Жағдайлық есеп:
1. Науқасқа мынадай диагноз қойылды, жедел инфаркт миокардісі , мониторда жатыр, экг –да бір экстрасистолия пайда болды, майда тісшелер минутына 360 рет, науқас есін жоғалтты, тынысы жоқ, ұйқы артериясында пульс анықталмайды. Қарашығы кеңейіп жатыр, арефлексия, диагноз қойыңыз, әрекетіңіз.
2. Қабылдау бөлімшесіне 53 жастағы ер адам келді, төс астының және эпигастридің күйдіірп ауруына шағымданады, жүрегі айнып, басы айналып, қатты қорқыныш сезімі бар. Анальгетик және нитроглицериннен эфект жоқ. Науқас бозарған, мұздай тер басқан. Пульс жіп тәрізді, жүрек тондары тұйық, ритм дұрыс емес, экстрасистолия. ЖСЖ минутына 54. АҚ 60/40 мм. рт. Ст. Науқас бірден есін жоғалтты, бозарды, тыныс тоқтады, пульс жоғалды, қааршығы кеңейді, фотореакция жоқ. Сіздің әрекетіңіз.
3. Госпитальға дейінгі этапта ӨЖР жасалынған: Өкпені жасанды желдендірі, жүрекке массаж, медикаментозды және инфузионды терапия. Науқаста жүрек соғысы пайда болды, ЖСЖ 104 минутына, АҚ 145/80 мм.рт. ст. Науқастың есі жоқ, тынысы да жоқ. Гипоксиялық комадан шығару жоспары.
5-сабақ
1. Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік күтім мен паллиативті көмектің мазмұны, мақсаты.
2. Мақсаты: Медициналық және әлеуметтік көмектің дағдысын меңгеру және теориясын оқу, тыныс жетіспеушілігі бар науқастың және оның жанұясының өмір сапасын жақсарту үшін тыныс жетіспеушілігін ерте анықтау, бағалау және ескерту.
3. Оқыту мақсаты:
Паллиативті көмек бөлімшесінде тыныс жетіспеушілігі бар науқастарға паллиативті көмекті ұйымдастыру
Үй жағдайында тыныс жетіспеушілігі бар ауруларға көмекті ұйымдастыру: үй жинау, ас әзірлеу, кір жуу, тамақтандыру, күту, құжат дайындау.
Тыныс жетіспеушілігі бар науқастарға бөлімшеде күтім көрсетуді ұйымдастыру: санитарлы-гигиеналық ем-шара, тамақтандыру, сереуендеу кезінде көмек, мүгедектер үйінде көмекті ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |