Басталуы
|
Ой сергіту жаттығуы. «Күннің нұры»
-Оқушылар дөңгеленіп отырады. Ортада ойынды жүргізуші қатысушылардың көпшілігіне ұқсас белгілерді айтады. Ал, олар орындарын ауыстыруы керек. Босаған орынға жүргізуші отырады. Ортаға орын болмай қалған ойыншы әрі қарай жалғастырады.
Үй тапсырмасы. «Эстафета»
Сынып 2 шағын топтарға бірігеді. 1-топ: Wordpad бағдарламасында мәтінді теру қадамдарын ретімен орналастырады.
2-топ: құрал саймандар қызметін сәйкестендіреді. Топтар бірін-бірі бағалайды, өзара кері байланыс береді.
-Оқу мақсатымен, тақырыппен таныстыру.
|
Қима қағаздар. А3 қағазы, желім, стикерлер, маркер
|
Негізгі бөлім
|
Ой қозғау.
Оқулықтағы ұсынылған сұрақтар негізінде топта, ұжымда оқушылар жауабы тыңдалады.
«Мен армандаған үй» доп лақтыру арқылы әр оқушы өзінің армандаған үйінің ерекше белгісін атап өтеді.
Компьютермен жұмыс
WordPad бағдарламасында «Киіз үй» тақырыбында әңгіме құрастырып, сурет қояды.
Мұғалімнің түсіндірмесі
2-суреттің мазмұнын мұғалім интертақтадан түсіндіреді. Оқушылар бірге орындайды. Бейне кірістіруді үйрету.
Практикалық жұмыс
Оқушылар практикалық тапсырманы жеке орындайды, жұптасып, бірін-бірі бағалайды.
|
Оқулық
Дербес компьютер
|