З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет49/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   97
Байланысты:
Академ
Мектеп жасындагы балалардын тамак тануын уйымдастыру семинар
8.3 Академиялық оқылым әрекеті 
Академиялық материалдарды қолдану және оларды іздестіру табылған 
материалдарды дұрыс қолдана білуге тікелей байланысты. Мұны қарапайым 
тұрғын үй салумен салыстыруға болады. Мәселен, үй салу үшін құрылыс 
материалдарын іздестіреміз, ал үйдің сапалы соғылуы осы табылған 
материалдарға тікелей байланысты. Сонымен қатар оларды орынды қолдана 
біліп, кірпіштерін дұрыс қалай білсек, үй сапалы әрі сәнді болып шығады. 
Академиялық жазба жұмысы да осы сияқты. 
Академиялық оқылым әрекетін жүзеге асыру үшін мынадай қарапайым 
сатыларды орындаған абзал: 
-
жазба жұмысының тақырыбын толық түсіну; 
-
материалдардың тақырыпқа сәйкес келетінін анықтау; 


94 
-
материалды оқып түсіну; 
-
мәтіндегі автордың айтпақ ойын түсіну, осы тақырыпқа қатысты өзге 
авторлардың ойын білу; 
-
жазба жұмысында автордың пікірін қалай қолданатыны жайында 
ойлану; 
-
оқыған мәтінінен түсінгенді қолдану және жазба жұмысының 
тақырыбына жауап беру үшін өз пікірін беру; 
-
мәліметтерді дәлел ретінде қолдана отырып, оқырманды зерттеу 
сұрағының жауабына және өз пікірінің дұрыс екендігіне сендіру. 
Қазіргі уақытта оқитын материалдардың түрлері ғана емес, олардың 
көлемі де өте көп. Сондықтан уақытты тиімді пайдалану үшін әрбір студент 
оқылым әрекетінің тиімділігін арттыруы қажет. Академиялық мәтінді тиімді 
оқу үшін оның мақсатын, жазылу стратегиясын және мазмұнын өзара тығыз 
байланыста қарастыру керек. Әдетте, мәтін түрлері мынадай болып келеді: 
-
оқулық; 
-
газет мақаласы; 
-
журнал мақаласы; 
-
ғылыми мақала; 
-
баяндама; 
-
онлайн құжат; 
-
кесте, сурет, сызбалар. 
Мәтін құрылымы оның жанрына тікелей байланысты. Бір жанрдағы 
материалдардың құрылымы ұқсас болады. Мәтіннің жанрын білу қажетті 
ақпаратты тез оқып, материалды жылдам табуға көмектеседі. Ол үшін, 
алдымен, ЖОО-да оқитын материалдардың түрлерін және ондағы ақпаратты 
тез анықтау жолын меңгеру қажет. 
Уақытты үнемдеп, тиімділікті арттыру үшін кез келген студент өзінің 
оқылым стратегиясын қалыптастыруы шарт. Оқылым стратегиясын 
жақсартатын амалдарға мыналарды жатқызуға болады: 
-
оқу жылдамдығы; 
-
негізгі сөздер мен тіркестерге шолу жасау; 
-
параграфтарға шолу жасау. 
Студент өзіне ыңғайлы стратегияны таңдаумен қатар, жақсы оқылым 
әдісін меңгергені де дұрыс. Әдетте, олар төмендегідей оқылым әдістерін 
қолданады. 
Зерттеу
– 
мәтінді 
оқымас 
бұрын 
оның 
тақырыбы 
мен 
тақырыпшаларын, сурет, сызба, кесте астындағы сөздерін, кіріспесін
қорытындысы мен түйіндемесін мұқият оқып, зерттеп алуы керек. 
Сұрақ қою
– тақырыпты сауалға айналдыруға тырысу керек. Егер 
оқулық болса, бөлім соңындағы сұрақтарды оқыған дұрыс. «Мен бұл тақырып 
туралы не білемін?» және «Бұл тақырып туралы дәрісте не айтылды?» деген 
сұрақтарды үнемі өз-өзінен сұрап отыруы керек. 


95 
Оқу
– оқылым әрекетін бастаған кезде асты сызылған, қарамен немесе 
курсивпен жазылған сөздерге мән беруі қажет. Себебі автор негізгі ойлары 
мен қажетті ақпараттарды ерекшелеп беруге тырысады. Мәтіннің қиын 
бөліктерін ақырын оқыған жөн (тек үнемі ақырын оқу дұрыс емес). Түсініксіз 
сөздерді түсіну үшін түсіндірме сөздіктерді қолдануға болады, тек әрбір сөзді 
тексеру қажет емес. Жалпы мағынасын контекс арқылы түсінуге тырысқан 
жөн. Басты мақсат зерттеу сауалының жауабын іздеу екенін ұмытпау керек. 
Жалпы мағынасын анықтау
– бұл мәтінге шолу жасау үшін 
қолданылады. Мақсат – автордың негізгі пікірі мен мәтіннің құрылымын білу. 
Жалпы мағынаны анықтау үшін тақырыпты, кіріспені, қорытынды бөлімді 
және әр параграфтардың алғашқы және соңғы сөйлемдерін оқып шығуға 
болады. 
Ізденімдік оқылым
– бұл оқылым түрі көлемді мәтінді толық оқымай-ақ, 
өзіне керекті ақпараттарды іздеуге бағытталады. Студент мұны тақырыбына 
қатысты тірек сөздерді қолдану арқылы қажетті ақпарат табу үшін және өз 
пікіріне дәйексөз немесе дәлел іздеу үшін жиі қолдануы мүмкін. Ол үшін 
қандай ақпарат керек екенін нақты білуі тиіс. 
Зерделік оқылым
– мәтіндегі барлық ақпаратты толық түсініп оқу үшін 
қолданылады. Оқылым барысында ешқандай мәлімет ескерусіз қалмауы 
керек. Мәтін құрылымына, ондағы ақпараттарға жеке-жеке талдау жасалып 
шығады. Бұл біршама уақытты талап еткенімен, анализ және синтез жасауға 
үлкен септігін тигізеді. 
Қайталау
– оқығанды қайталау үшін мынадай амалдарды орындау 
қажет. Бірінші, мақаланы немесе бөлімді толық оқып болған соң, қысқаша 
қорытынды жазу керек. Мәтінге жасалған қорытынды ондағы негізгі және 
қажетті ақпараттарды қайта толық оқымай-ақ тез еске түсіруге мүмкіндік 
береді. Сондай-ақ емтиханға дайындалу барысында, кейбір оқулықтарды 
қайта оқып шығуға тура келеді. 
Мәтін параграфтардан тұратыны белгілі, ал параграф белгілі бір ойды 
баяндау үшін құрылады. Мұндағы ойды жылдам әрі тез түсіну үшін параграф 
арқылы оқу амалын қолдануға болады және оларға негізгі сөздерді оқу, 
бірінші бөлімін толық оқып шығу, әрбір бөлімдегі негізгі пікірлерді табу, 
әрбір параграфтың бірінші сөйлемін оқу сияқты тәсілдер жатады. 
Қорытындылай келе, оқылым әрекетін тиімді жүзеге асыру үшін мына 
кеңестерді есте сақтау қажет: 
-
мәтінді жылдам әрі түсініп оқу оның жанрына байланысты екенін 
ұмытпау; 
-
оқылым стратегиясын жетілдіру; 
-
әрбір сөзді басынан бастап қайталап оқудың тиімсіз екенін ескеру; 
-
тақырыпты оқып, осыған дейінгі бөлімімен салыстыру; 
-
алдымен, мәтінге көз жүгіртіп шығу; 
-
кіріспесі мен қорытындысын оқып шығу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет