Ясауитану пәнінен бақылау сұрақтары 1- деңгей



бет9/15
Дата20.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#159069
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Ясауитану жауаптары (1)

Исламның бес шарты бар:
1) Кәлима-и шәһадат айту.
Кәлима-и шәһадат: Әшһәду әнләә иләһа иллаллаһ уа әшһаду әннә Мұхаммәдән абдуһу уа расулуһ” деу.
Мағынасы: “Мен Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Хазірет Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін”.
2) Намаз оқу:
Күнде 5 уақыт намаз оқу


«(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым, сендерді қалай бағаласын? Рас сендер жасынға айналдырдыңдар. Сондықтан азапқа душар боласыңдар» де»4, - делінген. Міне, Алла Тағала осы аяттарда айтылғандай, басқа да аяттарында адам баласының мәңгілік азаптан құтылып, бақытқа қол жеткізу үшін иманнан кейін салиқалы амал жасау керектігін айтқан.
Ал, намаз болса сол ғибаттардың алғашықысы, діннің діңгегі, мүміндердің миғражы, Пайғамбарымыздың (ﷺ) көзінің нұры болған құлшылықтың бірі


3) Ораза ұстау:
Әр жыл сайын Рамазан айында ораза ұстау.
Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (ﷺ): «Ораза – сабырдың жартысы»10 деп айтқан. Яғни, бұл айда ауызды ішіп-жеуден қалай тыйсаң, аузыңнан шығатын сөзге де абай болу керек. Өйткені өтірік, өсек, ғайбат сөйлеп жүрсең, оразаның сауабынан құр қаласың. Абай атамыз өлеңінде былай дейді
Руза, намаз, зекет, хаж –талассыз iс.
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрiн тегiс.


4) Зекет беру:
Дініміз бойынша бай болып саналғандарға дүние-мүлкінен, қаражатының белгілі бір мөлшерін жыл сайын кедей-кепшіктерге беру


Бір хадисте «Малыңның зекетін бергенде кедейдің өзіңнің малыңдағы ақысын төлеген боласың» – делінген. Яғни, нисаб мөлшерінен артық мал-мүлікке ие болғандардың кедейлерге малдарының бір бөілігін беріп, қалған малдарын адал етуі «зекет» болып табылады.
5) Қажылық жасау:
Дініміз бойынша жағдайы болғандардың өмірінде бір рет қажылыққа баруы.


Қажылықты тәуап етуде адамзат үшін дүниеде де, ахиретте де хикметтері жетерлік. Мекке – Мәдина әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандардың басын қосатын құтты мекен. Алла елшісі (ﷺ): «Қажылыққа бара алатын кісі асықсын!»8. деген болатын.



  1. Қожа Ахмет Ясауи шығармаларының мазмұнын түсіндіріңіз

80- Қожа Ахмет Ясауи шығармаларының мазмұнын түсіндіріңіз
Қ.А.Яссауидің шығармаларының қазірден түп нұсқасы жоқ. Қолда бар нүсқалар болса, XVII ғ.-дан кейінгі кезеңдерге тиісті екендігі нақтыланған.Тек стилді формасы мен мазмүны жағынан Яссауиге тиісті деген болжам жасалынады. Қ.А.Яссауидің «Диуани Хикмет», «Фақырнама» (Пақырнама), Миратул клуб» атты шығармалар бар.


Мұсылман әлемінде аты әйгілі, орта ғасырлық сопылық әдебиеттің ірі өкілі, Қожа Ахмет Ясауи артына мәні өшпестей аса елеулі мұра қалдырды. Оның «Диуани Хикмет» атты екі әлемнің де мән-жайын сипаттайтын туындысы адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді сипатттап ашып көрсетуге арналған. Бұл дүниедегі адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынас: мансап пен байлық, билік, кедейлік пен қанағатшылдық, нәпсі мен тәубашылдық, Хаққа сыйыну секілді түйінді жәйттер дін талабы тұрғысынан сарапталады. Бұл дүниенің баянсыздығы мен мен ол дүниенің бақилығын салыстыра отырып, қанағат, адамгершілк, мейірім-шапағат, адалдық, ізеттілік жайында сөз қозғайды. Осыған орай, ол Мұхаммед пайғамбардан үрдіс болып келе жатқан жол: жиған малдың қызығын тек өзі көрмей, өзге жетім-жесір, мүсәпірлерге де қайырымды болу, жасаған күнәңді дер кезінде түсініп, тәубаға келу, Аллаға сол туралы шын көңілден жалынып-жалбарынудың қажеттігін ұтымды түрде сипаттайды.


Қожа Ахмет Ясауидің өз хикметтеріне алтын арқау еткен басты мәселесі: Алла Тағаланың пенделеріне деген кеңшілігі мен олардың жасаған күнәларын кешудегі қайырымдылығы, нұр шапағатын талмай сипаттап бергендігі дер едік. Ол бұл мақсатта Құдай дидарына ғашық болған пенделерінің өзге қызықтың бәрінен баз кешіп, күндіз-түні тек Аллаға құлшылық етуі қажет, бұл жолда жан мен тәнін де аямауы керек.
«Диуани Хикмет» еңбегі
Қ.А.Яссауидің діни сопылық және моралдық ойларын қамтитын шығарма аты болып табылады. Әдебиетте ақынның таңдамалы жинағы беріледі. Диуани аты беріледі. Бірақ басқалардан өзгеше Яссауидің шығармасына «Диуани Хикмет» делінуі назар аударарлық жайт. Хикмет сөзі құран кәрімнің түскен аяттарында, пайғамбардың уағыздарымен қатар, кітап, шариғат деген мағыналарда қолданылған. Сөздікте төмендегідей мағыналарды білдіреді: «Тәңірлік ақиқаттарды» кұранның мағынасын терең түсіну ислам дінінің жалпы қағидаларына сай әрекет ету ислам философиясында болмыстың негіздің қүран өкімдеріне сай білу, әлемге байланысты шындықты, адам мен әлем тәңірі мен әлем арасындағы байланыстарды терең түсіну жолы болып табылады.


«Диуани Хикмет» екі әлемнің де мән жайын сипаттайтын туынды, адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді сипаттап ашып көрсетуге арналған. Бұл дүниедегі адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынас: мансап пен байлық, билік, кедейлік пен қанағатшылдық, нәпсі мен тәубашылдық, Хаққа сыйыну секілді түйінді жәйттер дін талабы тұрғысынан сарапталады. Бұл дүниенің баянсыздығы мен ол дүниенің бақилығын салыстыра отырып, қанағат, адамгершілік, мейірім-шапағат, адалдық, ізеттілік жайында сөз қозғайды. Осыған орай, ол Мұхаммед пайғамбардан үрдіс болып келе жатқан жол: жиған малдың қызығын тек өзі көрмей, өзге жетім-жесір, мүсәпірлерге де қайырымды болу, жасаған күнәңді дер кезінде түсініп, тәубаға келу, Аллаға сол туралы шын көңілмден жалынып- жалбарынудың қажеттілігін ұтымды түрде сипаттайды.


«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Йасауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.


Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани хикмет» арқылы исламның рухани әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. «Диуани хикметте» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық жайындағы этикалық-дидактикалық тұжырымдар бертін келе, қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік жалғасын тапты.

Жер астына қашып кірдім надандардан,


Қолым жайып дұға тілеймін жомарттардан.


Ғаріп жаным мың садаға даналардан,


Дана таппай жер астына кірдім мен-ә!


Қожа Ахмет Ясауи Құдайға беріліп құлшылық етушілердің өзін жалған ғашықтар, шын ғашықтар деп жүйелейді. Жалған ғашықтары, жоғарыда айтылғандай




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет