§ 7 . Мәтінді теру және өндеу
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
3.1.2.1 - компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
3.1.2.2 - компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;
3.2.1.1 - мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар үшін:
Мәтінді теру, өңдеу ережесімен танысады. Пернелер қызметімен танысады.
|
Көптеген оқушылар үшін:
Мәтіндік редакторда қарапайымсөйлемдерді теріп, өңдеп, сақтау, ашу командаларын біледі.
|
Кейбір оқушылар үшін:
Практика барысында мәтіндерді теруді, сақтауды, мәтіндермен жұмыс жасауды үйренеді.
|
Бағалау критерийі
|
Мәтіндерді теру, өңдеу ережесімен танысады. Пернелер өызметімен мәтін тер барысында өолдана алады.
Мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруі, өңдеу, сақтау, ашу командаларын біледі.
Практика барысында қолдана алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Пәндік лексика және терминология:
Мәтін, Сақтау,WordPad редакторы, құжат құру
|
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
- Компьютерде мәтінді теру үшін қандай бағдарламаларды қолдану жөнінде ойыңмен бөліс.
-Мәтіндік редакторлардың негізгі қызметін қалай сипаттауға болады?
-Мәтіндік редакторды пайдалану несімен тиімді?
Қолмен және мәтіндік редакторда мәтін жазудың артықшылығы немесе кемшіліктерін анықтаңдар? Неліктен?
|
Жазу:
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды жазу.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Пернетақтамен жұмыс
|
Жоспар
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
қосымша ресурстар
|
Басталуы
|
Ой сергіту жаттығуы. «Ханталапай» ойыны
-ортаға түрлі түсті асықтар тасталады. «Ханталапай» дегенде асықтарды жинап алу қажет. Кім көп асық жинаса, жеңімпаз болады. Ойынды 2-3 рет қайталап ойнауға болады.
Үй тапсырмасы. «Сократтық шеңбер»
-оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер болып тұрады. Сыртқы шеңбер ішкі шеңберге алдыңғы тақырып жөнінде сұрақтар қояды. Рөлдермен ауысады.
Оқу мақсатымен таныстыру.
|
|
Негізгі бөлім
|
Ой қозғау.
Оқушылар жұптасып, бір-біріне өздері оқитын мектептің ерекшеліктері жөнінде әңгімелейді.
Топтық жұмыс
Оқушылар топта өздерінің мектебі жөнінде шағын 3-5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады (кейбір топтар мен оқушыларға тірек сөздер немесе суреттер ұсынуға болады.)
Мұғалімнің түсіндірмесі.
-оқулықтағы жаңа ақпаратпен және 2-сурет және құрал саймандар мен мәтіндік редактор қызметін интер тақтада түсіндіреді.
Практикалық жұмыс.
-Оқушылар мектеп жайлы құрастырған мәтіндерін компьютерге енгізуі керек. Тапсырманы жеке орындайды. Оушылар жазған сөйлемдерін өткен тақырыппен байланыстырып сақтау керек.
Топтық тапсырма:
Мәтіндік редактормен жұмыс жасаудың ортақ ережесін құрастырады. Жариялап, өзара бағалау жүргізіледі.
|
Оқулық
Дербес компьютер
А 4 қағаздар
|
Аяқталуы
Рефлексия
|
Жұмыс дәптерінде осы тақырыптың тапсырмаларын орындау.
Ойлан! Сұрақтарына жеке, топта, ұжымда жауап беру.
|
Жұмыс дәптері
Оқулық
|
Үй тапсырмасы
|
Мәтіндік редактор құралдарын қызметін жатқа білу.
Компьютерде 15 -20 сөзден тұратын мәтін теріп жазу.
|