З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет40/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97
Байланысты:
Академ
Мектеп жасындагы балалардын тамак тануын уйымдастыру семинар
7.1.4 Себеп-салдар эссесі
Жазба жұмысының тапсырмасы мен тақырыбына байланысты қандай да 
бір жайттан туындаған салдар мен нәтижені түсіндіріп беруге тура келеді. 
Мұндай жазба жұмысы себеп-салдар эссесі деп аталады.
Себеп-салдар эссесінің құрылымын бөлім немесе тізбек түрінде жазуға 
болады. Бөлім түрінде жазу үшін әрбір себепті жеке-жеке параграфқа жазып, 
содан кейін барлық салдарын екінші бөлім ретінде бірге жазуға болады. 
Себеп-салдар эссесінде бірінші себебі туралы мәселе беріледі, өйткені 
себептен кейін салдар туындайтыны белгілі. Кейде берілген тақырып немесе 
тапсырмаға байланысты эссе тек себептерді яғни салдарды ғана қарастыруы 
мүмкін. 
Эссенің құрылымын бөлім түрінде жазғанда, оларды байланыстыру мен 
айырмашылығын көрсету үшін транзиттік параграф немесе сөйлем 
қолданылады. Оның мақсаты – бір бөлімді қорытындылап, келесі бөліммен 
таныстыру. Эссе көлемі шағын немесе сөз саны тиісті талаптан асып кеткен 
жағдайда, транзиттік бөлімді жазу міндетті емес. Бірақ көлемді, күрделі 
тақырыптың түсінікті болуы үшін атқаратын қызметі зор. Мысалы, Алматы 


78 
қаласындағы экологиялық мәселелердің бірнеше себебін жеке-жеке 
параграфқа жазып, содан кейін транзиттік параграф жазып болған соң, оның 
бірнеше салдарын жазуға болады. Егер эссе тек себебін немесе салдарын ғана 
жазуға құрылса, онда тақырыптық тұрғыда бөлімдердің бөлінгенін білдіру 
үшін транзиттік параграф жазылуы мүмкін. 
Себеп-салдар эссесін жазарда, оның құрылымы мен мақсатын айқындап 
алған дұрыс. Себебі мұндай эсседе бір себептен бірнеше салдар туындауы 
мүмкін, осы жағдайда негізгі себепті бірінші көрсетіп, салдарын соңынан 
беруге немесе салдарды сипаттап, содан кейін оны тудырушы негізгі бір 
себебін ғана түсіндіріп беруге болады. 
Себепті сипаттау барысында қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері: 
... ... ... тудырушы бірінші себеп. 
Екінші себеп ... ... ... . 
Туындауының басты себебі ... ... ... болып саналады. 
... ... ... себебінен ... ... ... пайда болады. 
Өйткені оған алып келген негізгі себептің бірі ... ... ... . 
Салдарды сипаттау барысында қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері: 
Негізгі салдары ... ... ... болып саналады. 
Басқаша салдары ретінде ... ... ... көрініс тапқан. 
... ... ... салдарынан ... ... ... . 
Сол себепті ... ... ... . 
... ... ... туындау нәтижесінде ... ... ... пайда болады. 
Аталған себептің нәтижесінде ... ... ... туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет