З. Е. Сүлейменова, М. Т.Қошанова педагогика ббк 74. 00 С 90 Рецензенттер


A) Қарым-қатынас құралы В) Белсенділікті дамытады



бет3/11
Дата25.08.2017
өлшемі2,88 Mb.
#27827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

A) Қарым-қатынас құралы

В) Белсенділікті дамытады

С) Жеке адамға тән

Д) Қоғамдық құбылыс


Е) Қоғамнан тәуелсіз

22. Оқытудың мақсаты

A) Жаттықтыру

В) Дамыту

С) Білім беру

Д) Қалыптастыру

Е) Үйрету

23. Тәрбиенің тар мағынадағы анықтамасы

A) Мектептің ұйымдастырған жұмыстары

В) Тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп жүргізетін жұмыстары

С) Қоғамдық жұмыстар

Д) Жұртшылықтың жұмыстары

Е) Жеке тұлғаның дамуы


  1. Тәрбиенің кең мағынадағы анықтамасы

A) Мектеп, отбасы, бүкіл қоғамның ықпалы

В) Табиғат пен қоғамның байланысы

С) Еңбек адамдарының жұмысы

Д) Қоғамдық мекемелердің жұмысы

Е) Жеке тұлғаның дамуы


  1. Тәрбиенің шығуын, дамуын зерттейтін педагогиканың саласы

A) Методика

В) Педагогика тарихы

С) Дидактика

Д) Мектеп педагогикасы

Е) Дефектология


  1. Жеке пәндерді оқытудың әдістемесін зерттейтін педагогиканың саласы

A) Методика

В) Педагогика тарихы

С) Дидактика

Д) Мектеп педагогикасы

Е) Әлеуметтік педагогика


  1. Оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың саласы

A) Методика

В) Педагогика тарихы

С) Дидактика

Д) Мектеп педагогикасы

Е) Дефектология


  1. Соқыр балаларға білім мен тәрбие беруді зерттейтін педагогиканың арнаулы саласы

A) Тифлопедагогика

В) Сурдопедагогика

С) Логопедия

Д) Олигофренопедагогика

Е) Методика


  1. Саңырау-мылқау балаларға білім мен тәрбие беруді зерттейтін педагогиканың арнаулы саласы

A) Тифлопедагогика

В) Сурдопедагогика

С) Логопедия

Д) Олигофренопедагогика

Е) Дидактика


  1. Тіл кемістігі бар балаларға білім мен тәрбие беруді зерттейтін педагогиканың арнаулы саласы

A) Тифлопедагогика

В) Сурдопедагогика

С) Логопедия

Д) Олигофренопедагогика

Е) Педагогика


  1. Ақыл-ойы кем балаларға білім мен тәрбие беруді зерттейтін педагогиканың арнаулы саласы

A) Тифлопедагогика

В) Сурдопедагогика

С) Логопедия

Д) Олигофренопедагогика

Е) Психология

32. Педагогикалық құбылысты ұзақ және жоспарлы зерттеу әдісі

A) Анкета

В) Эксперимент

С) Әңгіме

Д) Бақылау

Е) Жарыс

33. Ауызша сұрақ қою арқылы зерттеу әдісі

A) Анкета

В) Эксперимент

С) Әңгіме

Д) Тест


Е) Бақылау

34. Зерттеудің жазбаша сұрау әдісі

A) Анкета

В) Эксперимент

С) Әңгіме

Д) Бақылау

Е) Байқау

35. Педагогикалық процесті арнаулы жағдайда зерттеу әдісі

A) Тест

В) Эксперимент

С) Әңгіме

Д) Бақылау

Е) Рейтинг

36. Таңдалған жауаптарды талдау арқылы зерттеу әдісі

A) Анкета

В)Тест


С) Әңгіме

Д) Бақылау

Е) Модельдеу

Тест жауаптары

І модуль. Педагогиканың жалпы негіздері


    1. в

    2. в

    3. в

    4. а

    5. с

    6. д

    7. а

    8. с

    9. а

    10. с

    11. в

    12. а

    13. с

    14. д

    15. с

    16. а

    17. с

    18. в




    1. а

    2. а

    3. д

    4. с

    5. в

    6. а

    7. в

    8. а

    9. с

    10. а

    11. в

    12. с

    13. д

    14. д

    15. с

    16. а

    17. в

    18. в




ІІ модуль. Тәрбие теориясы

Лекция №1

Тақырыбы: Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы
Мақсаты: даму және қалыптасу ұғымдары туралы түсінік беру, жеке адамның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтау, даму және қалыптасу жайлы түрлі идеяларды салыстыру.

Жоспар:

1. Даму және қалыптасу туралы түсінік

2. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар

3. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы жайлы түрлі идеялар


Негізгі ұғымдар: даму, қалыптасу, тұқым қуалаушылық, қоршаған орта, тәрбие.
1. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Баланың организмі бүкіл өмірінде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Бала туғаннан бастап оның денесі дамиды, сөйлеуді үйренеді, іс-әрекеттерді меңгереді. Танымдық қызмет барысында ойлауы дамиды, көзқарастары қалыптасады. Ал қалыптасу деп жеке адамның дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін айтады.

2. Жеке адамның дамуына үш фактор әсер етеді:

а) Биологиялық - тұқым қуалаушылық;

ә) Әлеуметтік - қоршаған орта, табиғат;

б) Қоғамдық - тәрбие.

3. Адамның дамуы мен қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялық көзқарастар бар.

а) Платон мен Аристотель - алдын ала тағдыр белгілеген табиғаттың заңы;

ә) Преформизм - баланың барлық қасиеттері анасының құрсағында жатқанда пайда болады (Америка психологы Э.Торндайк);

б) Экзистенциализм - туа пайда болатын инстинкт (Америка философы, психолог Д.Дьюи);

в) Алғашқы гуманистер - әлеуметтік жағдайға байланысты (Т.Мор, Т.Кампанелла);

г) Қиялшыл социалистер - білім мен тәрбиеге байланысты (Ш.Фурье, Р.Оуэн, Сен-Симон);

ғ) К.Маркс, Ф.Энгельс - жан-жақты дамыту, тәрбиелеу.


Практикалық тапсырмалар:

1. Даму, қалыптасу, белсенділік жайлы «Психология» оқулығынан анықтамалар жазу.

2. Аңдардың арасында өскен балалар жайлы мәліметтер жинау.

3. Мына тақырыптардың біріне реферат дайындау: «Тәрбие және жеке адамның дамуы», «Ұжым және жеке адамның дамуы».

4. Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әр түрлі факторлардың әсер етуіне байланысты өмірден, өз бақылауыңыздан мысалдар келтіріңіз.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
І. Ата-анасынан балаға қандай қасиеттер беріледі?


  1. Ойлау тәсілдері

  2. Мінез-құлық белгілері

  3. Темперамент

  4. Түрлі қызметке бейімділік

  5. Көзінің, терісінің түсі, қанының тобы

  6. Әлеуметтік тәжірибе

  7. Адамгершілік қасиеттері

  8. Сөйлеу, ес, зейін ерекшеліктері

  9. Ерік, табандылық, мақсатқа ұмтылушылық

  10. Сараңдық, өзімшілдік, агрессия

ІІІ. Схеманы қолданып, лекцияның мазмұнын айтуға тырысыңыз:


Анатомиялық Қасиеттері мен

физиологиялық сапаларға

өзгерістері ие болуы

дамуы жеке қалыптасуы



тұлға

әсер ететін факторлар


тұқым қуалаушылық орта тәрбие


Сыртқы әлеуметтік орта педагогтың

бет әлпеті, басшылығымен

тума қабілет мақсатты процесс


микро-фактор мезо-фактор макро-фактор

отбасы ауыл қоғам

туыстары қала әлем

көршілері ел планета

мектеп мемлекет космос



Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары А.1972

4. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

5. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.


Лекция №2

Тақырыбы: Тәрбие және балалардың жас және дербес ерекшеліктері
Мақсаты: тәрбие барысында баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескерудің қажеттілігін түсіндіру.
Жоспар:

1. Жас ерекшелігі жайлы түсінік

2. Ғылымдағы жас кезеңдеріне сипаттама

3. Акселерация құбылысы

4. Тәрбиеде дербес ерекшеліктерді ескеру
Негізгі ұғымдар: жас және дербес ерекшелік, темперамент, жас кезеңдері, акселерация.
1. Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру - оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай мектептің ішкі ережесі, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары жасалынады.

2. Жас кезеңдері жеті сатыдан тұрады:



    1. Жаңа туған бала (туғаннан 1-2 айға дейін).

    2. Нәрестелік шақ (1-2 айдан 1 жасқа дейін).

    3. Ерте сәбилік шақ (1-3 жас).

    4. Мектепке дейінгі балалық шақ (4-7 жас).

    5. Бастауыш мектеп шағы (7-11 жас).

    6. Жеткіншек шақ (12-15 жас).

    7. Жасөспірімдік шақ (16-18 жас).

3. Акселерация - баланың дене және психикалық дамуының тездеуі. Бұл құбылыс ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында байқалды. Бұл жан-жақты зерттеуді талап ететін құбылыс.

Зерттеулерге қарағанда 13 жастағы акселераттардың өз құрбыларына қарағанда бойы 6-7 см-дей биік, салмағы 6-7 кг-дай артық болса, 16 жастағылардың бойы 15-20 см-дей биік, ал салмағы 15-16 кг-дай артық болады. Алайда бұл балалардың денесінің дамуы мен жыныстық жетілуі тездегенімен, олардың психикалық дамуы құрдастарымен бірдей болады. Әрі күні бұрын жетілген организм түрлі ауруларға төзімсіз келетіні анықталды.

4. Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау, мінез-құлық, темперамент, т.б. қасиеттер жатады. Психологияда темпераменттің төрт түрі бар: холерик, сангвинник, меланхолик, флегматик. Күнделікті оқу-тәрбие процесінде оқушылардың осы ерекшеліктерін ескеріп отыру маңызды. Холерик - эмоциялық қозуы шапшаң, күшті тұрақты. Ол белсенді, істі тез бастап, тез аяқтайды, бірақ шыдамсыз, ашуланщақ болады. Тәрбие барысында холериктерді өзін ұстауға, шыдамдылыққа тәрбиелеу керек. Сангвинник - эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Ол іске тез кіріскенімен. қиындық кездессе бастаған ісін аяқтамайды, уәде бергіш. Сангвинниктерге тапсырма бергенде үнемі қадағалап, тексеріп отырса, ол істі соңына дейін жеткізеді. Флегматик - эмоциялық қозуы әлсіз, күшті, тұрақты. Флегматиктер өз-өздеріне сенімсіз, істі баяу бастайды, ұзақ бірақ тиянақты орындайды. Тапсырма бергенде флегматиктердің өз күшіне деген сенімділіктерін туғызу керек. Меланхолик - эмоциялық қозуы баяу, әлсіз. Олар момақан, тұйық, жасқаншақ, көбінесе оңаша болғанды ұнатады. Меланхоликтерге топпен бірге орындайтын тапсырмаларды беріп, оларды белсенділікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеген дұрыс.
Практикалық тапсырмалар:

1. Жас кезеңдерінің психологиялық сипаттамасын жазу.

2. Акселерация ұғымына анықтама беру.

3. Психология оқулығынан темперамент, мінез-құлық ұғымда-рына анықтама жазу, темперамент түрлеріне сипаттама беру.

4. Мына тақырыптардың біріне реферат дайындау: «Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері», «Қиын кезеңнің ерекшеліктері», «Жасөспі-рімдердің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері».
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Таблицаны толтырыңыздар



кезеңдер

жасы

нәрестелік шақ







1-3 жас

мектепке дейінгі балалық шақ







7-11 жас

жеткіншек шақ







16-18 жас


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы.)ред. басқарған А.Петровский. А.1987

4. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

5. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.


Лекция №3

Тақырыбы: Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі ретінде тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
Жоспар:

1. Тәрбиенің мақсаты

2. Тәрбиенің міндеттері

3. Тәрбиенің қазіргі кездегі мақсаты


Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мақсаты, тәрбиенің міндеттері, жан-жақты дамыту.
1. Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады.

Тәрбиенің негізгі мақсаттары:

а) жастардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру;

ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.

Тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, тәрбиенің мақсаты қоғамның дамуымен бірге өзгеріп отырады.

2. Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері:

а) теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу;

ә) политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру;

б) кәсіптік бағдар беру;

3. Қазіргі кезде қоғамдағы әлеуметтік және саяси өзгерістерге байланысты тәрбиенің мақсаты да өзгереді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы, «Білім туралы», «Жастар саясаты туралы» Заңдардың қабылдануы тәрбиенің мақсатын қайта қарастыруды талап етеді. Сонымен қазіргі кездегі тәрбиенің мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Практикалық тапсырмалар:

1. Тәрбиенің мақсаты түрлі әр түрлі ғалымдардың анықтамаларын жазу, салыстыру.

2. Тәрбиенің мақсаты мен қоғамның дамуының арасындағы байланысты түсіндіру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

І.Тәрбиенің мақсатына қандай факторлар әсер етеді?



  1. Ата-аналардың талабы

  2. Қоғамның қажеттілігі

  3. Алдыңғы қатарлы ойшыл адамдар

  4. Өндірістің қажеттілігі

  5. Тәрбиенің идеалы (мұрат)

  6. Қоғам дамуының экономикалық деңгейі

  7. Діни ұйымдар

  8. Мұғалімдер мен тәрбиешілердің мүмкіндіктері

  9. Тәрбиеленушілердің психологиялық-физиологиялық мүмкіндіктері

  10. Үкіметтің идеологиясы мен саясаты

  11. Педагогика ғылымының даму деңгейі

  12. Оқу-тәрбие мекемелерінің мүмкіндіктері

ІІ. Схеманы қолданып, тәрбиенің мақсаты туралы әр кезде айтылған пікірлерді салыстырыңыз



Тәрбие мақсаты

Өз-өзіңді тану,

құлықтылықты Сократ

тәрбиелеу


Ақыл-ой, ерік,

сезімді тәрбиелеу Платон

Жан рақымы ақыл-ес

пен ерік жігерді Аристотель

тәрбиелеу


Өзіңді тану, қоршаған

ортаны тану (ақыл-ой), Я.А.Коменский

діни тәрбие

Өз істерін ақылмен,

байыппен жүргізетін адам Д.Локк

джентельмен тәрбиелеу

Адамның күш қуаты

мен қабілетін дамыту И.Г.Песталоцци

Қоғамдағы тәртіпті

сыйлайтын, рақымды И.Гербарт

адамды қалыптастыру

Ақиқат, сұлулық,

мейірімділікке А.Дистервег

өз ынтасымен қызмет ету

Ақыл-ой мен

адамгершілікке тәрбиелеу К.Д.Ушинский

Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.

Лекция №4

Тақырыбы: Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері
Мақсаты: тәрбие процесінің ерекшеліктерін түсіндіру, заңдылықтары мен принциптеріне сипаттама беру.
Жоспар:

1. Тәрбие процесі туралы түсінік, ерекшеліктері

2. Тәрбие процесінің заңдылықтары

3. Тәрбие принципі туралы түсінік

4. Тәрбие принциптеріне сипаттама
Негізгі ұғымдар: тәрбие процесі, заңдылықтар, принциптер.
1. Тәрбие процесі - тәрбиенің мақсатын жүзеге асыратын процесс. Ерекшеліктері: көпфакторлы процесс, ұзақ, үзіліссіз, комплексті, нәтижесінің бірмәнді және анық болмауы, екіжақты.

2. Заңдылық - процестің маңызды бөлшектерінің арасын байланыстырып отырады. Тәрбие процесінің заңдылықтары:

1) Тәрбиенің қоғаммен байланысы;

2) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі;

3) Іс-әрекеттің маңызы;

4) Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру;

5) Ұжым мен жеке адамның өзара байланысы;

3. «Принцип» сөзі латын тілінен аударғанда ереже, талап деген мағынаны білдіреді. Тәрбие принциптері дегеніміз - тәрбие процесіне қойылатын негізгі талаптар. Тәрбиеші тәрбие принциптерін басшылыққа ала отырып, тәрбие жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады.

4. Тәрбиенің мақсаттылық, өмірмен байланыс, ұжым арқылы тәрбиелеу, тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен құрметтің бірлігі, тәрбиелік ықпалдардың жүйелілігі, беріктігі, үздіксіздігі және оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру принциптері бар.

Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогика оқулықтарының біреуінен тақырып бойынша конспект жазу.

2. Бір принципті таңдап, оның маңызы жайлы өзінің көзқарасын жазу, дәлелдеу.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. «Заң» және «заңдылық» деген ұғымдардың анықтамасы.

  2. Тәрбие процесі дегеніміз не?

3. Төмендегі ұғымдардың арасынан тәрбие принциптерін көрсетіңіздер:

  1. Адамгершілікке тәрбиелеу

  2. Тәрбиенің қоғамдық сипаты

  3. Тәрбие және даму

  4. Ұжымда тәрбиелеу

  5. Тәрбиені ізгілендіру

  6. Тәрбиенің өмірмен байланысы

  7. Өәрбиенің тәуелсіздігі

  8. Тәрбиеленушілердің белсенділігі

  9. Тәрбиенің еңбекпен байланысы

4. Дұрыс жауапты таңдаңыз: Тәрбие принциптеріне жатпайды:

А) жағымды қасиетке сүйену

В) ұжымда тәрбиелеу

С) тұлғалық тұрғыдан қарау

Д) оқытудың проблемалылығы

Е) тәрбиеленушілердің саналылығы


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция №5

Тақырыбы: Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
Мақсаты: тәрбиедегі өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің ролін анықтау, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудегі мұғалімнің қызметін түсіндіру.
Жоспар:

1. Өзін-өзі тәрбиелеу жайлы түсінік

2. Қайта тәрбиелеу жайлы түсінік

3. Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің жеке адамның дамуындағы ролі


Негізгі ұғымдар: өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу.
1. Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушылардың іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында оқушы өзінің сәтсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.

2. Қайта тәрбиелеу оқушы жүріс-тұрысындағы ауытқулардың алдын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу - тұлға құрылымын түгел қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау.

3. Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуының шын деңгейін есепке алмай жалпылама жүргізілген тәрбие жұмыстары тәрбие міндеттерін шешуде кемшіліктер жібереді. Өзін-өзі тәрбиелеу осы кемшіліктердің орнын толтырады. Қайта тәрбиелеу барысындағы тұлғаның адамгершілік дамуы бірқатар кезеңдерден өтеді: дайындық, қайта тәрбиелеудің мақсатын қалыптастыру, тәртіп пен мінез-құлықтың орынды тәжірибесін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуді басқару, тұлғаның одан әрі дамуына бақылау. Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу нақты тұлға үшін мақсаты, міндеті, жүзеге асыру жолдарын қамтитын бағдарлама жасаудан басталады.
Практикалық тапсырмалар:

1. Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

2. Өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын құру.

3. Мына тақырыпта реферат дайындау: «Жеке адамның дамуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің ролі».

4. Өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасының схемасын толтырыңыз


міндеттеме

жүзеге асыру жолдары














Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Өзін-өзі тәрбиелеу деген не?

  2. Қайта тәрбиелеу деген не?


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Кочетов А. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі. М. 1967

4. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция №6

Тақырыбы: Тәрбие әдістері
Мақсаты: тәрбие әдістері жайлы әр түрлі пікірлерді салыстыру, анықтама беру, тәрбие әдістерінің түрлеріне сипаттама беру, оларды таңдау шарттарын түсіндіру.
Жоспар:


  1. Тәрбие әдістері туралы ұғым

  2. Тәрбие әдістерін топтастыру

  3. Тәрбие әдістерін таңдау шарттары


Негізгі ұғымдар: тәрбие әдісі, әдістерді топтастыру, әдістерге қойылатын талаптар.
1. Адамды тәрбиелеу процесі - өте күрделі процесс. Тәрбие мазмұны мен тәрбиелеу жүйесі нақты және айқын анықталғанымен, егер мұғалім тәрбие әдістерін меңгермесе, тәрбиені жүзеге асыру мүмкін емес.

Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл жөнінде түрлі көзқарастар бар. Мысалы:

«Тәрбие әдісі – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету». Конникова Т.Е.

«Тәрбие әдісі – бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау» . Марьенко И.С.

«Тәрбие әдісі – бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері». Сластенин В.А.

Бұл анықтамалардан әрбір автор тәрбие әдісі туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының мазмұны мен нәтижесіне сүйеніп беретінін байқауға болады. Анықтамалар әртүрлі болғанымен, олар бір мақсатты көздейді, бұл – тәрбие әдістерінің баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына тәрбиелік ықпал жасауы.

Сонымен, әртүрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады:

«Тәрбие әдісі – бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері».

Тәрбие әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары мен мазмұнымен анықталады, ал мақсат - әдістің бас критериі.

Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын қолданады.

Тәсіл - әдістің құрамды бөлігі. Әрбір әдістің тәсілдері болады. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында шекара жоқ. Тәрбие құралдарына іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, коммуникация құралдары жатады.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет