Ясауитану пәнінен бақылау сұрақтары 1- деңгей



бет3/15
Дата20.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#159069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ясауитану жауаптары (1)

2. Ахмет Ясауидің қыпшақ өлкесiндегi ізбасарлары. Қожа Ахмет Ясауидің атақ-даңқы тек Орта Азия өлкесiне ғана емес, қыпшақтар арасына да кеңінен танымал болған. Әзіреті Сұлтанның нұсқауымен тікелей барған шәкірттері де, шәкірттерінің шәкірттері де қыпшақтар арасында Ясауидің ілімін таратқан. Солардың бірі - Бираш сопы. Жоғарыда баяндалғаны сияқты Бираш Ясауидің нұсқауымен аталмыш өлкеге жіберілген. Бираш сопының iзбасары - Ешмехмет те 36 жыл шейх болған және «Шейх Баба» деген атпен қыпшақтар арасында танымал болған. Қыпшақтар арасында Ясауи жолын қуушылардың бiрi - атақты Шейх Хаятуллаћтың шәкiртi Ыдырыс та - Ясауи жолындағы дәруiш. Сондай-ақ Ыдырыс сопының орынбасары деп қазандықҚасым Шейхты айта аламыз. Ақ Еділдің жоғарғы жағында Ясауи шәкірттерінің тағы бірі - Қожа Әмір Келалдыңқабірі бар.
3. Батыс түркi халықтары арасындағы Ясауидiң iзбасарлары. Аңыз бойынша Ахмет Ясауидің рухани әсері Анадолы, Балқан,Әзірбайжан қысқасы бүкіл батыс түркілеріне кеңінен мәлім болған. ¦лы бабамыздың тікелей жөн сілтеуімен, көптеген дәруіштері Рұм өңіріне ағылғанын аңыздардан білеміз.
Әулие Челебидің мәлімдеуі бойынша Аушар Баба, Пір Деде, Ақязылы, Қыдемлі Баба Сұлтан, Гейіклі (Киікті) Баба, Абдал Мұса, Хорос Деде сияқты аталған өлкеде Ясауи дәруіштерініңқабірі көптеп кездеседі.
Сонымен қатар аңыз бойынша Жин Осман, Шейх Нүсрет, Гажгаж (Гыжгыж) Деделер - Ахмет Ясауидің шәкірттері.
Әзiретi Ахмет Ясауидің Анадолыдағы мәшһүр жолын қуушысы – Қажы Бекташ Уәлi. Батыс түркiлерi арасындағы аңыз-әпсаналарға қарағанда Қажы Бекташ Уәлi Ясауи жолын қуушы - Лұқпан Перенден Хорасанда-ақ дәріс алған. Әпсана желiсiне қарағанда оған Анадолыға (Анатолия, Кiшi Азия) бару жүктелген, Қыршећирде (Сулуджа қараћөйүк) ол рухани софрасын жайған және көптеген дәруiштiң көңiл көзi ашылуына себепкер болған. Қажы Бекташ Уәлi – бүгiнгi Бекташилiк тариқатының құрушысы. Аталмыш түркi дәруiшiнiң атақты iзбасарлары - ТаптұқӘмре, Сары Салтұқ, Барақ Баба. Ал бүгiнгi өлеңдерi мен дүниетанымдары көпшiлiк қауымға мәшһүр Жүнiс Әмiре ТаптұқӘмренiң берекелi рухани софрасынан рухани нәрмен сусындаған.





  1. Ислам дінінің келуі,алғашқы уәхи туралы жазыңыз

1. Ислам дінінің келуі,алғашқы уәхи туралы жазыңыз
Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері Пайғамбардың көкесі Аббастан тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасында тарап, олар мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам үмметін кезекпен 4 ұлы сахаба — Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді «Әділетті халифтер» заманы деп атайды.
Ислам дінінің келуімен қала мәдениеті, ғылым, білім, сауда, өнер жедел дами бастады. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде мешіттер, медреселер, қалалар бой көтерді. Қарахан мемлекеті ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде қабылдаған алғашқы мемлекет болып саналды. Еліміздегі алғашқы мешіттер мен медремелер Отырар, Түркістан, Сайрам, Тараз қалаларында салынған. Мешіттер рухани және ғылыми орталықтар болған. Ислам діні қазақ еліне бейбіт жолмен, яғни ізгілік пен мейірімділік негізінде таралды. Қазақ даласында ислам дінінің келуі және орнығуымен қатар бүкіл ислам әлемінің жарық жұлдыздары Әбу Насыр әл-Фараби (870-950), Ғаламаддин әл-Жауһари, Қожа Ахмет Иассауи, Ахмет Игүнеки, Мұхаммед Хайдар Дулати, Хуссам Аддин Ас-Сығанақи сында ғұламалар ислам мәдениеті мен ғылымын әлемге паш етті.
Уахидің сөзбе-сөз мағынасы: Бір нәрсені құпия түрде жылдам білдіру деген сөз. Уахидің діни терминдік мағынасы: Алладан тікелей немесе елші арқылы пайғамбарларға жеткен анық хабар. Уахи сөз қалыбына түскенде алдымен «оқы» бұйрығы түрінде көрінді.
Алғашқы түскен аяттардың мағынасы төмендегідей:
1.Жаратқан Раббыңның атымен оқы!
2.Ол адамды ұйыған қаннан жаратты.
3.Оқы! Раббың шексіз жомарт.
4.Ол қаламмен жазуды үйретті.
5. Адамға білмеген нәрселерін үйретті.

  1. Ислам дінінің ерекшеліктерін анықтаңыз

Ислам дінінің әлемдік дін болуында көптеген ерекшеліктер бар. Олардың кейбірі мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет