1. Ислам – бүкіл адамзатқа жіберілген ең соңғы дін Ислам – бүкіл адамзатқа Алла жіберген әрі қияметке дейін жалға-сатын соңғы дін. Сондай-ақ пайғамбарымыз Ислам дінін жер жүзін-дегі барлық халыққа жеткізу мақсатымен сол кездегі мемлекеттердің билеушілеріне, басшыларына хат жолдай отырып, оларды Ислам дінін қабылдауға шақырған.
2. Ислам – ақыл-ой мен ғылым діні Ислам діні ақылға ерекше мән бере отырып, діни құлшылықтарды дұрыс орындау үшін ақылды болуды талап етеді. Білімге үлкен мән берген дініміз әрдайым оқуды, үйренуді бұйырған. Ілім үйренудің әр-бір мұсылман үшін парыз екендігін білдірген.
3. Ислам – әрі дүние, әрі ақырет діні Ислам дінінің көздеген мақсаты – адам баласының бұл дүниеде де, мәңгілік ақыретте де бақытты болуы. Дініміз бұл дүниенің ақырына дейін адамдардың әрдайым бақытты болуын және қоғамның дамуын қамтамасыз ете отырып, жеке-жеке адамдардың да, қоғамның да қа-жеттіліктеріне жауап бере алатын талаптар қойып, дүниеде де, ақырет-те де бақытқа кенелудің жолдарын көрсеткен.
Бұл жөніндегі ислам қағидасының мазмұны мынадай: “Еш өлмей-тіндей дүние үшін, ертең өлетіндей ақырет үшін еңбек ет”. 4. Ислам – жеңілдік діні Ислам дінінде қиыншылық жоқ, жеңілдік бар. Дініміздің бұйрықтары бізді кемелдендіріп, одан да жоғары өмірге даярлауға бағытталған. Ғибадаттарды орындау барысында шамамызға қарай көптеген жеңіл-діктер қарастырылған.
Мысалы: жолаушы төрт рәкағат намазын екі рәкағат қылып оқиды. Намазды түрегеп тұрып оқи алмағандар отырып оқиды. Рамазан айын-да ораза ұстауға шамасы жетпеген науқастар сауыққаннан кейін ұстай-ды. Сауығудан үміті жоқ науқастар және ораза ұстауға шамасы келмей-тін қарт-қариялар ұстай алмаған оразасының орнын кедей-кепшіктерге фидия беру арқылы толтырады. Адамның шамасы мен қажеттіліктері назарға алынып қиын жағдайларда дінімізде бұдан басқа да көптеген жеңілдіктер берілген. Міне, осы себепті Ислам дінінің үкімдері әрдай-ым және әр жерде орындауға болатын ерекшелікке ие.
5. Ислам дінінде шектен шығу жоқ Ислам дінінің үкімдері адамның ақылына және жаратылысына сай. Біздің міндетіміз соларды орындау ғана.
Орындалуы талап етілмеген жағдайда дінді берік ұстаймын деп шектен шығуға болмайды. Дүниедегі адал нығметтерден бас тартып, қиналып өмір кешу исламда жоқ.