З. Е. Сүлейменова, М. Т.Қошанова педагогика ббк 74. 00 С 90 Рецензенттер


Директордың Әдістемелік Ата-аналар



бет9/11
Дата25.08.2017
өлшемі2,88 Mb.
#27827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Директордың Әдістемелік Ата-аналар


орынбасарлары бірлестік комитеті

класс жетекшілерінің

бірлестігі

Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция №6

Тақырыбы: Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеру
Мақсаты: мұғалімдік қызметте аттестациялаудың білімдік және тәрбиелік мәнін ашу.
Жоспар:

1. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру.

2. Мұғалімдерді аттестациялау.
Негізгі ұғымдар: кәсіптік біліктілікті көтеру, аттестациялау.
Мектептің педагогикалық кадрларын аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейін аттестациялау жүйесіне бірнеше өзгерістер, толықтырулар енгізілді.

Аттестацияның негізгі мақсаты педагог қызметкерлердің кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде, ал білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педкеңестің құзырында болады.

Әр комиссия өз компетенциясына сәйкес мәселелерді қарайды. Ал аттестациялау комиссияның негізгі шешімі - біліктілік санат беру. Жоғары санатты республикалық, облыстық, бірінші санатты аудандық, қалалық, ал екінші санатты мектептің аттестациялау комиссиясы береді.

Практикалық тапсырмалар:

1. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының жұмысымен танысыңыз.

2. Аттестация нәтижесі бойынша мұғалімнің қызметін ынталандырудың формаларын атаңыз.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Дұрыс жауапты көрсетіңіздер:

Мұғалімдерді аттестациялаудағы мақсат қандай?

А) мұғалімдерді әдістемелік дайындау

В) педагогикалық қызметті диагностикалау

С) мұғалімдердің өздігінен білім алу жұмысын жетілдіру

D) мұғалімдердің теориялық дайындығын жетілдіру

Е) олардың кәсіби шеберлігінің деңгейін айқындау
Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция №7

Тақырыбы: Педагогтық әдеп және шеберлік
Мақсаты: педагогтық қызметтегі педагогтық әдеп пен шеберліктің маңызын көрсету, шеберлікке жету жолдарымен таныстыру. Студенттерді мұғалім мамандығының ерекшеліктерімен таныстыру, мамандықтарына деген жағымды қатынасты, жауапкершілікті тәрбиелеу.
Жоспар:

1. Педагогикалық қабілет туралы түсінік. Қабілеттің түрлері.

2. Педагогикалық шеберлік туралы түсінік. Педагогикалық шеберлікті зерттеген ғалымдар

3. Мұғалімнің педагогикалық этикасы мен педагогикалық әдебі

4. Педагогикалық шеберлікке жету жолдары

Негізгі ұғымдар: қабілет, педагогикалық шеберлік, әдеп, іскерлік.
Мұғалімдік мамандық қазіргі кездегі өте жауапты және игілікті мамандықтардың бірі. Мұғалім - қоғамдағы барлық өндіргіш күштерді тәрбиелеп оқытатын басты тұлға. Жастарды біліммен қаруландыруда, олардың дүниеге ғылыми көзқарасын, мінез-құлқын қалыптастыруда, оларды өмірге, мамандықты саналылықпен таңдауға дайындауда мұғалім шешуші роль атқарады. Сондықтан мұғалім қазіргі заманғы ғылым мен техниканың дамуына ілесе отырып, оның жетістіктерін оқу мен тәрбие процесінде кеңінен пайдалануға тиісті. Халқымыз мұғалімге өзінің ең қымбат, қадірлі келешегін - балаларын сеніп тапсырып отыр. Сол сенімді ақтауда мұғалім қажырлы еңбек етеді.

Қабілет дегеніміз - жеке адамның белгілі іс-әрекетінің нәтижесін танытатын психикалық қасиет. Педагогикалық қабілеттің бірнеше түрлері бар:



  • Дидактикалық қабілет - оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізу;

  • Академиялық қабілет - мұғалім қабілетінің өзінің пәніне сәйкестігі.

  • Перцептивтік қабілет - оқушылардың ішкі дүниесін тани білу.

  • Экспрессивтік(сөйлеу) қабілет - өз ойын түсінікті етіп жеткізу.

  • Ұйымдастырушылық қабілет - оқушыларға дұрыс басшылық жасап, ұйымдастыра білу.

  • Коммуникативтік қабілет - дұрыс қарым-қатынас жасай білу.

  • Конструктивтік қабілет - оқу мен тәрбие міндеттерін шешудің ең тиімді жолдарын таңдай білу.

  • Қолданбалы қабілет - өз мамандығына қатысы жоқ басқа жұмыстармен айналысуы.

Мұғалім қызметінің басқа қызметтермен салыстырғандағы ерекшелігі - оның творчестволық сипаты. Мұғалім тек бүгінге ғана емес, ол ертеңге, болашаққа қызмет етеді. Үнемі өзін-өзі жетілдіріп отырады. Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озат іс-тәжірибені меңгереді. Педагогикалық, психологиялық еңбектерді оқиды, өзінің білім дәрежесін көтереді. Сонда ғана ол творчестволық еңбектің тамаша шебері бола алады.

Педагогтық шеберлік дегеніміз - оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекше өнері. Педагогтық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар:

* Мұғалім мамандығы бойынша өз пәнін қазіргі заманғы ғылым мен техниканың талаптарына сәйкес дәрежеде білуі керек;

* Оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс;

* Мұғалім мектепте сабақ берумен қатар, тәрбие жұмысын да ұйымдастырушы.

* Мұғалімнің педагогикалық техниканы меңгеруі.

Педагогикалық техникаға мұғалімнің дауыс интонациясын, мимикасы мен пантомимикасын, жүріс-тұрысын дұрыс меңгеруі жатады.

Педагогикалық әдеп деп мұғалімнің бойындағы жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушылар арасында өзін ұстай білуі тиіс, қайырымдылық пен әділдік те әдепке жатады. Мұғалім өте көреген, мәселені терең зерттеп барып, шешім қабылдағаны дұрыс.


Практикалық тапсырмалар:

1. Шеберлік, іскерлік, дағды, ынтымақтастық, этика, әдеп, қабілет т.б. анықтама жазып келу.

2. Педситуациялар шешу.

3. Педагогикалық техникаға байланысты жаттығулар орындау.



1 ситуация.

Қоңырау соғылды. Мұғалім класс кабинетіне келді. Кабинет есігін ашпақ болды. Есік кілттеулі. Есіктің кілтін салса, кілт орнына түспейді. Қараса, кілт салатын тесікке біреу нығыздап қағаз тығып тастаған. Ызасы келген мұғалім балаларға ұрыса бастады:



  • Бұған қағазды тыққан кім? Қайсыларың, кәне, тез мойындаңдар!

Осы кезде мектептің шаруашылық жөніндегі меңгерушісі келіп, мұғалімге кешегі болған жағдайды түсіндірді. Класс бөлмесі боялғандықтан, оған ешкім кірмесін деп тесікке қағаз тығып қойған екен. Сөйтті де оларға басқа кабинет ашып берді.

Сұрақтар:

  1. Мұғалімнің істегені дұрыс па? Неліктен?

  2. Сіз жағдайды қалай шешер едіңіз?

2 ситуация.

Сабыр деген оқушының ата-анасы соңғы кезде ата-аналар жиналысына келмей жүрді. Бір күні мұғалім оқушысының ата-анасын көшеде кездестіріп қалды.



  • Сіз неге жиналысқа келмейсіз, неге қатыспайсыз, - деп тәптіштей бастады.

Оған Сабырдың ата-анасы:

  • Жиналысқа үнемі ұрыс есту үшін барамын ба? Ұлым туралы әлі бір жақсы сөз аузыңыздан естімедім, - деді.

Сұрақтар:

  1. Мұғалімнің істегені дұрыс па?

  2. Мұндай жағдайда ата-анамен жұмысты қалай ұйымдастырған жөн?

  3. Сіз бұл жағдайдан қалай шығар едіңіз?

3 ситуация.

Білместік пе, әлде әдейі ме, оқушы қыз сабақта бас орамалымен отыр.



Сұрақ:

Мұғалімнің орнында болсаңыз, сіз не істер едіңіз?



4 ситуация.

Мұғалім көшеде оқушысының өзімен амандаспай өткенін байқайды.



Сұрақ:

Мұғалімнің орнында болсаңыз, сіз не істер едіңіз?


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Мұғалім мамандығы қай кезде пайда болды деп ойлайсыз?

  2. Академиялық қабілеттің нышандары қашан байқалады?

  3. Дидактикалық қабілеттің маңызы.

  4. Ауыл мұғалімі қызметінің ерекшелігі неде?

  5. Педагогтық әдеп және шеберлік деген не?



Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Гоноболин Ф.Н. Пед. способности и их классификация. В кн. Материалы IY Всесоюзного съезда общества психологов. Тбилиси, 1971.

5. Основы пед.мастерства. Под ред. И.А. Зязюна. М., 1989.

6. Загвязинский. Педагогическое творчество учителя. М., 1987.

7. Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. )құраст. Ж.Нұржанова. А. 1991

8. Синица Е.И. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. А. 1987.
Лекция №8

Тақырыбы: Білім берудегі инновациялар
Мақсаты: инновация туралы түсінік беру, инновациялық оқу орындарының қалыпты оқу орындарымен салыстырғандағы ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар:

1.Білім берудегі инновациялар.

2.Педагогикалық инновацияның критерийлері.

3.Инновациялық оқу орындары.


Негізгі ұғымдар: инновация, гимназия, лицей.
Инновация ағылшын сөзі - жаңалық деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Жаңа әдіс-тәсілдерді енгізген мектептер инновациялық мектептер деп аталады.

Гимназия - оқушылардың қабілеті мен қызығушылықтарына қарай оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын жалпы орта білім беретін оқу орны. Гимназия 1-ші сыныптан басталады.

Лицей - 2-ші не 3-ші сатыдағы оқушыларды қамтиды, әрі жоғарғы сатыдан бастап кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асырады.
Практикалық тапсырмалар:

1. «Инновациялық процесс» деген терминнің анықтамасын жазу.

2. Инновациялық оқу орнын дәстүрлі оқу орнымен салыстыру.

3. Көкшетау қаласында қандай инновациялық оқу орындары бар екенін анықтаңыздар.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Дұрыс жауапты көрсетіңіздер:

І. Оқу мекемесінің бағытына орай білім берудің вариативтілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқу пәндерін тереңдете оқытатын жалпы білім беретін оқу орны:

А) Колледж

В) Бала бақша

С) Гимназия

Д) Лицей


Е) Мектеп

ІІ. Белгілі бір профиль бойынша оқу пәндерін тереңдете оқытуға бағытталған жалпы білім беретін оқу орны:

А) колледж

В) имназия

С) лицей

D) мектеп

Е) кешкі мектеп
Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.


Лекция №9

Тақырыбы: Жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибелері
Мақсаты: жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибелерімен таныстыру.
Жоспар:

  1. Россиялық жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибелері

  2. Қазақстандық жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибелері


Негізгі ұғымдар: жаңашыл педагог, педагогика шеберлері,озат тәжірибе.
Соңғы кездері біздің елімізде жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелері, педагогика шеберлерінің және белгілі ғалымдардың еңбектері жарық көре бастады. Көптеген құнды еңбектер жазылды. Олардың авторлары профессорлар Ш.А.Амонашвили мен П.И.Иванов, мұғалімдер В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, т.б. Осы авторлардың әрқайсысы оқу-тәрбие процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруда өздерінің ерекше әдістерін жасады. Ш.А. Амонашвили алты жастан бастап оқытуды ұйымдастырды, И.П.Иванов А.С.Макаренконың идеясын әрі қарай дамытты. И.П.Волков оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдірудің жүйесін жасады.

Білім беру саласында қажырлы еңбек етіп жүрген республикамыздағы жаңашыл мұғалімдер: А.Мыңбаев, Қ.Нұрғалиев, Қ.Бітібаева, т.б. Олардың идеялары туралы Б.Аймамбетованың «Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері» (А.1991) деген кітапшасында жазылған.


Практикалық тапсырмалар:

1. Негізгі ұғымдардың анықтамасын жазу.

2. Бір жаңашыл педагогтың іс-тәжірибесін зерттеу.

3. Қазіргі кездегі ұлттық мектептің проблемасы жайлы реферат дайындау.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Жаңашыл педагог деп кімді айтады?

  2. Жаңашыл педагог пен озат тәжірибелі педагогтың айырмашылығы бар ма?


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. А. 1991
Лекция №10

Тақырыбы: Мектеп жұмысын басқаруда халықтық

педагогиканың кейбір мәселелері
Мақсаты: халықтық педагогика мен этнопедагогика туралы түсінік беру, мектепте халықтық педагогиканы қолданудың маңыздылығын көрсету.
Негізгі ұғымдар: халықтық педагогика, этнопедагогика.
Қазіргі кездегі педагогикалық әдебиеттерде мазмұны жағынан жақын екі термин кездеседі: «этнопедагогика» және «халықтық педагогика». Бұл терминдердің ортақ мәселелері болғанымен, екеуінің мәні мен мазмұны екі түрлі:

* халықтық педагогика - халықтың бала тәрбиесі жөніндегі білімі мен тәжірибесі.

* этнопедагогика - халықтық педагогиканы зерттейтін ғылым.

Халықтық педагогикада ұрпақтар арасындағы байланыс аса маңызды. Бұл байланыс неғұрлым жақын әрі терең болса, үлкендердің өмірі мен жастардың тәрбиесі соғұрлым жақсы болмақ..

Этнопедагогика педагогика ғылымының бір саласы ретінде халықтық педагогиканың заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Г.Н.Волковтың анықтамасы бойынша, этнопедагогиканың пәні халықтың, ұлттың педагогикалық мәдениеті болып табылады.

Қазақстан республикасында жастарға білім беру пороцесі халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Білім беру жүйесінің негізгі міндеттері :

1. Жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

2. Азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқықтары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

3. Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

4. Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;

5. Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.


Практикалық тапсырмалар:

  1. Халықтық педагогика, этнопедагогика терминдеріне берілген әр түрлі анықтамаларды жазып алып, оларды салыстырыңыз.

  2. Халықтық педагогика мен ғылыми педагогиканың байланысын көрсетіңіз.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Халықтық педагогика мен этнопедагогиканың анықтамалары.

  2. Халықтық педагогиканың зерттеу көздері мен ерекшеліктері.

  3. Этнопедагогика пәні, негізгі категориялары.

  4. Халықтық педагогикадағы тәрбие түрлері.


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А

3. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. А. 1995



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет