Ясауитану пәнінен бақылау сұрақтары 1- деңгей



бет6/15
Дата20.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#159069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ясауитану жауаптары (1)
kz, Sport презентация, сандық әдістер. Тест, baitilenova (1), қазақ әдебиеті 11Б БЖБ№1, 7. РЕГЛАМЕНТ СОРЕВНОВАНИЙ БИАТЛОН, 6-апта.Ясауи тариқаты, Ұлы Жібек жолының Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы (1)
Кісі малын жеме, қыл көпірден тұтар-а-деп, дүние рахатына қызыққан азғындарды былай суреттейді:
Дүние менікі дегендер – малға иманын сатқандар.
Құзғын құстай нәжіске белшесінен батқандар,
Молда-мүфти атанып – арамнан мал тапқандар,
Ақты қара қылғандар тамұқта ертең жанады.
Ал нәпсіге құл болып, азғын жолға түскен залымдардың мойнына шайтан мініп, азғындықүстінен азғындай беретіні анық.
Басыңдағы нәпсіні қусаң баққалар,
Жолдан азсаң, абыройың тапталар.
Ерттеп мініп шайтан малғұн шаттанар,
Нәпсіңді теп, нәпсіңді деп пәтшағар.



  1. Ахмет Ясауи іліміндегі дертті адам, дертсіз адам туралы жазыңыз

Дертті адамның Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет еткен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Яссауи ілімі – дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды. Қожа Ахмет Яссауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Яссауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан.

  1. Ясауидің түркі дүниесіндегі орнын түсіндіріңіз

Дүниетанымдық тақырыбы бойынша Ясауи мұрасының бүгінгі өркениетпен байланысын ғылыми тұрғыдан жүйелеп, оның бүкіл әлем философиясына қомақты үлес қосқанын негіздеп талдап берген ясауитанушылардыңқатарына А.Н.Нысанбаев, М.Орынбеков, Қ.Х.Тәжікова, А.Абуов, Д. Кежнжетай еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай-ақ 1992 жылдан бастап, түркі дүниесінің атақты ғалымдары Ахмет Ясауи жайлы зерттеулер жүргізіп, мақалалар, кітаптар жазып, симпозиумдер өткізіп келеді. Ясылық Ахметтің отаны, әрі сүйегі жатқан ұлы Түркістан қаласында 1991 жылы 6 мамырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы мемлекеттік университет ашылды. Келесі жылы Қазақстан мен Түркия республикаларының келісімімен, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта ашылды. Міне бұл университеттің ашылуы бабамыздың түркі дүниесіндегі қаншалықты орны бар екендігін көрсетеді. Түйiн ретiнде айтар болсақ Ахмет Ясауи - исламның нағыз өзін түркі рухында ұсынған адам, Аллаға ғашықтық, адам сүйіспеншілігі, діндарлық, басқа діндер мен мәзћабтарға оң көзбен қарайтын дiни төзімділік, білімге көңіл бөлетін, асқа, еңбекке құрмет көрсететін, әйел мен ерді теңұстауға тырысатын ұлы ойшыл. Ахмет Ясауи - түркі дүниесінің ортақ рухани атасы.



  1. Ясауи мәдениетін түркі халықтары болмысының мәні ретінде түсіндіріңіз

  1. Мирату-л Қулуб шығармасы туралы түсіндіріңіз

  1. Ясауи хикметтерінің мән-мазмұны туралы түсіндіріңіз

  1. Мұхаммед пайғамбар с.а.а және Ахмет Ясауи арасындағы рухани байланысты көрсетіңіз

  1. Мұхаммед пайғамбардың өмір жолын түсіндіріңіз

Алланың елшісі Мұхаммед (с.а.с.) Мекке шаһарында 571 жылдың 20 сәуірінде дүйсенбі күні дүниеге келді. Әкеден тумай жатып жетім қалды. Әкесі Абдулла ол туылмастан бұрын қайтыс болды. Атасы Абдумутталиб немересінің атын көкте де, жерде де мақтаулы болсын деп Мұхаммед деп қойды. Арабтарда бұрын-соңды мұндай есім болмаған еді.Мұхаммедтің өмірінің кейбір жылдары қараңғы болып саналады, әсіресе оның жастық шағы Исламның негізін қалаушыға ашылғанға дейін.Болашақ пайғамбар бақташы болған, содан кейін ол Үндістан мен Жерорта теңізі арасындағы сауда-саттықпен айналысқан көрінеді. Сол сияқты, ол кейінірек оның әйелі болған жесір әйелдің керуенінде қызмет еткен.Мұхаммедтің жас кезінде белгілі болған лақап аттары болған әл-Амин, бұл «адал» және дегенді білдіреді ас-Садық, оны испан тіліне «шын жүректен» аударуға боладыМұхаммед «жарық тауы» дегенді білдіретін Джабал-ан-Нур тауында орналасқан Хира үңгірінде намаз оқуды әдетке айналдырды. Ол жыл сайын сол жерде бірнеше апта бойы ой жүгіртті.Мұсылман тарихшылары қалдырған дәстүр бойынша Мұхаммед 610 жылы алғашқы аян түскен кезде 40 жаста болған.Мұхаммедке аспан фигурасы келді: періште Жебірейіл. Ол Құдай жіберген аяттарды жаттап, содан кейін оларды жеткізуі керек екенін түсіндірді.Алғашында ауызша дәстүрлерді естелік деп аталатын адамдар қолданды, олар суреттерді сөзбен, кідіріспен және сол үнмен үйреніп, әлемге Құдайдың хабарын бүтін етіп жеткізді.Алайда, Мұхаммедті қорқытқан басты қорқыныш - бұл аяттарды естігендер өздерінің жын періштесі Жебірейілдің әңгімелері емес, жындардың иесі деп ойлауы.Оның әйелі Хадиджа оны қолдап, оны барлық адамдарға жету үшін Құдай жіберген нақты бұйрықтарды орындауға шақыруды шешкендердің бірі болды. Мұхаммед 632 жылы 8 маусымда Мединада қайтыс болды. Қоштасу қажылығынан бірнеше ай өткен соң пайғамбар дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, жалпы әлсіздікке шалдықты. Бірнеше күннен кейін ол қайтыс болды.Мұхаммедтің позициясы үшін соғыс тез басталды, әсіресе тірі қалған ер балалар болмағандықтан.Ол мұсылман халқының көшбасшысы ретіндегі оның мұрагері кім болатынын өсиетімен көрсетпеген, бұл олардың мұрагері болуға құқығы бар деп санайтын топтар арасындағы шатасулар мен қақтығыстарға алып келді.Мұхаммедтің өлімі болған кезде, Әбу Бәкір алғашқы халифа деп аталды, өйткені ол пайғамбардың көзі тірісінде ең жақын әріптестерінің бірі болған. Суннит халқы осы тармақтан тарайды

  1. Ясауидің рухани-адамгершілік ілімінің мәнін түсіндіріңіз

Қ.А.Ясауидің рухани-адамгершілік, мағнауи мұраларын оқып үйренуде оны үздіксіз білім беру жүйесіне ендіруде осы секілді тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор мүмкіндіктер мол. Әсіресе, патриотттық тәрбие, яғни жас өскелең келешек жеткіншек ұрпақтарды өз Отанын, туған жерін, елін, ұлтын, мемлекетін суюге оларды азаматтық рухта тәрбиелеуге үндеген ой-идеялары жиі кездеседі. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз - оқушы өмірдегі орнын жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған ортамен кез келген затқа, жануарға және экологияға жақсылық тілеп жасауы. Сондықтан рухани адамсгершілік жеке түлғаны қалыптастырудың неғізі болып табылады, оның көрсеткіштері: басқаларға жақсылақ жасау: жақсылаққа ұмтылу; өзін өзі дамытып жетілдіру.



  1. Ясауи ілімі және бүгінгі мұсылмандық болмысымыздың өзара байланысын түсіндіріңіз

Қожа Ахмет Ясауи ілімі Хаққа қызмет ету, халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Ясауи ілімі барша түркі халықтарының, соның ішінде ол дүниеге келген өлкенің иесі - қазақ халқының да ислами дүниетанымына негіз болып қаланды. Қазақ халқының діни-ислами түсініктері Ясауи ілімінің аясында қалыптасты. Ұлттың ар-ождан кодексі рөлін атқарған Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдары қазақ халқының рухани-моральдық қағидаларында көрі­ніс тапты. Мұның нақты мысалын біз халқымыздың ізгілікке, имандылыққа негізделген әдет-ғұрып, салт-дәстүр­ле­рі­нен, жыр-аңыздары мен мақал-мә­телдерінен, кешегі жыраулар поэзиясы мен би-шешендердің нақыл сөздерінен, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп секілді көрнекті тұлғаларымыздың туындыла­ры­нан айқын аңғарамыз. Рухани тазалық пен кемелдікті мақсат еткен Ясауи жан тазалығы, ар тазалығы, жүрек тазалығы қағидаларын бірінші орынға қойды. Ол өз ілімін қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді. «Жаным - арымның садағасы», «Жарлы болсаң да арлы бол» деген қазақ халқы да осы ілімді жан-жүрегімен қабылдаған.

  1. Ясауи ілімінде ислам және дәстүр сабақтастығын негіздеңіз

Ислам дінінің сопылық бағыты Ясауи тариқатын мемлекеттік дін ретінде қабылдау - Алтын Орда мемлекетінде қайта құрулар әкелуімен қатар, халықтың ерік-жігерін айқындайтын басты рухани фактор болып қалыптасты. Ясауи тариқатының мемлекеттік идеология болып қалыптасуы ислам тарихында бұрын болмаған, Құран аяттары мен Пайғамбар хадистеріне барынша жақындатылған билік жүйесін қалыптастырды. Осы кезеңде Мұхаммед Пайғамбар мен оның серіктерінен кейінгі ислам тарихында алғаш рет саяси билік пен рухани билік арасында теңдік дәрежесі қойылған, біріне бірі мойын ұсынатын биліктің екі жүйесі де аттап өте алмайтын ортақ төреші – шариғат билік құрған дәуір дүниеге келді.Қазақ дәстүрлі тарихи ойының ерекше формасы ретінде шежірелердің деректік маңызы және ғылыми құндылығы жоғары. Жошы ұлысынан бастап Қазақ хандығы кезеңін қоса алғанда Қожа Ахмет Ясауи негіздеген сопылық тариқат тұтастай діни-рухани процестердің өзегіне айналды. Дәстүрлі дереккөздердің мәліметтері қазақ тарихындағы түркілік негіздер мен исламдық ықпалдың симбиозы рулық-тайпалық құрылымнан мемлекеттік тұтастыққа қол жеткізгендігін айғақтайды. Сол сияқты, қазақ халқының менталитеті, шаруашылық-мәдени типі, ұлттық психологиясы йасауийа тариқатының діни-рухани және мәдени-саяси ұстанымдары бойынша қалыптасқанын көреміз. исламдық ықпалдың симбиозы рулық-тайпалық құрылымнан мемлекеттік тұтастыққа қол жеткізгендігін айғақтайды. Сол сияқты, қазақ халқының менталитеті, шаруашылық-мәдени типі, ұлттық психологиясы Ясауи тариқатының діни-рухани және мәдени-саяси ұстанымдары бойынша қалыптасқанын көреміз

  1. Суннаның адам өміріндегі маңызын көрсетіңіз

Ислам пайғамбары Мұхаммедтің өмір сүру мысалдарын бүкіл мұсылман қауымына және әрбір мұсылманға үлгі және нұсқаулық ретінде көрсететін мұсылмандық қасиетті дәстүр. Сүннет Құраннан кейінгі ислам құқығының екінші қайнар көзі болып табылады және онымен тығыз байланысты, оны түсіндіреді және толықтырады. Дәстүршілдер үшін Мұхаммед Пайғамбардың сүннетін ұстану мұсылман өмірінің негізгі мазмұны болып табылады. Мұсылмандық діни білімнің маңызды бөлігі-сүннетті оқыту. Егер сүннет туралы жеткілікті білімі болмаса, бірде-бір исламдық заңгерді ислам құқығы саласындағы билік деп санауға болмайдыИслам дінінде сүннет қасиетті кітаптан кейін Құран екінші маңызды дереккөз болып табылады, сондықтан барлық мұсылмандар оның ережелерін ұстануға міндетті.Мұхаммед (с,а.с) сүннетінің көмегімен мұсылмандар Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін мұсылман үмметі күнделікті сипаттағы көптеген мәселелерді шеше алды, ал Мұхаммед сүннеті мұсылмандар арасында өте маңызды және өте құрметті."Усул ад-дин" ұғымымен белгіленетін дін негіздеріне арналған трактаттар Мұхаммед сунна мен Құранның арақатынасына көп көңіл бөледі.Қасиетті Құран кітабының көптеген аяттарында, сондай-ақ бірқатар хадистерде мұсылмандардың сүннетті ұстануы керек делінген. Алла Тағала Қасиетті Құранда Мұхаммед пайғамбар туралы былай дейді: "Аллаһтың елшісінде сіз үшін, Аллаһқа үміт артып, соңғы күні Аллаһты шексіз еске алатындар үшін керемет үлгі болды" (33:21). Құранда сондай-ақ "Аллаһтың елшісіне мойынсұнған адам Аллаһтың өзіне де бағынады"деп көп айтылады.

  1. Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдарын көрсетіңіз

Ясауи ілімін бірыңғай діни-мисти­ка­лық ілім ретінде бағалау орынды емес. Ясауи ілімі - ең алдымен рухани-мо­ральдық ілім. Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл Ясауи жасаған ілім өз бас­тауын түркі халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықта­рынан алады. Қожа Ахмет Ясауи осы рухани құндылықтарды жинақтап, қо­ры­тып, оны ислам дінінің қағидалары­мен үйлестіріп, біртұтас ілімге айнал­дыр­ды. Ол өз ілімінің барлық қағидал­а­рын ханафи мазхабы ұстанымдарының аясында дамытты. Ясауи ілімі барша түркі халықтарының, соның ішінде ол дүниеге келген өлкенің иесі - қазақ халқының да ислами дүниетанымына негіз болып қаланды. Қазақ халқының діни-ислами түсініктері Ясауи ілімінің аясында қалыптасты. Ұлттың ар-ождан кодексі рөлін атқарған Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдары қазақ халқының рухани-моральдық қағидаларында көрі­ніс тапты.
Ясауи ілімінің негізгі ұстанымда­ры­ның бірі - толеранттылық. «Бөгде дін өкіліне де азар бермеу - Пайғамбар сүннеті» («Сүннет ерміш кафир олса берма азар») деп жазған Ясауи кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды насихат еткен. «Адамзаттың бәрін сүй бауы­рым деп» деген Абай сөздері де осы ақи­қатқа тіреледі. Ясауи іліміндегі «Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл» деген ұстаным да адам баласының бәріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеу­ге, өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді. Бұл қағида бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға бағытталған. Халқымыз бұл қағиданы: «Еңкейгенге еңкей - атаңнан қалған құл емес, шалқайғанға шалқай - пайғамбардың ұлы емес» деген ұстаныммен түйіндеген.
Ясауи ілімі ағартушылыққа, ғылым-білімге шақырады. Ясауи: «Адамды ақи­қатқа жеткізетін бірден-бір жол - ғылым жолы» деп жазған. Ясауи ең­бектерінде ғылымға ұмтылу, надандық­тан қашу мәселелері жиі көтеріледі, шынайы ғалымдар ерекше құрметте­ле­ді. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Ақыл - азбайтын тон, білім - таусылмайтын кен», «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деп мақалдаған ұлтымыздың ұстанымдары да осы қағидалардан қиыс кетпейді.
Біз Ясауи ілімін ұлтымыздың рухани тарихының тағылымды тәжірибесі ретінде қабылдауға тиіспіз. Қазақ халқы ислам діні аясында ұлт болып қалып­тасса, қазақы исламның бітім-болмысы, қазақ мұсылмандығы Ясауи ілімі арқылы қалыптасты.

  1. Ясауи орынбасарлары мен ізбасарлары жайлы түсіндіріп беріңіз

Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауидің дүниенің төрт бұрышынан келген 99 000 шәкірті болған екен. Ұлы бабамыздың рухани софрасынан нәр алған осы iзбасарлары көпшiлiктiң көңiлiне құдайдың нұрын септi, халықтың көңiл сарайын ашты, Хаққа алып баратын тура жолды көрсетiп бердi. Тарихи жазбалар мен халық аузындағы аңыз-әпсаналар бойынша Қожа Ахметтiң атақты орынбасарлары мыналар: Әмір Әли Хәкім, Хасан Бұлғани (Бұлғари), Имам Мерғази (Мәруази), Шейх Осман Мағриби.
Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ясауидiң Мирату-л-Құлуб деген шығармасын жинақтаған атақты орынбасары - Сопы Мұхаммед Данышменд Зернуки ұстазынан алған бiлiмiн отырарлықтарға насихаттаған және сол қалада дүниеден өткен.
Халық аузындағы әңгiмелерге және Диуани Хикаметке қарағанда ұлы бабамыздың жоғарыдағы орынбасарларынан өзге Машын баба (Баба Мешін) атты iзбасары болған және ол - хикметтер тәрiздi “Әрбайн”, “Қылует” атты еңбектердiң авторы, тіпті Қожа Ахметпен бірге үш рет қылуетханаға түскен деген мәліметтер де бар.
Әзіреті Сұлтанның жолын басушы атақты iзбасары - әйгілі Арыстанбабтыңұлы Мансұр ата. Халық аңыздарына қарағанда Мансұр ата ұстазынан кейiн Ахметтiң қара шаңырағына иелiк еткен, одан кейін қара шаңырақ Тәж Қожаға өткен (Бұл атақты Зеңгі бабаныңәкесі).
Түркі халқына ең танымал Ахмет Ясауидіңүшінші ізбасары – Сүлеймен Хәкім ата Бақырғани екенi баршамызға аян. Әз Ахметтің жөн сілтеуімен ол Хорасан өлкесінде софрасын жайған және Хәкiм ата - «Ақырзаман кітабы», «хазіреті Мәриям кітабы» атты шығармалардың авторы.
Аңыздық мәлiметтерге қарағанда Хәкім ата аталмыш өлкеде көптеген дәруiштер жетiлдiрген. Орынбасарлары iшiндегi аты аңызға айналған атақтысы - Зеңгі баба. Зеңгі ата – Атын Орда хандарының мұсылман болуына себепкер болған ¦зын Хасан ата, Сейіт ата, Садыр ата және Бәдір атаның ұстазы.
Қожа Ахмет Ясауидің атақ-даңқы тек Орта Азия өлкесiне ғана емес, қыпшақтар арасына да кеңінен танымал болған.



  1. Ұлттық мәдениет жүйесіндегі Қ.А.Ясауи мұрасының маңызын ашыңыз культуры

Ясауи тариқаты мен мәдениеті арада қаншама ғасырлар өткеніне қарамастан, заман өткен сайын дами түсті. Тіпті ол ‡ндістан мен Анадолы сопылығының дамуына да ықпал жасады. Түркі дүниесінің, тіпті басқа халықтардағы дәруiштердiң көңіліне терең ұялаған Ахмет Ясауи 70 жылдық кеңестік дәуір жүйесінің езгісіне қарамастан, түркі халқының есінен шықпады, керісінше қуаттана түсті. Әсіресе соңғы он жылдықтағы Кеңес үкіметінің ыдырап, атеистік тәрбиенің жойылуына байланысты, Ахмет Ясауидің есімі, дүниетанымы көпшілік қауымға кеңінен танытыла бастады. Дегенмен Ясауи мұрасын зерттеу сонау ХIХ ғасырда-ақ қолға алынған болатын. Атай кетсек, ұлы бабамызды ғылыми тұрғыдан алғаш оның сопылық дәстүрі, теоремасын зерттеген түрік ғалымы - Ф.Көпрүлү. Сонымен қатар А.К.Боровков, В.А.Гордлевсий, Э.А.Бертельс, М.Б. Массон тәрізді орыс зерттеушілері Ясауи тақырыбына арнайы еңбек арнамаса да діни Лекциятарда жазған көлемді мақалаларында Ясауидің түркі халықтарының рухани өсуіне, өзін-өзі танып білуге үлкен еңбек сіңіргенін, оның мұрасына назар аудару қажеттігіне ерекше тоқталып өткен.
Ясауидің рухани дүниетанымын зерттеуге Еуропа және Америкада тұратын ясауитанушылар И.Меликофф, Анна-Мария Шиммель, Бодроглигетти сияқты ғалымдар ат салысып келеді. Қазіргі Америка Құрама Штаттарында тұратын аса көрнекті ясауитанушы Девид Де Вис есімі ғылыми ортаға Алтын Орда дәуірі кезіндегі ислам мен шамандық діни сенімдері туралы еңбектерімен жақсы таныс. Қазір Түркияда яссауитанушы К.Эраслан, К.Зейбектің еңбектері танымал.
Ал Қазақстанда Ясауи творчествосы филологиялық салада Ә.Қоңыратбаев, Қ.Сүйінішәлиев, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедов еңбектерінен орын алған. Дүниетанымдық тақырыбы бойынша Ясауи мұрасының бүгінгі өркениетпен байланысын ғылыми тұрғыдан жүйелеп, оның бүкіл әлем философиясына қомақты үлес қосқанын негіздеп талдап берген ясауитанушылардыңқатарына А.Н.Нысанбаев, М.Орынбеков, Қ.Х.Тәжікова, А.Абуов, Д. Кежнжетай еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай-ақ 1992 жылдан бастап, түркі дүниесінің атақты ғалымдары Ахмет Ясауи жайлы зерттеулер жүргізіп, мақалалар, кітаптар жазып, симпозиумдер өткізіп келеді. Ясылық Ахметтің отаны, әрі сүйегі жатқан ұлы Түркістан қаласында 1991 жылы 6 мамырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы мемлекеттік университет ашылды. Келесі жылы Қазақстан мен Түркия республикаларының келісімімен, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта ашылды. Міне бұл университеттің ашылуы бабамыздың түркі дүниесіндегі қаншалықты орны бар екендігін көрсетеді. Бүгінде университетіміздің Түркістан қаласынан басқа Шымкент, Кентау, Тараз және Алматы қалаларында филиалдары бар.
Түйiн ретiнде айтар болсақ Ахмет Ясауи - исламның нағыз өзін түркі рухында ұсынған адам, Аллаћқа ғашықтық, адам сүйіспеншілігі, діндарлық, басқа діндер мен мәзћабтарға оң көзбен қарайтын дiни төзімділік, білімге көңіл бөлетін, асқа, еңбекке құрмет көрсететін, әйел мен ерді теңұстауға тырысатын ұлы ойшыл. Ахмет Ясауи - түркі дүниесінің ортақ рухани атасы.
Ахмет Ясауи кесенесі Әлемдік мұралар тізіміне енгені, ЮНЕСКО-ның тізіміне 2003 жылы енгені белгілі. Кесене қазақ халқының, жалпы түркі әлемінің тереңнен тамырын алған рухани байлығының заттай көрінісі. Кесене- әр түрлі кезеңдерде өзіндік маңызы болған жер. Осы орынның елдің рухани өмірінде алатын орны ерекше. Әр қилы саяси-әлеуметтік жағдайлар, өзгерістер легі ғимараттың сипаты, мәні кей кезеңдерде өзгеріске ұшыраса,кей кезеңдерде дамып, қиын кезеңдерді бастан кешірді.

  1. Ясауидің дүниетанымдық ұстанымдарын талдаңыз, мысал келтіріңіз

Қ.А. Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб», «Пақырнама» сияқты бізге жеткен мұраларынан көрінеді. Ясауи қалыптастырған хикмет дәстүрінің Ислам ақиқатының халықтың жүрегіне жол тауып сіңірудегі маңызы зор болды. Олар хикмет дәстүрін таратуда зікір тәжірибесінің үш түрін: алқа зікірі, арра зікірі, құпия зікір формаларын қатар алып жүрді.
Қожа Ахмет Ясауи ілімінде шыншылдық пен әділдік үшін ғұмыр кешу халыққа қызмет етумен байланыстырылады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда қуатты махаббат пен дерт болу керек дейді. «Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда» [2]. Осы хикмет жолындағы «дертсіз адам» адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. «Қуатты махаббат» – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді [2]. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету, ол «Сізді, бізді Хақ жаратты ғибадат үшін” – дейді [2]. Бұл ғибадат – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Аллах жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз махаббат жолы. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында «дертті адам», «топырақ адам», «кемел адам», сондай-ақ, «ғарип адам» тұлғалары да дәріптеледі 
Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали «өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың»,- дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту «ашқ» мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. «Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...» «Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фәни...».
Бұлар – «өлмес бұрын өлу» философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Ясауи мұнда масиуаны Хақтан басқа барлық дүниені тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, «шынайы өмір» деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды «өлілер» және «тірілер» деп қарауға болады. Бұл жердегі «өлі» және «тірі» ұғымы рухқа байланысты. «Өлілер» – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. «Тірілер» – нәпсілерін жою арқылы рухтарына «өмір» сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның «ішкі еркіндігі» шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында «моральдық еркіндік» дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады.



  1. Ясауи ілімінің түрік-ислам мәдениетіндегі орнын түсіндіріңіз

Қожа Ахмет Ясауи ілімінде «жан тыныштығы», «шындыққа жету» адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, «Кемел адам» тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Ясауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменологиясы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстындар мистикалық институттармен тұтасып, «халық діндарлығы» түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Ясауи дың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның «құрма» символизмі арқылы Мұхаммед пайғамбарымызға (Аллахтың сәлемі және мейірімі болсын) байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың «себеп» болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей «жерасты мешітіне», яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады [8].
Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. «Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады» деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды.
Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды.
Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикметжазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы БекташЖүніс ӘміреСүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны байқалды. ХІІ ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.
Түркі жұрты мен мұсылман ортасында белгілі орта ғасырлық ғалымдардың бірі исләмнің таралуы үшін дүниеге әкелген сопылық философиялық трактаттардың иесі Қожа Ахмет Ясауи келешек ұрпаққа елеулі мұра қалдырды. Оның «Диуани Хикмет» атты туындысы адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді сипаттап ашып көрсетуге арналған [9]. 
Қ.А. Ясауи өзінің бүкіл жарқын қабілеті мен дарынын, күш жігерін түркі халқына, туған еліне жалпы түркі дүниесіне, әсіресе өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсаған ғұлама. Оның әдеби, мәдени, сопылық шығармалары бүкіл түркі әлеміне оның ішінде қазіргі қазақ әдеби тілінің кемелденуіне, ал оқу-ағарту саласындағы көзқарастары бүкіл түркі әлеміндегі, оның ішінде еліміздегі педагогикалық ой-пікірлердің пісіп жетілуіне, хикметтері мен рухани адамгершілік мұралары ұлттық тәлім-тәрбие беруде үлкен ықпал етуде. Сол себепті Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпақ емес.



  1. Ясауидің қылуеттік өмірі және оның мәнін түсіндіріңіз

Ахмет Ясауидің 63 жасынан кейін жер астынан өзіне орын қаздырып, соған түскені белгілі. Осы түскен жерін біз “қылуетхана” дейміз.
Қылует - адамның бір шетте ешкіммен сөйлеспестен тек зікір, дұғамен айналысатын орын дегенді білдіреді. Кашшани қылуетті “тірі жанға көрінбейтін жерде сырдың (көңілдің) Аллаћпен тілдесуі, оған жалбарынуы” деп суреттеген.
Қылует - тек Ахмет Ясауидің шығарған қағидасы емес. Осылай өмір сүру Хазіреті Мұхаммед пайғамбардан, тіпті одан бұрынғы пайғамбарлардан қалған жол. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің батыс тұсында жүз елу метр қашықтықта орналасқан жер асты мешіті-қылует орналасқан. Қылует діни рәсімдерге, шаруашылық жұмыстарға арналған бөлмелерден тұрады.Қожа Ахмет Ясауидің белгілі шәкірттерінің бірі - Сопы данышпан Зарнуқи Сафи ад-дин Қойлақының шежіресі «Насаб-намада» Қожа Ахмет Ясауидің қызметінде қырық жыл қылует қылғаны айтылады. Содан кейін Ахмет Ясауи шәкіртін Отырарға суфра тұтуға жібереді. Мұхаммед Данышманд Отырарда қырық жыл софра тұтты. Онда сопыхана болды.
Ахмет Ясауидің өзі де елуден аса «Халуатты» басқарып, олардың жұмысына басшылық жасауға мүридтерін жіберіп отырған.
Ахмет Ясауи кесенесі жанындағы Үлкен Қылует мешітінің құрылымын зерттеушілер келесі түрлерге бөледі:

  1. Ғар

  2. Мешіт бөлмесі

  3. Жамағатхана

  4. құжыралар

  5. Ыстық су дайындайтын бөлме

  6. Жуынатын бөлме

  7. Дәрет алатын бөлме

Ясауи жолын қуушылар қысқы қырық күн шілдеде жиылып діни жоралғылар өткізген .
Ясауи жолындағы қылует дәстүрінде қылуетке кіргендер ауыз ашқан соң қара тарыдан қылует сорпасын берген. Ол болмаса қызыл тары да қолданылған. Ыстық басуға қарбыз не айран берілген. Қылуетпен қырық күн біткен соң асханадағы қызметшілер бәрінен бұрын дәстүр бойынша қылуетханадан шығып, құрбандық шалады. Шалынған құрбандық тамақ мүшесін кәуап етіп, суық су не айранмен қылуеттегілерге берілген дейді зерттеулер.



  1. Диуани хикмет мазмұны мен мәнін талдап көрсетіңіз

Ясауидің әйгілі шығармасын Диуани Хикмет деп атаған. Өйткені, оның өлеңдерінің әрбір сөзі шеберлікпен жазылған даналық (хикмет) болып табылады.
Диуани Хикмет - түркі тілінде исламға дейінгі түркі жырауларының сөз саптау, өлең пішімдерін қолдана отырып діни-сопылық оймен жазылған алғашқы шығарма, яғни, ислам-түркі әдебиетінің “Құтты біліктен” кейінгі ең ескі шығарма үлгісі.
Диуани Хикметтің ескі тілі қай тіл екенін білу бүгiнгi күнi өзектi мәселеге айналған. Себебi, Қожа Ахметтің ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін ескерсек, қолымыздығы жазба нұсқаларының ең ескісі - ХIІ-Х‡ІІ ғасырларға тән. Ал бұл нұсқалар Ясауи дәруіштері тарапынан түрлі тілдерде көшірілген. Сондықтан қазақ жазбасындағы қазақ тіліне, өзбек жазбасындағы өзбек тіліне және татар жазбаларындағы татар тіліне жақын келеді.
Диуани Хикмет хикметтерден (даналық) құралған жинақ. Бұл жинақтағы хикметтердің барлығын Ахмет Ясауидіңөзі жазбағанға ұқсайды. Ал Қожа Ахметтіңөзі жазған хикметтердің кейбірі жоғалған және оның орнына Ясауи жолындағы бізге беймәлім дәруіштер тарапынан хикметтер қосылып, толықтырылған тәрiздi. Өйткені, кейбір хикметтерде Ахмет Ясауиден бірнеше ғасыр кейін өмір сүрген адамдардың аттары (мәселен Несами) кездесіп отырады және бір нұсқада бар хикметтер келесі бір нұсқада жоқ болып шығады. Сондықтан Диуани Хикметті тек Ахмет Ясауидіңғана шығармасы емес, бүкіл Ясауи жолындағылардың ортақ шығармасы дегеніміз жөн сияқты. Негізінде бұл шығарманы кім жазса да, хикметтердің мағынасы Ахмет Ясауидің пікірлері деуімізге әбден болады.
Диуани Хикметтің жазба, баспа нұсқаларында хикметтердің саны әр түрлі болып кездеседі. Ал Диуани Хикметтіңөзіне үңілер болсақ 4400 хикмет орын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет