З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет48/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97
Байланысты:
Академ
Мектеп жасындагы балалардын тамак тануын уйымдастыру семинар
8.2 Академиялық эссе, оның мақсаты 
Жоғары оқу орындарында білім алушылардан түрлі академиялық 
мәтіндер мен эсселерді жазу сұралуы мүмкін. Эссе, әдетте, студент тарапынан 
жазылады және оны оқытушы ғана оқып бағалауы мүмкін. Мұндай 
тапсырманы орындатудағы басты мақсат – оқытылған пән бойынша 
студенттің не түсінгенін білу. 
Тапсырманы эссе түрінде берудегі негізгі мақсат – студенттердің білімін 
ғана емес, оны жеткізе білудегі қабілеттерін тексеру. Сондықтан да эссе 
тақырыптарының өзі қарапайым сұрақтарға қарағанда ерекше болып 
құрылады. Сұраққа жауап іздеу барысында студент өз ойын саралап беруіне 
мүмкіндік алады. Осыған байланысты студент өз бетімен зерттеу жасайды. 
Бұл студенттің көптеген зерттеу материалдарын қарауына итермелейді. 
Әдетте, эссе әрқайсысының өз алдына тиісті мақсатымен жазылатын 
кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер
бөлімдерінен 
тұрады. 


93 
Кіріспе бөлімде тақырыпқа қатысты осы кезеңге дейінгі пікірлер 
беріліп, эсседе қарастырылатын нақты бағыт көрсетіледі. Негізгі бөлім 
жазылатын негізгі пікірлерге байланысты абзацтарға (параграфтарға) бөлініп, 
тақырыпқа қатысты ойлар өрбітіледі. Қорытынды бөлім негізгі бөлімдегі 
түйінді пікірлерді жинақтап, автордың нақты ойын көрсетеді. Ал қолданылған 
әдебиеттер бөлімінде жазылым барысында қолданылған дереккөздер туралы 
мәліметтер беріледі.
Сонымен, эсседе студент өзінің білімін көрсетумен ғана шектелмейді. 
Мынандай қабілеттерін шыңдай түсуіне мүмкіндік алады:
-
дәріс пен практикалық сабақта үйренген ақпараттан өзге ақпарат табу; 
-
өз пікірін дамыту және дәлелдеу; 
-
жазылым қатысым әрекетіне машықтану; 
-
өз білімін жетілдіру және әрі қарай іздену; 
-
есте сақтау қабілетін жақсарту; 
-
өз ойын жүйелі жеткізу; 
-
өз мамандығына қатысты мәселелерді түсіну мен шешуге деген 
қабілетін қалыптастыру; 
-
өз мамандығы мен өзге тақырыптардағы академиялық мәтіндерді оқу 
қабілетін жетілдіру. 
Студент эссе жазу үшін берілген тақырыпты жақсы түсініп, оны сыни 
тұрғыдан талдай алса және эссенің жазылу құрылымын сақтай отырып, өз 
ойын анық жеткізе білсе, жоғары баға алатынына еш күмән келтіруге 
болмайды. 
Эссені сәтті жазудың бірден-бір жолы берілген тапсырманы жақсылап 
түсініп алуда. Кейде эссе тапсырмасы, яғни тақырыбы көлемді болып немесе 
сұрақ күйінде келуі мүмкін. Сондай-ақ тапсырмада эссені қалай жазу керектігі 
жөнінде нұсқау берілуі де мүмкін. Мәселен, «талқылаңыз» деген сөз 
тақырыпқа қатысты мәселені жан-жақты қарауды білдіреді, яғни мәселенің 
пайдалы немесе зиянды жақтарын, тиімділігі мен тиімсіздігін қарастыра 
отырып, өз пікірін білдіруді талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет