Ясауитану пәнінен бақылау сұрақтары 1- деңгей


Қ.А.Ясауи тұлғасын түркі халықтары тұтастығының символы ретінде көрсетіңіз



бет2/15
Дата20.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#159069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ясауитану жауаптары (1)

Қ.А.Ясауи тұлғасын түркі халықтары тұтастығының символы ретінде көрсетіңіз
Ясауи тұлғасын бүкіл түрікті біріктіретін белгі ретінде ұсынуға болады. Ясауидің заманында қазақ, өзбек, қырғыз, татар және т.б. деп ұлтқа бөліну болмаған. Түркі ұлттарының бәрі тұтас болған. Егер де қазір барлық түркі елдерін біріктіру қолға алынса, онда барлығы Ясауидың көрсеткен өсиеті, өнегесі, яғни , Ясауи ілімінің аясында ғана бірігуі мүмкін. Себебі, Ясауи біздің ортақ атамыз. Ол барлық түркі елдеріне ортақ тұлға. Ол заманда түркі елдері бір тудың астында біріккен. Осы бір тұлғаның арқасында тұтастыққа пен бірлікте жиналуға мүмкіндігіміз бар.

  1. Ясауи іліміндегі кемелдікке жетудің 4 шартын тізбектеп жазыңыз

Адам кемелдікке жетуі үшін қажетті білім – қәл ілімін игеріп, Аллахтың фазылымен берілетін – хәл іліміне жетуі керек .Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда қуатты махаббат пен дерт болу керек дейді.
Тариқатқа кірген мүридтің кемелдікке жетуінің төрт шарты: макан (кеңістік), заман (уақыт), ихуан (бауырмалдық – өзара ынтымақтастық), рабт-и Султан (мемл. басшысына риясыз берілгендік). Яғни, бірінші саликтердің (мүрид) ойы бөлінбеуі (тафрика-и хатр); зікірмен айналысуы үшін (аурад), ең алдымен, ыңғайлы мекен (кеңістік) болуы керек. Екінші, талибтер (шәкірттер) арасында және мемлекетте жұмыссыздық, соғыс, т.б. келеңсіз оқиғалар орын алмауы қажет. Мұндай құбылыстар шәкірттің кемелденуіне кесірін тигізеді. Үшінші, барлық “мақамат” (ахлақи-этик. асулар), “халуат” (қылует) және “арбаиндерде” (шілдехана) “шауқ-и мужиб” болуы үшін “факр-у фана” (кемелдік) мақамына ұмтылған шынайы серіктері, достары болуы керек. Төртінші, мемлекет басшысына адал болулары қажет. Ясауидің жолында шәкірттіктің соңы, яғни кемел адамның рухани асуларының мақсаты – “факр (кемел адам) жолы” болуы керек

  1. Ясауидiң ұстаздары және оларға қатысты мәлiметтерді талдаңыз

Ұстазы – Арыстанбап. Аңыз бойынша, Арыстанбаптың шын аты – Салманы Фарси яғни Парсылық Салман. Ол Пайғамбар Мұхаммедтің сахабасы болған. Бірде Пайғамбар жерге домалап кеткен құрманы көтеріп, «мына құрманы менің ізбасарыма кім апарады?» деп сұрапты. Мұндай ауыр жауапкершіліктен қорыққан сахабалар үндемейді. Сонда Салман тұрып, «Уа Алланың елшісі, мен апарар едім, бірақ мен қартайдым» депті. Сонда Пайғамбар: «Сен бұл аманатты жеткізбейінше Алла сенің жаныңды алмайды» деп бұйырыпты. Содан Салман көп өмір сүріп ақырында түріктердің жұртына келгенде, Пайғамбардың ізбасары Ахметті танып оған аманатын береді. Бұл аңыздағы құрма Ислам дінінің таухит рухы еді. Расында Ислам дінінің әлемге жайылуының алғашқы қарқынын араб-мұсылмандар жүзеге асырса, екінші қарқынын түріктер іске асырды. Және жиырмасыншы ғасырдың басында Османлы халифатының құлауына дейін түріктер Исламның туына айналды. Түркі өркениетінің Ислам дінімен біте қайнасқаны соншалық еурапалықтардың назарында «түрік» деген сөз «мұсылман» дегенді білдіретін болды. Бір ауыз сөзбен айтқанда, осы Түрік-Ислам синтезінің артында тұрған ұлы тұлға Ахмет Яссауи еді.
Арыстан баб қайтыс болғаннан кейiн Қожа Ахмет сол заманның ғылым, бiлiм ордасы болған Бұхараға сапар шеккен. Аталмыш қалада ясылық шәкiрт атақты шейх – Қожа Жүсiп Хамаданиге қол бередi (дәрiс алады). Ахмет Ясауидің үлкен ұстазы Жүсіп Хамадани (толық аты: Әбу Яқуб ибн Әййуб ибн Юсуф ибн әл-Хаман ибн Уахра Хамадани әл-Бүзенжири) Хамадан ауданындағы Бүзенжир қалашығында 1049-1050 жылы дүниеге келген. ¤скеннен кейін ол Бағдат қаласына барып, Шейх Әбу Исқақ Ширазимен кездеседі де, одан шариғат (фықһ) ілімдерін үйренеді. Сосын Бағдат, Исфахан, Самарқанд қалаларындағы ұлы мұхаддистерден (хадисші) хадис ілімін үйренеді. Одан кейін Жүсіп Хамадани сопыларға тән өмірді қалап, әйгілі Шейх Әбу Али Фармедиге қол беріп, одан сопылық ілімді үйренеді де өмірініңқалған бөлігін көңілін тәрбиелеумен өткізеді.

  1. «Диуани хикмет» еңбегiнiң мазмұнын туралы жазыңыз

Диуани хикмет, «Даналық кітабы» – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы. Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи Аллаға жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады.
«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Даналық кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады

  1. Ясауидiң жастық шағы туралы айтып беріңіз

Жас Қожа Ахмет Яссауи қазіргі Шымкент қаласы жанындағы Сайрам елді мекенінде туып, сондағы ауылдық молдадан дәріс алған. Жастық шағы да сонда өткен. Әкесі Ибраһим өз кезеңінің сауатты, көзі ашық білімді, діндар адам болған. Анасы Қарашаш (енді бірде Айша деп те айтылады) елге қадірлі, ақылды да-аяулы адам болған делінеді. Ел-жұрт бұл кісілер дүниеден өткенде, екеуіне де күмбез тұрғызып белгі соққан, осы ескерткіштер әлі күнге дейін Сайрам елді мекенінде сақталған. Аңыз бойынша, жас Қожа Ахмет Яссауи ұстазы Арыстан Бабпен алғаш жолығып, Мұхаммед пайғамбардың өзіне арнаған құрмасын алатын көпір де сол Сайрам елді мекенінде. Алайда Қожа Ахмет Яссауидің Сайрамдағы жастық шағын баяндайтын деректер жоқтың қасы. Кейбір деректерге сүйенсек, әкесі зейінді де зерек 6-7 жасар баласы жас Қожа Ахмет Яссауиді Шаһабиддин Исфиджаби деген ғұлама кісіге білім алуға әкеледі. Медреседен үйге қайтқанда да ол ұстаздарымен медіресе ауласын сый-құрмет тұтып үнемі айналып өтеді екен. Үлкен кісілерге жолыққанда да, «Ассалаумағалайкүм» деп бірінші болып әуезді үн қатып сәлем беру әдетіне айналыпты. Мұның бәрі үйдегі әке-шешесі мен медреседегі ұстаздар өнегесін, құрандағы мұсылмандық ереже-этикасын үлгі тұтуынан екені анық аңғарылады. Бұған жастай әкесі Ибраһим шайықтың айтуымен құлағына сіңген аңыз да елеулі әсер еткен болса керек: Мұхаммед пайғамбарымыз жеті қат Арсы-Күрсіге Жебірейілмен бірге ұшып бара жатып, кейін өзінің ісін жалғастыратын Қожа Ахмет Яссауидің рухын көріп, оған сәлемдемеге пейіштен бір құрма арнап, оны қашан, қалай тапсыруды Арыстан Бабқа жүктегенінен жас бала күн бұрын хабардар еді. Осы мерзім жас Ахметтің өміріндегі аса елеулі, қиын кезең еді. Сол жылдары оның әкесі Ибраһим шайх қайтыс болып, баланың жетім қалған кезі болатын-ды. Ендігі мерзімде тікелей ұстазы «Ақ Атадан» тыс, Сайрамдағы өзге де ғұлама-білім иелерінен тәлім-тәрбие алған жас талап Қожа Ахмет Яссауи іздеп келіп пайғамбардың сәлемдемесін берген Арыстан Бабтан ислам шариғаты, тариқаты туралы көп үйреніп, сабақ алады.
Қожа Ахмет Яссауидің «мектеп көріп, қайнап толып тасқан» кезеңі өз хикметтерінде 17 жас деп жырланады. Ақын ұзақ жылдар бойы жиған-терген ілім-білімін енді халыққа таратуды мақсат етіп, бүгінгі Түркістан, кешегі Шауғар, Иасыға келіп біржолата мекен теуіп тұрақтайды.

  1. Ясауи ілімінің қалыптасу ерекшеліктері туралы жазыңыз Бүгінде Ясауи ілімінің мәнін, маңызын, ерекшелігін айқындау тарихымыздың өткені мен бүгіні арасындағы рухани арналар сабақтастығын қалпына келтіруге ықпал етеді. Ясауи дүниетанымы ішкі еркіндікке жетелейтін ар түзейтін ілім.Ал бүгінгі ашық және демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан өз тәуелзіздікі мен еркіндігін баянды ету үшін ең алымен еркін ойлайтын адамдарға мұқтаж. Екіншіден Яс амуи ілімінің қалыптасу кезеңі мен өмір сүрген уақыты түркі халықтары үшін тарихи өтпелі кезең болуымен құнды.Үшіншіден,Ясауи ілімі -қоғамдық-әлеуметтік ынтымақпен бірлікке ұйытқы болатын даналықтың кені,яғни оның ілімі адамдар арасындағы өзара тең сұхбаттың,бауырластықтың,махаббатың,діні-рүханіұстанымдарын қамтитын біртұтас тұжырымдамалар жүйесі болып табылады.

Ясауи өз хикметтерінде сопылықдін ілімі туралы өте көп әрі шын беріле айтады, ол бұл шын мәніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ-түйегін білмейтін адамды ол "надан" "түк білмейтін","жалған сүюші","жалған сопы деп есептеді. "Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағым, Баға жетпес іпжуімді құнын білмеске сатпағын",— деп, бар жан-дүниесімен сопылыққа берілген Ясауи, "егер мен басымнан айырылсам да, бұл жолдан маған жалт беру жоқ",-— дейді.Ахмет Ясауи аркылы сопылық түркі тілдес халықтардың рухани танымында шешуші орын алды. Сопылық философиялық жүйе ретінде адамдардың дүние-танымының қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Бұған дәлел Ясауиден кейінгі көптеген қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан да сопылыктыңт ікелей әсерін байкаймыз"Диуани Хикметте" негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат хақихат, мағрифат. "Шариғат" ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы"тарихат" сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, "хақихат" құдаймен бірігу оған жақындау, "мағрифат"— дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз""Мағрифатсыз" "хақиқат" болуы мүмкін емес. Ясауи сопылық ілімдерінің өте күрделі екенін, діни мистикалық сарындағы бұл төрт қағиданың арғы жағында үлкен философиялық арналардан бұлақ көздері бітеліп жатқанын мезгейді Ясауи былай дейді: "Кімде-кім құдайды есіне алса, ол онымен табысқанын көре алады". Сондықтан да Ясауи үшін құдайды тану өзін-өзі танумен бірдей. Сопылықтағы доктрина құдайды мистикалық сүю болып табылады. Ясауи ілімінде бұл доктрина оның "таным" теориясының бөлінбес бөлігі бола тұрып, ерекше орын алады.Ясауиден бұрын түркі нәсілдері Тәңірге табынатын болса, енді олар Аллаға сыйынатын болды .

  1. Әлемдік діндер туралы жазыңыз

Қазіргі кездегі дін зерттеушілері, этнолог-теологтар, социолог және дін тарихшылары әлемдегі діндерді географиялық аймағын, діндердің халықтар арасына таралу барысын және діндердің сенімі мен құрылысын негізге ала отырып көптеген сыныптарға бөлген. Мәселен, дін социологы Ж.Ваш діндерді құрушысы бар (буддизм, жайнизм, конфуцианизм т.б.) және дәстүрге негізделген (индуизм, синтоизм, тәңiршiлдiк) діндер деп бөлсе, А.Шиммель алғашқы қауымдық (тайпалық) діндер (га, маори, аину, инка), ұлттық діндер (иудаизм\яћудилік, индуизм, жайнизм, конфуцианизм т.б.) және әлемдік діндер (буддизм, христианжәне ислам) деп бөледі. Сонымен қатар діндерді сеніміне байланысты политеистік (көп тәңіршілдік: синтоизм, ежелгі грек, ежелгі римдіндері), монотеистік (бір тәңіршілдік: ислам, яћудилік (иудаизм)) деп бөлгенімізбен, бұл барлық діндерді қамти алмайды. Өйткені әлемде құдай сенімі кездеспейтін діндер (буддизм, жайнизм) де бар.Әлемдік 3дін бұлар;Буддизм Ислам және
Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекешеліктері бар.Буддизмде дүниені жаратушы қүдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:
Ислам діні және оның тарихы, негізгі кағидалары мен әдет-ғұрпы.
Ислам (арабтың – Аллаға тәуап ету, мойынсұну сөзі) – әлемдік діндердің бірі. ҮІІ ғасырда таптық араб мемлекеттері орныға бастаған тұста Батыс Аравияда пайда болған. Исламның діни уағыздары Құранда баяндалады. Бұл кітап Жаратушы Алладан Мұхаммед пайғамбарға түскен. Исламның негізгі ұстанған жолы – жалғыз құдайды – Алланы ғана мойындау. Ислам ақиқат және ең ақырғы дін..Исламда бес парыз бар:
1. Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед (с.ғ.с) (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беру;
2. Бес уақыт намаз оқу;
3. Зекет беру;
4. Шамасы жетсе, қажылыққа бару;
5. Рамазан айы бойы ораза тұту;
Ол парыздар мұсылманның мойнына бойжеткеннен бастап жүктеледі.Ислам дініне дейінгі діндерден алынған, ислам дінінде оларға жаңа әлеуметтік сипат және мән берілген. Құдайға құлшылық ету табыну ислам дінінде 2 бөлімнен тұрады: 1. Міндетті түрде орындауға тиісті шаралар: бұған бес парыз (иман, бес уақыт намаз, ораза, зәкет-ұшыр, қажыға бару) жатады. Шариғат бойынша бұл парыздарды мұсылмандар бұлжытпай, мерзімінде орындап тұруға тиіс. Діни уағыз бойынша «құдай-тағаланың әмірін орындап, құлшылық еткендер», яғни намаз оықп, ораза ұстап, қайыр-садақа бергендер ғана «жұмақтың» тәрінен орын алады да, ал оларды орындамағандар «тозаққа» барады. Дін иелері, молда-ишандар діни парыздарды, әдет-ғұрыптар мен мейрамдарды дінге сенушілердің мүлтіксіз орындап отыруын талап етеді. 2. Ерікті түрде орындалатын шаралар жатады. Олар уәжіп, сүннет, Мұстахб, Мухаб, Нәпіл. Соңғы үшеуі қазақтан арасында тарамаған. Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қасиетті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілген. Ол уағыздар Мұхамедтің (с.ғ.с) аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді.
Христиан діні. Зороастризм және Даосизм
Христиан діні
Әлемдік діндердің бірі – христиан діні. Иса (с.ғ.)-ға түскен «Інжіл» кітабы адамдардың қолымен өзгертіліп жазылып, сол мазмұн бойынша тараған дін. Інжіл кітабының алғашқы түпнұсқасын өңдеп жазғандар: Матфей, Марка, Лука және Ионна еді. Кітаптардың түпнұсқасын жазған Павел деген апостол. Оның жазбасының 27 түрлі ерекшелігін Ионна атап көрсеткен. Діндарлардың көзқарасынша, кітаптың алғашқы түпнұсқасында әрбір әріп жоғарыдан, яғни жаратушы иеден, ал қоспа сөздерді адамдар өз қолдарымен жазды деген тұжырымдамаларды айтады. ІҮ ғасырда «Шіркеу тарихы» деген кітаптың авторы Кесарий кітапқа қосылған Ионна мен Павелдің қоспаларын атап көрсеткен. Христиан дінінің пайда болу кезеңі Иса (с.ғ.)-ның туған кезінен, яғни дәуіріміздің бірінші ғасырының басынан деп белгіленеді. Бірақ оның кітабы – Інжіл бірнеше ғасыр бойы жазылып, өңделіп келді. Дегенмен, христиан діні – адамзат тарихындағы ең ірі діндердің бірі. Ол Рим империясының шығыс бөлігінде пайда болды. Бұл кезеңде терең әлеуметтік күйзеліс империяны жайлаған еді. Күйзеліс дәстүрлі өндіріс, мемлекет, саясат, идея, сенім түрлерін ыдыратып жіберді. Мұндай дағдарысқа құлдар бұқаралық көтеріліспен жауап берді. Көтерілісшілерді басып тастауға Римнің күші жеткілікті еді. Өжеттерді жазалап, қинап, өлтіріп жатты. Ол кездегі Спартак көтерілісі де қанға боялды. Спартак көтерілісінен кейін құлдардың, езілуші таптың бостандықтан үміті үзілді. Ал, құлдардан басқа жер иеленушілер, саудагерлердің жағдайы өзгеше болды.

  1. Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі 7 рух мәртебесі туралы жазыңыз

Адам материя мен нұр әлемінен тұратын кемел суретте , мәнді жаратылған болмыс. Сондықтан адамды кіші әлем дейді. Құранда біз адамды ең көркем суретте жаратыық та, ең төмені түпке түсірдік деген. Тин сүресі.Адам ең жоғарғы жаратылыс мәртебесімен ең төменгі зат материяға түсіріліледі. Нұр әлемі адамды игіліктер мен ұлылықтарға бағыттасы, материя әлемі төмен қарай тартады.Адам материая әлемінен қуат алады. Нұр әлемі өзінің жоғарғы табиғаты жағынан адам нәпсісіне ықпла ете алмаса, адам жануардан да төмен дәрежеге құлдырайды. Нәпсіні тәрбиелеу сопылықтың негізгі та,ырыптарының бірі. Құрандағы жеті түрлі нәпсі ұғымы рухтың мәртебелерінің білдіреді.
1. Аммара нафс- қанағатсыз, тойымсыз нәпсі. Ол ешқандай өқралдар мен ережелергебас имей, тек тән ләззаты мен қажеттілігін қанағаттандыру үшін тырсатын жамандықтар көзі. Қара кш.
2. Лауума нупсі- жеңі, нәзік перделермен жабылған нәпсі, жамандық істеген, бірақ одан өзі жерінп, өкініш сезнетін рухты айтады.
3. Мулhима нәпсі- нұр мен қараңғылық аралас жан, жамандықты қаламайтын, шабыттанған жан.
4. Мутмаинна нәпсі-қараңғылыққа қарағанда нұры басым, тоқтаған, биіктеген, рухты айтады.
5. Разиа-нұрлы, қараңғылықтан азғана белгісі бар жан, тағдырға разы, жоғары дәрежедегі рух.
6. Марзиа-өзіне дән риза болған рух. Бұл жанды нұр барған сайын күшейте түседі.
7. Сафиа –бүкіл қараңғылық, перделері жойылып тек қана нұр жайнаған жан. Нұрланған рух. Сопылықтың ең негізгі мұраты-адамныңрухын тәрбиелеу арқылы оны адамдық сана мен санатқа көтері. Рухты жаттықтыру риязат, нәпсімен күресу-мұжахада, мұратпен үндесу-рабыта, терең ой-тафаккур, Алланы жиі еске алу- тазаккур, сұхбат т.с.с. әдістер қолданылады.



  1. Ясауи туралы шежірені айтыңыз

Діни сенімдерге қарсы атеистік көз­қарас дендеп, тақуа жандар қудалауға түсіп, ислам кітаптары өртелген сонау қиын жылдары Шарифхужаевтер әулеті Түркістан қаласынан қоныс аударып, 10 жасар Ибра­химжан мен анасы екеуі Наманганға бас сауғалапты. «Баба мұрасы – насабнама (шежіре) мен мөрді аман сақтап қалу үшін көп қиындық көрдік» депті қария. Құнды мұраны ұзақ жыл топыраққа көміп жасырған. Жер астында көп жатқандықтан насабнама, яғни шежіре жазбаның кейбір бөлігінің бояуы өшіп, шіри бастағандықтан, қария көзінің тірісінде бұл аманатты бабасы жатқан кесене қорына табыстауды армандаған екен.

Насабнама-шежіренің ұзындығы – 2,5 метр, шағатай тілінде жазылған. Мұра қай ғасырға тән екені анықталу үстінде. «Алдағы уақытта «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тари­хи-мәдени қорық-музейі тарапынан бұл жәдігерге қатысты толыққанды ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу ісі қолға алынады» дейді қорық-музей қызметкерлері.


Наманган ғана емес бүкіл өзбек жұрты құрметтейтін ғұлама ғалым Ибрахимжан ақсақалдың сегіз ұл, үш қызынан тараған ұр­пақ үлкен әулетке айналған. «Ұл – қыз­дарым Қожа Ахмет Ясауи ұрпақтарынан болған­дығына мақтанады. Үлкен ұлым діни ілімді мең­геріп, менің жолымды жалғастыруда» дейді қария.


Икрамжан қажы үйінің бір бөлмесін босатып, атасы Қожа Ахмет Ясауиге арнап шағын көрме ашыпты. Мұнда Ясауидің шежіресіне қатысты насабнаманың көшір­месі мен мөрі және Түркістанға қатысты суреттер мен кітаптар қойылған екен.



  1. Ясауи іліміндегі ер мен әйел теңдігі туралы баяндаңыз

Қожа Ахмет Ясcауи көшпелі түркі халықтарының ағайындық, бауырмалдық сезімдерді басты орынға қоятын ізгі дүниетанымымен, туыстық қатынастарға негізделген рулық- тайпалық құрылымымен етене таныс болған. Аллаћ алдында ер мен әйел тең хұқылы, екеуіне де ақыл, көңіл, жүрек беріп, бірдей дәрежеде жаратқан. Бірақ, ислам діні әйелдің өз жаратылысына, нәзіктігіне, ердің өз жаратылысына, оның табиғатындағы қуаттылығы мен төзiмдiлiгiне байланысты өздеріне лайықты біршама міндеттерді белгілеген.
Әйел дегеніміз - ана, адамның алғашқы ұстазы, әрі Аллаћтан кейінгі ең жақын қамқоршысы. Сонымен бірге «жәннәт аналардың табанының астында» - деген Пайғамбардың хадисіне орай ислам діні әйел затына қаншалықты құрмет көресетінін байқау қиын емес. Ардақты Пайғамбар: «әрбір ер мен әйел мұсылманға ғылым іздеу парыз» - деп, екеуінің хұқығы исламда тең екендігін көрсеткен.
Исламға дейінгі түркі халықтарында да әйел қоғамда маңызды рөлдерді ойнаған. Тіпті, әйелдер қоғамдағы саяси мәселелерге араласып, елін қорғау үшін қолына найза алып, ерлермен бірге соғыстарға да қатысқан. Оның үстіне көшпелілер арасында әйел мен ерді бөлек ұстау мүмкін емес. Ахмет Ясауи түркілердің осы әдетін жалғастыра отырып, өзінің зікірлері мен сұхбаттарына әйел мен ерді бірге қатыстырған. Әрі бұл әдіс сопылық жол бойынша таптырмайтын нәпсі тәрбиелеу әдiсi болып табылады.
Ахмет Ясауидің бұл әрекетіне заманындағы ғалымдар қарсы шыққан екен. Диуани Хикметте сол ғалымдардың бірі Баба Машын жайлы былай делiнген:
Есітті Баба Машын сол заманда,
Ахмет атты бір шейх шыққан екен Түркістанда. Сұхбат құран қыз-келіншекпен онда,
Тыйым салғалы Түркістанға келді достар.



Қожа Ахмет Ясауидің шәкірттерін жазыңыз Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауидің дүниенің төрт бұрышынан келген 99 000 шәкірті болған екен. Ұлы бабамыздың рухани софрасынан нәр алған осы iзбасарлары көпшiлiктiң көңiлiне құдайдың нұрын септi, халықтың көңiл сарайын ашты, Хаққа алып баратын тура жолды көрсетiп бердi. Тарихи жазбалар мен халық аузындағы аңыз-әпсаналар бойынша Қожа Ахметтiң атақты орынбасарлары мыналар: Әмір Әли Хәкім, Хасан Бұлғани (Бұлғари), Имам Мерғази (Мәруази), Шейх Осман Мағриби.
Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ясауидiң Мирату-л-Құлуб деген шығармасын жинақтаған атақты орынбасары - Сопы Мұхаммед Данышменд Зернуки ұстазынан алған бiлiмiн отырарлықтарға насихаттаған және сол қалада дүниеден өткен.
Халық аузындағы әңгiмелерге және Диуани Хикметке қарағанда ұлы бабамыздың жоғарыдағы орынбасарларынан өзге Машын баба (Баба Мешін) атты iзбасары болған және ол - хикметтер тәрiздi “Әрбайн”, “Қылует” атты еңбектердiң авторы, тіпті Қожа Ахметпен бірге үш рет қылуетханаға түскен деген мәліметтер де бар.
Әзіреті Сұлтанның жолын басушы атақты iзбасары - әйгілі Арыстанбабтың ұлы Мансұр ата. Халық аңыздарына қарағанда Мансұр ата ұстазынан кейiн Ахметтiң қара шаңырағына иелiк еткен, одан кейін қара шаңырақ Тәж Қожаға өткен (Бұл атақты Зеңгі бабаның әкесі).
Түркі халқына ең танымал Ахмет Ясауидің үшінші ізбасары – Сүлеймен Хәкім ата Бақырғани екенi баршамызға аян. Әз Ахметтің жөн сілтеуімен ол Хорасан өлкесінде софрасын жайған және Хәкiм ата - «Ақырзаман кітабы», «хазіреті Мәриям кітабы» атты шығармалардың авторы.
Аңыздық мәлiметтерге қарағанда Хәкім ата аталмыш өлкеде көптеген дәруiштер жетiлдiрген. Орынбасарлары iшiндегi аты аңызға айналған атақтысы - Зеңгі баба. Зеңгі ата – Атын Орда хандарының мұсылман болуына себепкер болған ¦зын Хасан ата, Сейіт ата, Садыр ата және Бәдір атаның ұстазы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет