Юриспруденция кафедрасы


Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары



бет42/61
Дата18.06.2022
өлшемі1,18 Mb.
#146739
түріСеминар
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61
Байланысты:
Юриспруденция кафедрасы

2.Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары.Қоғамдағы, мемлекетті дамытуда, оның құқығын нығайтуда қуатты құралдарының бірі – еңбекші бұқара. Сондықтан заң жобаларын талқылауға, құқықтық нормалардың дұрыс қолдануына, мүлтіксіз орындалуын бақылауға олар белсенді қатысады. Құқықтық сананы заңды мінез-құлқы деп те атайды. Бұл құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның сана-сезімі. Осы сана-сезім арқылы заң роындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқы нормаларының талаптарына сәйкелсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.
Құқытық сана-сезім арқылы қоғам басқарылады, оны өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі түсінеді,сондықтан құқықтық қатынастардың басым көпшілігі заңды міне-құліқ негізінде құрылады. Азаматтар құқықтың талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес сана-сезім екіге бөлінеді: белсенді заңды мінез-құлық және бәсең заңды мінез-құлық.
Белсенбі заңды мінез-құлық – лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасы мен белгілі мақсатқа бейімделген заңды әрекеттері. Бұл мінез-құлықтың түрлері сан алуан, ол – субъектілердің өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктелгенміндеттерін қалтқысыз саналы түрде орындауы, сонымен қатар құқытарын жүзеге асыра отырып мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың жұмыстарына белсене қатысып әлінше көмектесу, заңдардың жобаларын талқылауда бет көрсетіп, өз пікірін ротаға салу – міне, құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады.
Енжар заңды сана-сеземнің көрнісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен орындайды, норматитік актілерді жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Мұндай мінез-құлық екі тарапта да ұтылыста болады. Мысалы, шартты қатынаста субъектілердің екеуі де немесе біреуі міндеттерін дұрыс орындамаса екі жағыда ұтылыста болады, зиян шегеді. Мұндай енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке де зиян келеді.
Қоғамның эконмикалық, әлеуметтік, мәдинеттік дамуы жақсы деңгейі болса адамдардың сана-сезімі де сол дәрежеде болады. Осыған сәйкес қоғамның құқығы да жақсы дамып, қатынастарды жақсы реттеп басқарып отырады.Егерде қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы дағдарысқа ұшыраса онда сана-сезімнің сапасы төмендеп, құқықтық нигилизм, немқұрайлық етек жая бастайды. Қылмыстың саны күрт өседі, қоғамдағы заңдылық пен құқытық тәртіп нашарлайды. Оның себептері:

  1. Азаматтардың көпшілігінде демократиялық мәдинеттің жоқтығы.

  2. Қоғамда әкімшілік-әміршілік жүйенің ұзақ уақыт өмір сүруі.

  3. Ескі мемлекеттің ыдырауы, жаңа жүйенің толық қалыптаса қоймауы.

  4. Қоғамның экономикалық-әлеуметтік деңгейінің нашарлауы.

Қазігі өтпелі кезеңде қазақстан републикасының алдында тұрған мүдде-мақсаттары өте көп. Солардың бірі – халқымыздың құқықтық сауаттылығын көтеру, оның негізгі бағыттары:

  • Елімізде құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту. Бұл іске қоғам болып кірісу;

  • Тәрбие жұмысын барлық бағытта жандандыруға көңіл бөлу; инабаттылық, парасаттылық, патриоттық, тәртіпшілік, еңбекшілдік, діни т.б. бағыттарда.

  • Халықтың рухани сана-сезімін, білімін жақсарту;

  • Мемлекеттің заң шығару, құқықтық нормаларды орындау жұмысын жақсарту;

  • Мемлекет аппаратындағы қызметкерлердің мамандық сапасынкөтеру;

  • Заңдылыққа, құқықтық тәртіпке қатаң бақылау жүргізу.

Осы көрсетілген бағыттар арқылы құқытық тәрбиені жақсарту тек аппараттың ғана жұмысы емес. Бұл күрделі және өзекті іске қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси ағымдар мен ұйымдар белсенді түрде қатысулары керек.
Құқықтық тәрбиені жақсарту үшін қоғамның экономикалық, әлеуметтік жағдайын, жақсарту, демократияны, бостандықты, теңдікті дамыту керек, сонда ғана іс нәтижелі боладын.
Сонымен, құқытық сананың сапасын жақсартып, қоғамдағы оның маңызын көтеруге зор үлес қосатын құқытық психология мен құқытық идеология. Бұл психология мен идеологияны теңестірсек идеология басым болады. Өйткені психология адамдардың санасында заңдарға олардың қолдануына байланысты туған тек әсерлерін. Көңіл-күйін, сезімдерін ғана көрсетеді. Ал, идеологияның қоғамға әсерінің шеңбері де, кеңістігі де өте кең,маңызыда анағұрлым жоғары. Идеология құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастарды белгілі бір жүйеге келтіріп, ғылыми негізде дәлелдеп қызмет атқарады.
Мұндай тұрақты қалыптасқан демокртиялық, мәдени әлеуметтік құқықтық идеология әр мемлекетте өте қажет. Онсыз қоғам сапалы, жақсы дами алмайды. Оны біздің еліміздің 10 жыл тәуелсіз дамыған тарихымыз дәлелдеп отыр. Кеңестік дәуірде 60 жыл үстемдік жасаған коммунистік салт идеологияға нигилистік көзқарасты қалыптастырып, еліміз көптеген қиыншылықты, қолайсыз жағдайларды бастан кешіріп отыр. «Тәуелсіздікке қол жетті, Ата Заң қабылдадық, дүниежүзілік ұйымдарға тең құқылы мүше болдық» дегелі 7-8 жылдан асса да, нені ардақтап, нені мансұқтауды білмейтін пұшаймандық тағы бар. Мұның аты – ұлттық немесе мемлекеттік идеологияның жоқтығы. Идеология дегеніміз – мемлекеттің жүрегі. Жүрегінде өзіне тән қасиет жоқ адамдардың дара тұлға еместігі кімге құпия? Өзіндік идеологиялық бағыт-бағдары, ұлттық білімі жоқ мемлекет ше? Ол кімге қажет? Әрине, бізге қажеті жоқ. Бірақ сырттағы біреулерге ол ұнайды. Өйткені мұндай мемлекетті бостандықта ұстау оңай.
Тәуелсіз жас мемлекеттің іргесін нықтауға байланысты тұжырымның бірі ілімдік жағынан қортылуы тиіс. Ондай ұлттық идеологияның негіздері бізде жоқ емес. Тек оны нақтылай, дәлелдей түсу керек. Ғылым дәрежесіне қарай бейімдеу қажет. Құқықтық қоғамы бар мемлекет құрамыз, оған керегі жалпы азаматтық идея деп тұрсақ та, Қазақстанның өзіне лайық идеологиясы болуын ешкім жоққа шығармас.
Қорыта айтсақ, құқықтық идеологияны жаңғырту,озық өркениет жетістігін қабылдау, мәдинет пен өркениетті ұштастыру, ұлттық тұлға тәрбиелеу, мемлекетімзде қаржы-қаражат, заң, өндіріс, өндіргіш күш, білім беру, денсаулық сақтау мен бұқаралық ақпараттың үйлесімін тауып үндестіретін құрал – мемлекеттік, ұлттық, құқықтық идеяны қалыптастыру.
Бұл жерде ескеретін мәселе Кеңестік дәуірде заң ғылымын марксизм теориясына сәйкес түсініп, ғылыми зерттеулерді, құқытық мамандарды дайындауды осы бағытта жүргізіп келдік. Дүниежүзілік заң ғылымымен байланысымыз жоқтың қасы болды. Олардың мемлекет және құқық теориясының жаңалықтары мен жетістіктерін біз қолданбадық, пайдаланбадық. Сөйтіп, Кеңестік заң ғылымы біржақты дамып, көп кемшіліктерге әкеп соқты.
Қазіргі кезде ТМД елдерінде заң ғылымы бір идеологияның құрсауында болудан бостандық алып , дүниежүзілік ғылыммен қауышып, мемлекет және құқы теориясын жан-жақты дамытуға мүкіншілік қалыптасып, бұрынғы жіберілген қателіктерді, кемшіліктерді түзетуде.
XXI ғасырда қоғамның объективтік даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, қортында тұжырымдар жасауы қажет. Оны дүниежүзіндегі барлық елдердің ғалымдарымен бірігіп жасау. Сонда ғана нәтиже болады.
Қазақстанда құқық жүйесінің болашақта даму бағыттары:

  1. Құқытық идеологияны қалыптастыруға қоғамдағы барлық саяси, әлеуметтік күштер, ұйымдар бәрі бірігіп, үлес қосуы қажет. Әрбір одақ әр жаққа тартса қоғамда тұрақты бірлік те, сапалық құқытық идеология да болмайды. Мұндай қоғамның болашағы жоқ деуге болады.

  2. Құқытық идеологияны қалыптастыру жұмысы жариялы, ашық, демократиялық түрде жүргізіліп, барлық халықты, олардың құрған ұйымдарын қатыстыруға толық мүмкіншілік беру қажет.

  3. Құқытық идеологияны қалыптастыру процесінде халықтың көпшілігін мүддесін іс жүзінде асырамыз деп, азшылықтың, жеке адамдардың мақсатына нұқсан келтірмеуі қажет. Өйткені демократиялық қоғамда жеке адамдардың бостандығы мен құықтарына шектеу жасауға қатаң тыйым салу қажет.

  4. құқықтық идеологияның алдындағы санқырлы мүдде-мақсаттың ең күрделісі, ең маңыздысы: қоғамның саяси-экономикалық және Қазақстанның тәуелсіздігін, қорғанысын күшейту. Міне, осы мәселелерге мемлекет, халық, барлық ұйымдар, бірлестіктер, ұжымдар, саяси партиялар бірігіп іс-әрекет жасаулары өте қажет. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігі күшеймей, басқа жақсылықтарды күту, болады ғой деп сену – жай қиял.

Сонымен, құқықтық сана халықтың, адамдардың саяси және құқытық жауапкершілігін арттырады, өздерінің заңдарда көрсетілген құқықтары мен міндеттерін адал орындап отыруына, мемлекеттік және еңбек тәртібін қатаң сақтауға зор үлес қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет