Ясауитану пәнінен бақылау сұрақтары 1- деңгей



бет7/15
Дата20.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#159069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Ясауитану жауаптары (1)

Құл Хаже Ахмет ћәр бир сөзүң дердке дәрман,
Талиблерге баян қылсам қалмас арман.
Төрт миң төрт юз хикмет айттым Хақтан ферман.
Ферман болса, та өлгүнче сөзлесем мен
Бірақ хикметтегі бұл өлең жолының шындыққа жанасуы өте қиын. Өйткені бүгiнгi күнгi Диуани Хикметтердің жазба, баспа нұсқаларының Ахмет Ясауиге қатысты деген жинақтардағы хикметтердің саны 250-ден аспайды.
Диуани Хикмет соңғы екі ғасыр ішінде Қазанда, Ташкентте, Станбулда, Бұхарада және Алматыда араб, латын, орыс әріптерінде бiрнеше мәрте басылды.
Ислам дінінің негіздерін, шариғат үкімдері мен Әћли сүннет (сүнни) сенімін ислам дінін қабылдай бастаған түркілерге үйрету, сопылықтың мәнісін, тариқаттың әдебі мен негіздерін мүридтеріне түсіндіру Ахмет Ясауи хикметінің басты мақсаты болып табылады.
Бұл шығармада ислам дiнi, түркі сопылығы мен Ясауи тариқатының негіздері, сенімдер мен нанымдар, ахлақ т.б. Лекциятар қамтылған. Сонымен қатар аталмыш шығармада мінәжәт, мадақ өлеңдер, Аллаћқа деген ғашықтық, Аллаћтың бірлігі, оның шексіз қалауы мен құдіреті, Хазiретi Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға деген сүйіспеншілік, Хазіреті Пайғамбардың сүннеті, нәпсі тәрбиелеу, зүћд (дүние рахатынан аулақ жүру) пен тақуа (Алладан қорқу), құлшылық, ислам ахлағы, ислам аңыздары, ахирет өмірі, қиямет жағдайы, жәннәт-жәћәннәмды (жұмақ-тозақ) суреттеу, алдамшы өмірден шағымдану, дәруіштердің артықшылықтары, жалған сопылар, мұсылман сопыларының қиссалары, зікір мен қылует сияқты Ясауи тариқатының әдептері мен негіздеріне байланысты дүниелер қамтылған.



  1. Дін және мәдениет арақатынасын түсіндіріңіз

Дін мәдениет, философия, психология, социология т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Тіпті ғылымдардың барлығы діннен шыққан десек те артық етпес. ¤йткені ежелгі дәуірлерде ғылым салалары адамзатқа беймәлім болғанда адамдар бір наныммен өмір сүрді. Ал бұл дін болып табылады. Виктор Кузин "барлық нәрсе діннен шыққан" деп осы пікірімізді қуаттайды.
Дiн – “жаза”, “сый”, “үкiм”, “есеп”, “бас ию”, “ғибадат”, “заң” және “жол” т.б. мағыналарға сәйкес келетiн араб тiлiнен енген сөз. Ал дiн ұғымына келер болсақ бүгiнгi күнге дейiн адам баласы бір тоқтамға келмеген. ¤йткені жер бетіндегі түрлі сенімдегі дін иелерінің (теолог) өз дініндегі сеніміне байланысты немесе діннің түрлі ғылымдармен тығыз байланысты болғандығынан түрлі ғылым иелері түрліше анықтама беріп келеді және дін жайлы анықтамалардың саны да өте көп.Адам "дене" (тән) мен "рух" (жан) деген екі жаратылыстың бірігуінен тұрады. Егер адам денесіне керек қажеттіліктермен (тағам, сусын, киім-кешек, ауа) қамтамасыз етпесе, дененің өмір сүруі тоқтайды. Сондықтан әрбір адам денесін денеге қажет нәрселермен қамтамасыз ету керек екендігін біледі.Ал дін – рух, көңіл азығы. Сондықтан бір адамның толық бір бүтін адам болуы үшін дін керек. Егер адам діннің азамзатқа қажеті жоқ деп түсінсе, өзі де ешбір дінді ұстанбаса, ол адам жарым жан адам іспетті рухани дүниесі кедей, азғындаған адам болып табылады және ол адамнан түрлі қылмыстар мен күнәлі істер күтуге болады. Ал дін болса, адамның кез келген қылмысқа баруына тосқауыл болады, рухына моральдық азық болады. Дін дегеніміз - сенім. Осы сенім бойынша өмір сүретін адам ауыр қылмыстар мен күнәлі істерге бармайды. Өйткені дүние жүзіндегі діндердің қайсы бірін алып қарасақ, оның ешбірі жеке адамға, қоғамға зиян беретін жолдарға баруға тыйым салады. Тіпті дін - адамның көңіліндегі, жүрегіндегі көңiл, жүрек кiрлерiнен тазалаудың негізгі құралы.



  1. Ахмет Ясауидің тілге қызметін талдаңыз

Ақынның туған жері қазіргі Түркістан облысының Сайрам ауданы.
Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы - тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды. Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр кешкені жөнінде әр түрлі деректер бар. Бір деректе 73 жыл, келесілерінде 85 жас деп берілген.
Ж.Аймауытов ақынның 149 - шы хикме-тіне сүйеніп, Ясауиды 125 жас жасаған дейді. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді.Оның жолын ұстанған шәкірт-тері мен сопылықты уағыздаушылар түркістандық ғұламаны күллі әлемге танытты.Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке орай туын-дының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV - XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана.Диуан - жинақ, хикмет - алланың құдірет күші, яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап» деген мағынаны білдіреді.
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса өлгенше жырласам мен,-
деп, даналық сөздерінің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Йасауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға болады.
1.Сопылық ілімінің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы. Бұған үгіт, насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім - тәрбие сипатындағы хикметтер жатады.
2.Ақынның өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары.

  1. Ясауи іліміндегі діни төзімділікке мысал келтіріңіз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет