З. Е. Сүлейменова, М. Т.Қошанова педагогика ббк 74. 00 С 90 Рецензенттер



бет11/11
Дата25.08.2017
өлшемі2,88 Mb.
#27827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Глоссарии


  1. Анализ - бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу.

  2. Аннотация - тексттің мазмұнын бірнеше сөйлеммен беру;

  3. Акселерация - баланың дене және психикалық дамуының тездеуі.

  4. Анкета - алдын-ала дайындалған сұрақтарға жазбаша жауап беру.

  5. Айқындаушы (анықтаушы) эксперимент – зерттеу обьектісінің бастапқы жағдайын анықтап көрсетеді.

  6. Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі.

  7. Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту

  8. Адамгершілік тәрбиесі – балалардың бойында моральдық нормаларды, құндылықтарды қалыптастыру.

  9. Азаматтық тәрбие – отансүйгіштік, басқа азаматтар мен мемлекетке деген сыйластық сезімді тәрбиелеу.

  10. Аттестациялау – білім беру мекемелері қызметкерлерінің педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейңн анықтау.

  11. Әдіс (гр. «методос» - метод) - ақиқатқа, шындыққа жетудің жолдары.

  12. Әдіснама (методология) - табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы.

  13. Әдістеме (методика) - жеке пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогиканың саласы.

  14. Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.

  15. Әлеуметтену – адамның әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне енуі

  16. Әңгіме - балалардың санасын қалыптастыратын тәрбие әдісі.

  17. Әңгіме – сұрақ қою арқылы оқушыны зерттеу әдісі.

  18. Әскери педагогика - әр түрлі рангтегі әскери адамдардың тәрбиелік іс-әрекеттерінің заңдылықтарын зерттейді.

  19. Баяндама - тақырыптың мазмұнын көпшіліктің алдында баяндау.

  20. Білім беру - табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.

  21. Білім - табиғат пен қоғам туралы әрбір ғылым саласында жинақталған фактілер, ұғымдар, заңдылықтар жүйесі.

  22. Білім беру жүйесі - білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мекемелердің жиынтығы.

  23. Білім беру стандарты – оқушылар меңгеретін міндетті білім деңгейін көрсететін құжат

  24. Бағалау – көрсетілген критерий бойынша студенттердің БІД-ның сапасын анықтау.

  25. Библиография - зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттер тізімін құру;

  26. Белсенділік - адамның іс-әрекет үстіндегі жағдайы.

  27. Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру.

  28. Бақылау әдістері - ауызша, жазбаша.

  29. Бақылау түрлері - ағымдық, аралық, қорытынды.

  30. Бақылау формалары - фронталдық, топтық, дербес.

  31. Бағалау - бір нәрсенің сапасын анықтау.

  32. Бағалау формалары - бес баллдық, ауызша, жазбаша, тест, рейтинг.

  33. Болжау әдісі - зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе қозғалысын көрсету үшін қолданылатын әдіс

  34. Гимназия - оқушылардың қабілеті мен қызығушылықтарына қарай оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын жалпы орта білім беретін оқу орны. Гимназия 1-ші сыныптан басталады.

  35. Генетика - тұқым қуалаушылық жайлы ғылым.

  36. Дағды - әрекеттің саналы түрде автоматтануы.

  37. Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогиканың саласы.

  38. Дидактика - гректің «дидактикос» деген сөзінен шыққан, қазақша мағынасы - оқыту, үйрету.

  39. Дефектология - көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойында табиғи кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін педагогиканың арнаулы саласы.

  40. Даму - организмнің өсіп жетілуі (дене мүшелерінің, жоғары нерв қызметінің, психикасының дамуы).

  41. Дүниетаным - жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.

  42. Девиантты мінез-құлықты балалар, немесе «қиын балалар» - бұлар еңбекке, оқуға, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.

  43. Дедуктивтік ойлау - жалпыдан жекеге қарай ойлау.

  44. Дискретті бақылау – белгілі уақытта үзіліп, артынан қайта жалғасатын бақылау.

  45. Дене тәрбиесі – денсаулықты нығайту, сақтау, дененің дұрыс дамуын қалыптастыру.

  46. Еңбек тәрбиесі – еңбекке деген дұрыс көзқарасты, еңбексүйгіштікті, еңбек тәртібі мен еңбек міәдениетін қалыптастыру

  47. Жазалау - оқушының жағымсыз, теріс қылығын тежеу, болдырмау әдісі.

  48. Жоспар - негізгі тұжырымдарды, ойларды ретімен жазу;

  49. Жаттықтыру - әр түрлі ситуацияларда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы.

  50. Жарыс - балалардың ұжымдық іс-әрекетін, белсенділігін қалыптастыратын әдіс.

  51. Жанама бақылау – басқа адамның көмегімен жүзеге асырылады.

  52. Жасырын бақылау – зерттеушілер өздерінің зерттеліп отырғанын білмейді, техникалық құралдардың көмегімен жүргізіледі.

  53. Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі.

  54. Жеке жұмыс - әр оқушының өздігінен тапсырманы орындауы

  55. Заңдылық - жүйе ішіндегі бірліктердің байланысы.

  56. Заң - қалыптасқан обьективті шындық,

  57. Интервью (сұқбат) - алдын-ала дайындалатын сұрақ-жауап арқылы бір адамды зерттеу.

  58. Инновация - ағылшын сөзі, жаңалық деген мағынаны білдіреді.

  59. Инновация - оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу.

  60. Индуктивтік ойлау - ойдың жекеден жалпыға қарай қозғалуы.

  61. Индивид (лат, жекелік) – адамзатттың еш қасиеттері ескерілмеген өкілі.

  62. Категория - ғылымның негізгі ұғымдары.

  63. Конспект - тексттің қысқаша мазмұны;

  64. Классификация - топқа жіктеу.

  65. Кәсіптік білім беру - әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жайлы біліммен оқушыларды қаруландыру.

  66. Кәсіптік диагностика - кәсіптік бағдар беру мақсатымен әрбір оқушыны зерттеу.

  67. Кәсіптік іріктеу - жастардың белгілі бір мамандыққа жарамды не жарамсыздығын анықтау, профессиограмма жасау.

  68. Кәсіптік консультация - оқушының мамандыққа бейімділігін, мүмкіншіліктерін анықтау, сол мамандыққа жарамдылығы туралы шешім шығару.

  69. Кәсіптік адаптация - әр түрлі жоғары оқу орындарында оқитын және кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастардың кәсіби еңбек ету жағдайына бейімделуі.

  70. Қайта тәрбиелеу - оқушының тәртібі мен мінез-құлқындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған тәрбиелік ықпалдар жүйесі.

  71. Қалыптасу - даму мен тәрбие процесінде адамның жетілуі, яғни ақыл-ойының, мінез-құлқының жетілуі.

  72. Қалыптастырушы эксперимент зерттеу обьектісін қайта құруға бағытталады.

  73. Қоғамдық пікір - ұжым мүшелерінің баға беруі.

  74. Қарама қайшылық – педагогикалық процестің қозғаушы күші.

  75. Құқықтық тәрбие – қоғамдағы нормалар мен заңдарды құрметту дағдыларын қалыптастыру.

  76. Лицей - 2-ші не 3-ші сатыдағы оқушыларды қамтиды, әрі жоғарғы сатыдан бастап кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асырады.

  77. Лабораториялық жұмыстар - арнайы құралдарды пайдаланып, мұғалімнің басшылығымен оқушылардың құбылыстарды, заттарды зерттеуі.

  78. Лабораториялық эксперимент арнаулы жағдайда, оқушылардың бңлгілі бір тобымен өтеді.

  79. Мақсат - субьект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі.

  80. Мадақтау - оқушының жақсы іс-әрекетін ынталандыру әдісі.

  81. Міндет - мақсатқа жету жолдары.

  82. Мектеп гигиенасы - жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту, қорғау жайлы ғылым.

  83. Модельдеу әдісі - зерттелетін проблеманың көрнекі бейнесін жасау

  84. Мұрат - адам баласының жоғары мақсаты, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.

  85. Микрофактор – жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін адамдардың кіші тобы: отбасы, туыстары, ауласы.

  86. Мезофактор– жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін адамдардың орташа тобы: мектебі, көшесі, қаласы.

  87. Макрофактор – жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін адамдардың үлкен тобы: ел, мемлекет, қоғам.

  88. Мегафактор– жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін адамдардың өте үлкен тобы: бүкіл әлем, планета, космос.

  89. Модус - адамның қажеттіліктері, мақсат-мүдделері, наным-сенімдері, ынта-ықыластары

  90. Неотомизм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуын құдайдың жаратуымен байланыстыратын бағыт.

  91. Нысана (обьект) – ғылымның зерттеуге алатын саласы

  92. Оқыту - білім берудің негізгі жолы.

  93. Оқыту процесі - оқытудың мақсатын жүзеге асыратын процесс.

  94. Оқыту процесінің функциялары - білім беру, тәрбиелік, дамыту.

  95. Оқыту принциптері - оқытуға қойылатын талаптар.

  96. Оқу жоспары - оқу пәндерінің құрамын, әрбір сынып бойынша апталық сағат санын анықтайтын құжат.

  97. Оқу бағдарламасы - пәндер бойынша оқытылатын тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат.

  98. Оқыту әдісі – оқытудың мақсатына жету жолдары. Оқыту әдістері «Қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауап береді.

  99. Өзін-өзі тәрбиелеу - өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті.

  100. Пән – нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі.

  101. Педагогика (гр. «paida» - бала, «qoqik» - жетектеу) – жалпы адам тәрбиесі жайлы ғылым.

  102. Педагогика пәні - тұтас педагогикалық процесс.

  103. Педагогиканың обьектісі – педагогикалық іс-әрекет.

  104. Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.

  105. Педагогикалық бақылау - белгілі мақсатпен қалыпты жағдайда педагогикалық процесті зерттеу әдісі. П.б. ашық, жасырын, жанама, тікелей, үздіксіз, дискретті деген түрлері бар.

  106. Педагогикалық кеңес - мектептің барлық іс-әрекетін басқаратын тұрақты орган.

  107. Пенитенциарлық мекеме – түзету орындары (түрме).

  108. «Принцип» латын сөзі, қазақша мағынасы ереже, талап дегенді білдіреді.

  109. Процесс (лат. «processus») - алға қозғалу дегенді білдіреді.

  110. Психология - психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), яғни адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

  111. Преформизм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуында тұқым қуалаушылықтың ролін айрықша бағалайтын бағыт. Баланың қабілеттері, мінез-құлқы анасының құрсағында жатқанда қалыптасады деп түсіндіреді.

  112. Педология – «балалар туралы ғылым», жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалаушылық пен ортаны жоғары бағалап, тәрбиенің ролін жоққа шығарады.

  113. Прагматизм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуында әлеуметтік ортаның ролін жоққа шығаратын.

  114. Пікірталас - жоғары сынып оқушыларынның баға беруін, өз көзқарасын, ойын дәлелдеп айтуға үйрететін әдіс.

  115. Перспектива - ұжым алдындағы мақсат. Перспектива жақын, орта, қашық болып бөлінеді.

  116. Профессиограмма - бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу.

  117. Персонификация (лат. жеке тұлға) ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен жеке тұлғаның дамып қалыптасуы.

  118. Ранжирлеу – құбылыстардың, сапалардың өсуін, не төмендеуңн анықтау үшін қолданылатын әдіс.

  119. Рейтинг - оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетін баллдық көрсеткішпен бағалау әдісі.

  120. «Рейтинг» - ағылшын тілінен аударғанда «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген мағынаны білдіреді.

  121. Реферат - белгілі бір тақырып бойынша бір немесе бірнеше әдебиеттердің мазмұнын жазбаша түрде жеткізу;

  122. Рецензия – шығармаға өзінің ойын, пікірін білдіру

  123. Сауықтыру педагогикасы - оқу-тәрбие процесәнен ұзақ уақыт қол үзген, ұзақ уақытқа емделетін ауру балаларға білім беру мәселесін зерттейтін педагогиканың саласы.

  124. Салыстырмалы педагогика - әрбір елдердегі білім беру мен тәрбие жүйелерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.

  125. Себеп-салдарлық әдіс - құбылыстың себебі мен салдарын анықтау.

  126. Сенім - терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы.

  127. Семинар - жоғары сыныптарға арналған сабақ түрі. Семинар тақырыпты тереңдете оқып-үйренуге, талқылауға арналады.

  128. Сұрау әдісі - ауызша сұрақ қою арқылы бір немесе бірнеше адамды зерттеу әдісі.

  129. Социометрия - ұжымдағы қарым-қатынасты зерттеу әдісі.

  130. Статистикалық әдіс - зерттеу нәтижесін формулалар мен есептеу арқылы анықтау әдісі.

  131. Синтез - заттың бөліктерін ойша біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру.

  132. Табиғи эксперимент – қалыпты жағдайда жүргізіледі.

  133. Тарихи-салыстырмалы әдіс - зерттелетін проблема жайлы әдебиеттерді зерттеу.

  134. Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру.

  135. Тест - белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ., қатаң бақылауда өтетін тексеру.

  136. «Тест» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «тексеру» деген мағынаны білдіреді.

  137. Тәрбие - тар мағынада - мұғалімнің, тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстары. Кең мағынада, тәрбие деп табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалын айтады.

  138. Тәрбие формасы - тәрбие процесінің сыртқы көрінісі.

  139. Тәрбие процесі - тәрбиенің мақсатын жүзеге асыратын процесс.

  140. Тәрбие процесінің ерекщеліктері - көпфакторлы, ұзақ, комплексті, екіжақты.

  141. Тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.

  142. Тәрбие заңдылықтары - орындалуы жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижелерге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар.

  143. Тәрбие прициптері - тәрбие процесіне қойылатын талаптар.

  144. Тәсіл - әдістің құрамдас бөлігі

  145. Тікелей бақылау – зерттеуші өзі жүргізеді.

  146. Түсіндіру - тәрбиеленушіге сөзбен әсер ету әдісі.

  147. Технология - «техно» -өнер, шеберлік, «логос» - ғылым деген сөздерден құралған.

  148. Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-анамен биологиялық ұқсастығы: шашы мен көзінің түсі, бет әлпетінің, жүріс-тұрысының ұқсастығы.

  149. Темперамент - жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін меншікті дара ерекшелігі. Темпераменттің холерик, сангвинник, флегматик, меланхолик деген типтері бар.

  150. Теориялық зерттеу әдістері - әдеби көздерді зерттеу, талдау және жинақтау, абстракциялау және жалпылау, модельдеу, болжау, математикалық әдістер.

  151. Топтық жұмыс – оқушылар төрт-бес адамнан бірігіп тапсырма орындауы.

  152. Факультатив - оқушылардың қалауы бойынша пәнді тереңдетіп оқыту формасы.

  153. Фактор - әсер ететін күштер

  154. Фронтальдық жұмыс – бүкіл сынып мұғалімнің басшылығымен бірдей тапсырма орындауы.

  155. Цитата - тексттегі, әдебиеттегі пікірді сол күйінде беру;.

  156. Ұжым – (лат. «коллективус» - топ, жиын) көзделген мақсатқа жету жолында ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдардың тұрақты тобы.

  157. Ұғым (категория) - обьективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы.

  158. Үйрету - мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру.

  159. Үздіксіз бақылау - оқу-тәрбие процесінде үзіліссіз жүргізіледі.

  160. Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетті орындай алу бейімділігі.

  161. Эксперимент - педагогикалық құбылысты арнайы жағдайда зерттеу. «Эксперимент» - латын сөзі, қазақшаға аударғанда «тәжірибе» деген мағынаны білдіреді.

  162. Экскурсия - музейге, табиғатқа, өндіріске көшірілген сабақ түрі.

  163. Эмпирика (гр. Empeiria) тәжірибе деген мағынаны білдіреді.

  164. Эмпирикалық зерттеу әдістері - бақылау, эксперимент, сұрау, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың жұмыстарын зерттеу.

  165. Этикалық әңгіме - адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрінісі.

  166. Этнография - белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейтін ғылым.

  167. Экзистенциализм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуын балада туа пайда болатын инстинктпен байланыстыратын бағыт.

  168. Экологиялық тәрбие – бала санасында табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

  169. Эстетикалық тәрбие – сұлулық сезімдерін қалыптастыру

  170. Экономикалық тәрбие – нарықтық экономика нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру


Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:


  1. ҚР “Білім туралы” Заңы. А. 2001ж.
  2. ҚР жалпы орта білім беру тұжырымдамасы //Қазақстан мұғалімі, №14, 13 маусым 1997ж.


  3. ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы А. 1994.

  4. ҚР этникалық білім беру тұжырымдамасы, А.1996.

  5. Педагогика: Оқулық/ Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы. А. 2005. – 430б.

  6. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004.

  7. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004.

  8. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы, А. 1984.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бабанский Ю.К., Ильина Т.А., Жантекеева З.И. Педагогика в.ш. А-А, Мектеп, 1989.



  1. Джуринский А.Н. Сравнительная педагогика. М., 1998.

  2. Ильина Т.А. Педагогика. М., 1984.

  3. Лихачев Б. Педагогика. М., 1998.

  4. Педагогика. Учебное пособие. Под ред. П.И. Пидкасистого. М., 1996.

  5. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс в двух книгах. М., 2001.

  6. Педагогика. Пед.теории, системы, технологии. Под ред. С.А. Смирнова. М., 1999.

  7. Сластенин В.А., Исаев И.Ф. Педагогика. Учебное пособие. М., 1997.

  8. Харламов В.Ф. Педагогика. М., 1999.

  9. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М., 1989.

  10. Грехнев В.С. Культура педагогического общения. М., 1990.

  11. Загвязинский. Педагогическое творчество учителя. М., 1987.

  12. Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности: методология, теория и практика формирования. А-А, 1994.

  13. Осницкий А.К. Самореализация деятельности школьника и формирования активной личности. М., 1986.

  14. Поташник М.М. Как развивать педагогическое творчество. М., 1987.

  15. Трифонов В.В. Подготовка будущего учителя к работе с трудными учащимися. А-А, 1991.

  16. Станкин М.И. Профессиональные способности педагога. Акмеология воспитания и обучения. М., 1998.

  17. Щукина Г.И. Роль деятельности в учебном процессе. М., 1996.

  18. Основы пед.мастерства. Под ред. И.А. Зязюна. М., 1989.

  19. Елканов С.Б. Основы проф. самовоспитания будущего учителя. М., 1989.

  20. Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя: методология, теория и практика формирования. А-А., 2000.

  21. Педагогический поиск. Под ред. И.И. Баженова. М., 1987.

  22. Учителю о педагогической технике. Под ред. Л.И. Рувинского. М., 1987.

  23. Сухомлинский В.А. С.С. Избранные пед.сочинения. в3 т.

  24. Макаренко А.С. С.С. в 7 т.

  25. Ушинский К.Д. С.С. М., 1948. Т.2.

  26. Алтынсарин И. Избранные произведения. А-А, 1957.

  27. Айтмамбетова Б.Р. Опыт и идеи педагогов-новаторов. 23-лекция. Алматы, 1991,

  28. Бондаревская Е.В. Педагогическая культура как общественная и личная ценность. Ж. Педагогика, 1999. № I3.

  29. Воробьев Н.Е., Суханцева В.К., Иванова Т.В. О педагогической культуре будущего учителя //Советская педагогика, 1992. № 1-2.

  30. Гусев Л.И. Секреты педагогического мастерства. Алма-Ата, 1986.

  31. Жунусова Б.Т., Савиных В.В. Эксперимент Архимеда Искакова //из опыта работы Республиканской экспериментальной школы. Метод. рекомендации. А-А, 1992.

  32. Караев Ж., Кобдыкова Ж. Оценка деятельности учащихся в условиях применения пед. технологии обучения //Вестник высшей школы Казахстана 1998. № 5

  33. Молдажанова А.К. Особенности формирования педагогической культуры будущего учителя. Дисс. КПН: Алматы, 1996.

  34. Таубаева Ш.Т. Лактионов О.Н. Учитель и ее информационная культура //Казахстан мектебi, 1997. № 7.

  35. Муканова С.Д. Формирование информационно-педагогических потребностей учителей в условиях нововведений. Автореферат, А-А, 1999.

  36. Поташник М.М. Как развивать педагогическое творчество. М., 1987.

  37. Курманов М.К. О целостном воздействии методической системы на процесс формирования познавательной активности личности //Труды международной научной конференции «Наука и образование - ведущий фактор стратегии «Казахстан - 2030», Караганда. 1998 - С. 42-46.

39. Абдыманапов С.А., Курманов М.К., Брюханов В.В. Методические рекомендации по прохождению производственной практики для студентов ҮІ курса вечернего физ-мат. факультета по специальностям 2013 «Математика» и 2016 «Физика». Караганда. Изд-во КарГУ. 1985.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет