Ахмет Яссауидің ғажайып сырға толы хикметтерін жинақтау, аудару, бастырып шығару, нұсқаларға салыстырмалы сипаттамалық зерттеу жүргізу жұмысын жалғастыру – қазақ руханияты әлемінің мәңгілік миссиясы болғай

  1. Исламның пайда болуы туралы түсінік беріңіз

610ж. Меккелік құрайыш тайпасынан шыққан Мұхаммед ибн Абдұлла әр жылы рамазан айын-да отбасымен қала сыртындағы Хира тауында рухани оңашалануды әдетке айналдырған болатын. Тау басында Мұхаммед Ұлы Аллаға мінәжат ететін, әрі осы қасиетті мекенге табаны тиген жоқ-жітікке садақа үлестіретін еді. Мұхаммедтің көп уақытын ауыр ой үстінде өткізуі ғажап емес. Меккедегі дүниеқұмарлық үшін қатты алаңдайтын. Небәрі жарты ғасыр алдын құрайыштар да, араб шөліндегі басқа бәдәуи тайпалары секілді, көшпелі өмір салтын ұстанатын. Ендігі жерде әрбір күн тіршілік үшін жанталасты қажет ететін болды. Құрайыштар VI ғасырдың соңғы жылдарында саудада үлкен жетістіктерге жетіп, Мекке қаласы Араб түбегінің үлкен орталығына айналды. Құрайыштар адам нанғысыз дәрежеде байып кетті. Бірақ мұншалықты үлкен өзгерістер тайпаның өмір салтына кері әсер етті, бұрынғы құндылықтардың орнын дүниеге деген құмарлық басты. Мұхаммед құрайыштардың қауіпті жолға түскенін көре білді.Мұхаммед руластарының жаңа діні ақшаға құрылып жатқанын түсінді. Бұған таң қалудың да қажеті жоқ еді, өйткені, оларды дәл осы байлықтары көшпелі өмірдің тауқыметінен, үнемі жалғасып жататын аштық пен Араб шөлін мекендеген тайпалардың қатыгездігінен құтқарғанына күмәнданбайтын. Әрбір тайпа күнделікті жойылып кету қаупімен бетпе-бет келетін. Енді қажетті азықтары көп Мекке біртіндеп сауда-саттық пен қаржылық қатынастардың халықаралық орталығына айналды. Мұхаммед мұндай тоғышарлық (истака) культі тайпаны түбі ыдырататынын білді.. Тайпадағы әрбір ру Мекке байлығынан қомақты үлес алу үшін өзара бәсекеге түскен еді және бағы тайған кейбір рулар (Мұхаммедтің руы Хашимилер секілді) опат болудың алдында тұрғандарын сезетін. Егер барша құрайыштар өз өмірлерінің өзегі ретінде биік бір құндылық жаратып, ашкөз менмендіктерін жеңбейтін болса, көп ұзамай тайпа өзін моральдық және саяси тұрғыдан өзара қақтығыстар нәтижесінде жойып бітетінін Мұхаммед жақсы сезген еді. Арабияның басқа аймақтарында да жағдай мәз емес болатын. Хижаз бен Нәжді мекендерінде бәдәуи тайпалары күнкөріс үшін өзара қатал күрес жүргізетін. Тайпа тіршілігін қамтамасыз етуге тиіс қоғамдық рухты әлсіретіп алмай, қауіпсіз өмірдің кепілдігі үшін арабтар тіпті діннің орнын да алмастыра алатын мурувва идеологиясын қалыптастырды.Оларда пұттар пантеоны мен құлшылық орындары болды, әйтсе де бұл Құдайлары мен қасиетті орындарының рухани өмірдегі орнын айқындап беретін жетілген мифология қалыптастыра алмаған еді. Арабтарда о дүниелік өмір сенімі де жоқ еді, оның орнына, «заман» немесе «тағдыр» ретінде аударуға болатын дәһрдің жоғарғы күшіне сенетін; өлім көрсеткіші өте жоғары саналатын бұл қоғамда мұның маңыздылығы түсінікті жағдай.. Мурувваның адамгершілік канондары бойынша бәдәуи қарақан басының қауіпсіздігін ойламастан, тайпа басшысы сайидқа сөзсіз бағынуы тиіс. Әрбір араб тайпасына қарсы жасалған қиянаттың өшін алу үшін мұндай бекзат іске өзін тұтастай арнауы тиіс және тайпаның әлсіздерін панасына алуы керек. Тайпа тіршілігін үйлестіру үшін сайид азық-түлік пен мүліктерді теңдей бөлетін, ал тайпаластарынан біреуі өлтірілсе,”қанға – қан,жанға – жан” ұстанымы жүзеге асатын.
Иудаизмдегі секілді, Исламда да Құдай ең әуелі моральдық императив ретінде қабылданған. Яхудилермен де, христиандармен де, олардың киелі кітаптарымен де ешқандай байланысы болмаса да, Мұхаммед интуитивті түрде тарихи монотеизмнің нағыз мәніне бойлай алған. Исламға табан тіреп қарсы тұрған кейбір атақты құрайыштардың бір сүрені тыңдаған кезде өзгеше бір күйге енгені жайлы да хикаялар бар. Олар үшін Мұхаммед жаңа бір әдеби туынды жасап шығарған сияқты еді. Бұл шығарманы кейбіреулер әлі тыңдауға дайын емес болса, енді біреулерді әсерге бөлеп те үлгерді. Құранның осындай әсері болмаса, Исламның тамыр жаюы мүмкін емес те еді. Ескі яхудилердің алғашқы діни сенімдерін тастап, бірқұдайшылдықты қабылдау үрдісінің жеті жүз жылға созылғанын білеміз. Алайда Мұхаммед қысқа ғана мерзімде, яғни жиырма үш жылдың ішінде арабтардың өмірін түбегейлі өзгертіп жіберді. Мұхаммедтің шайыр әрі пайғамбар ретіндегі еңбегі, ал Құранның мәтін және иләһи тарту түріндегі сипаты дін мен өнер арасындағы терең байланысқа керемет мысал бола алады. Уахи түскен алғашқы жылдары Мұхаммед көбінесе діндес бауырларын жастар арасынан тапты. Меккенің капиталистік өмір салты уақыт өткен сайын олардың көңілдеріне кірбің түсіре берді. Бізге жеткен көне деректерге қарағанда, Мекке жаппай Мұхаммедке жаңа түскен Алланың дінін қабылдауға дайын жағдайда болды. Бұл жағдайға, жаңа дінге бай-бағландар дұшпандықпен қарады. Бірақ құрайыштар Мұхаммед пұттарға табынуға тыйым салғанға дейін оған ашық түрде қарсы шықпаған еді. Уахидың алғашқы үш жылында Мұхаммедтің бір Құдайлық түсінікті аса қатты насихаттамағаны және адамдардың әдеттегідей Ұлық Құдай Алламен бірге арабтардың басқа көне Құдайларына табына береміз деп ойлағаны белгілі. Алайда пайғамбар ескі Құдайлар мен пұттар жайлы үкімін естірткен кезде бір түнде бірнеше ізбасары оны тастап кетті. Мұсылмандар қорлық пен азапқа ұшыраған азғана кісінің тобына айналды. Осыдан таухид сенімінің сананың ауыр өзгерісін қажет ететіндігін көреміз. Алғашқы христиандар сияқты алғашқы мұсылмандарға да қоғамға терең қауіп төндіретін «атеистер» деген айып тағылды. Меккеде қала өркениеті енді-енді аяққа тұра бастаған еді. Сондықтан мен-мен және өзімшіл құрайыштар оны тез жойылатын жетістікке балады. Әні жоқ дегенді білдіреді. Мұсылман тек жалғыз ақиқат Алла екенін түсінуі керек.



  1. Амара нафс деңгейі туралы түсіндіріңіз

  1. Әмір Темір тұлғасы және Ясауи кесенесі туралы түсіндіріңіз

  1. Қожа Ахмет Ясауи мен оның мектебі өкілдерінің рухани сабақтастығын түсіндіріңіз

  1. Ясауи іліміндегі мемлекет, адам және отан ұғымдарын түсіндіріңіз

  1. Ясауидің ар ілімінің мәнін түсіндіріңіз

Қазақ халқы ислам діні аясында ұлт болып қалып тасса, қазақы исламның бітім-болмысы, қазақ мұсылмандығы Ясауи ілімі арқылы қалыптасты. Ар тазалығы қағидаларын бірінші орынға қойды. Ол өз ілімін қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді. «Жаным – арымның садағасы», «Жарлы болсаң да арлы бол» деген қазақ халқы да осы ілімді жан-жүрегімен қабылдаған. Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдарының бірі – толеранттылық. «Бөгде дін өкіліне де азар бермеу – Пайғамбар сүннеті» («Сүннет ерміш кафир олса берма азар») деп жазған Ясауи кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды насихат еткен. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген Абай сөздері де осы ақи қатқа тіреледі. Ясауи іліміндегі «Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл» деген ұстаным да адам баласының бәріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеу ге, өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді. Бұл қағида бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға бағытталған

  1. Ясауидің рухани іліміндегі топырақ сипат және көпір болу ұстанымдарын түсіндіріңіз

Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Яссауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. Топырақ болу, нәпсіден арылу – Хаққа қауышудың бірінші шарты.
Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ болғыл әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де “топырақ” дейді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында әулие –даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рақметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді.
Ахмет Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз" "Мағрифатсыз" "хақиқат" болуы мүмкін емес.Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – «адамның өзін-өзі тануы» арқылы «Хақты тануы». Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – «тәуба», соңғысы «құлдық» (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам «жаратылған – мен» екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – «Алла мен адамның және адам мен қоғамның» арасында «көпір – жол» болу екендігін ұғынады



  1. Ясауи іліміні рухани құндылықтар қайнары ретінде түсіндіріңіз

Ясауи ілімі – дәстүрлі түркілік дүниетаным мен ислам өркениеті арасындағы үйлесімдікті қамтамасыз еткен сара жол.Насихаттың мақсаты да сенімді уағыздай отырып, ахлақты түзету мен тәрбиелеуге саяды. Рухани тәрбиені дінсіз елестету мүмкін емес. Әсіресе өмірлік ұстанымдары қалыптаспаған, толқымалы, ауытқымалы психологиялық кезеңдегі жас буын үшін діни-рухани тәрбиенің маңызы өлшеусіз. Ясауи ілімінде шыншылдық пен әділдік үшін ғұмыр кешу халыққа қызмет етумен байланыстырылады.
Көрнекті ғұлама ғалымның танымдық мәні орасан зор рухани – адамгершілік туындыларын баға жетпес құнды мұра ретінде туған жерге,тілге,Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық салт-дәстүрді,әдет-ғұрып пен наным-сенімді құрметтеу,ананы қастерлеу,қыз баланы құрметтеу,адамдарды сүю, ғылымды ардақтау,ас пен іске құрметпен қарау сияқты тәлім-тәрбие тақырыбына жазған хикметтеріндегі ойлары мен көзқарастарын жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне пайдаланудың маңызы өте ерекше.
Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариғаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Хаджи Бекташ Уали, Жүніс Әміре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны байқалды. XII ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.[4]

  1. Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі ер мен әйел теңдігін түсіндіріңіз

Ясауи ілімінде «Халыққа қызмет ету – Хаққа қызмет ету» деген ұстаным бар. Бұл қағида қоғамға адал қызмет етуді насихаттайды, отаншылдыққа, елді сүю ге, бауырмалдық пен жанашырлық қа, өзара құрмет пен сыйластыққа тәрбиелейді. Осы бір қағида өзгеге қол ұшын беруге қашанда құлшынып тұра тын біздің халқымыздың болмысына сіңген деуге болады. «Өз үйінде ою оймағанның кісі үйінде сырмақ сыратыны» да осыдан болса керек. Қожа Ахмет Ясcауи көшпелі түркі халықтарының ағайындық, бауырмалдық сезімдерді басты орынға қоятын ізгі дүниетанымымен, туыстық қатынастарға негізделген рулық- тайпалық құрылымымен етене таныс болған. Алла алдында ер мен әйел тең хұқылы, екеуіне де ақыл, көңіл, жүрек беріп, бірдей дәрежеде жаратқан. Бірақ, ислам діні әйелдің өз жаратылысына, нәзіктігіне, ердің өз жаратылысына, оның табиғатындағы қуаттылығы мен төзiмдiлiгiне байланысты өздеріне лайықты біршама міндеттерді белгілеген. Әйел дегеніміз - ана, адамның алғашқы ұстазы, әрі Алладан кейінгі ең жақын қамқоршысы. Сонымен бірге «жәннәт аналардың табанының астында» - деген Пайғамбардың хадисіне орай ислам діні әйел затына қаншалықты құрмет көресетінін байқау қиын емес. Ардақты Пайғамбар: «әрбір ер мен әйел мұсылманға ғылым іздеу парыз» - деп, екеуінің хұқығы исламда тең екендігін көрсеткен. Исламға дейінгі түркі халықтарында да әйел қоғамда маңызды рөлдерді ойнаған. Тіпті, әйелдер қоғамдағы саяси мәселелерге араласып, елін қорғау үшін қолына найза алып, ерлермен бірге соғыстарға да қатысқан. Оның үстіне көшпелілер арасында әйел мен ерді бөлек ұстау мүмкін емес. Ахмет Ясауи түркілердің осы әдетін жалғастыра отырып, өзінің зікірлері мен сұхбаттарына әйел мен ерді бірге қатыстырған. Әрі бұл әдіс сопылық жол бойынша таптырмайтын нәпсі тәрбиелеу әдiсi болып табылады. Ислам дінінде әйелдердің орны ерекше — еркектермен тең болмаса олардан төмен рөл атқармайды, Исламда әйел біріншіден мұсылмандардың, му'миндердің тәрбиешісі. Исламның болашағы му'мин аналардың алтын қолдарында.Дегенмен еркек пен әйелдің атқаруы тиіс жұмыс баптары өзгеше. Маңызды ережелер Исламдағы Шариғат заңы бойынша қарастырылады..



  1. Исламның бес шартын түсіндіріңіз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет