З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет42/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   97
Байланысты:
Академ
Мектеп жасындагы балалардын тамак тануын уйымдастыру семинар
7.1.6 Келісу және келіспеу эссесі 
Келісу және келіспеу эссесі өте жиі кездесетін жазылым түрі болып 
табылады. 
Келісу және келіспеу эссесін жазудың мақсаты
– сыни ойлауды 
қалыптастыру және өз пікірін дәлелді тұрғыда жеткізе білу. Сондықтан өз 
ойын нақты мысалдар келтіру арқылы жеткізуге тура келеді. Бұл эссе 
аргументативті эссе мен тиімді және тиімсіз жақтарын талқылау эссесіне 
ұқсас. Аргументативті эсседе пікірталас туындайтын тезисті негізге ала 
отырып, автор өз пікірін дәлелдеуге тырысса, тиімді және тиімсіз жақтарын 
талдау эссесінде неліктен мұндай ойда екенін дәлелдеуі тиіс. Келісу және 
келіспеу эссесінде автор өз ойын жеке тәжірибесі мен зерттеу жұмыстарының 
нәтижелері арқылы дәлелденген фактілер мен тұжырымдар негізінде 
нақтылап отыруы керек. 
Эссенің жоспарын құрып алған соң, ондағы әрбір параграфпен сөйлемді 
жазу туралы ойлануға тура келеді. Ол үшін эссенің құрылымын жақсы білу 


80 
қажет. Келісу немесе келіспеу эссесінің құрылымын төмендегі кестеден 
көруге болады. 
4-кесте. Келісу немесе келіспеу эссесінің құрылымы 
Бөлімдері 
Параграф-
тары 
Сөйлемдері 
Мақсаты 
Кіріспе 
1-параграф 1-сөйлем 
Эссенің қандай мәселе бойынша 
жазылатынын көрсету 
2-сөйлем 
Мәселеге байланысты автордың 
ойын білдіру 
3-сөйлем 
Автордың 
ойын 
қолдау 
мақсатында негізгі бөлімдердің 
параграфтарында 
жазылатын 
пікірлерге тоқталу 
Негізгі 
бөлім 
2-параграф 1-сөйлем 
(тақырыптық 
сөйлем) 
Бірінші пікір пен параграфта 
қарастырылатын 
мәселемен 
таныстыру 
2-сөйлем 
Бірінші пікірді түсіндіру 
3-сөйлем 
Пікірді қолдау мақсатында нақты 
мысал келтіру 
4-сөйлем 
Пікірді қорытындылау 
3-параграф 1-сөйлем 
(тақырыптық 
сөйлем) 
Екінші пікір пен параграфта 
қарастырылатын 
мәселемен 
таныстыру 
2-сөйлем 
Екінші пікірді түсіндіру 
3-сөйлем 
Пікірді қолдау мақсатында нақты 
мысал келтіру 
4-сөйлем 
Пікірді қорытындылау 
Қорытынды 4-параграф 1-сөйлем 
Тақырыпқа қатысты ойын қайта 
жазу 
және 
оны 
қолдайтын 
пікірлерді көрсету 
2-сөйлем 
Жазылған 
мәселеге 
қатысты 
болжамды 
немесе 
ұсынысты 
білдіру 
Кей жағдайда келісу немесе келіспеу эссесінде сұрақ 
«Бұл пікірмен 
келісесіз бе, келіспейсіз бе?»
деп қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда 
«қаншалықты» деген сөзге мән беру керек. Мұндай сұрақ қойылған эсседе 
автор мәселемен қаншалықты келісетінін немесе келіспейтінін көрсетуіне тура 
келеді. Әдетте, мәселемен автор: 
1)
 
толықтай келіседі немесе келіспейді. 
Бұл жағдайда автор бір бағытқа 
көбірек тоқталады. Мәселен, келісетін жағдайда осыған қатысты 
аргументтерді келіспейтін жағдайға қарағанда көбірек жазады;
 


81 
2)
жартылай келіседі немесе келіспейді. 
Бұл жағдайда екі жақты пікір 
тең беріледі. Яғни автор мәселемен келіспей, оған екі пікір көрсететін болса, 
келісетіндігі жөнінде де екі пікір жазады.
Автор мәселеге деген көзқарасына қарай эссе құрылымдарының бірін 
таңдай алады. Себебі оқырманның есінде соңында оқыған ақпарат көбірек 
сақталады. Ең бастысы, эсседегі әрбір параграфтың жазылу мақсатымен қатар, 
ондағы әрбір сөйлемнің жазылу мақсаты айқын болып, автордың ойын нақты 
білдіруге қызмет етуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет