Заң факультеті



бет3/15
Дата13.03.2023
өлшемі262,5 Kb.
#172227
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Силлабус ГП и АП
330594.pptx (1), 10-сынып Тжб 2-тоқсан ИНФ, B1 speaking questions exam, Intermediate 27.07.21, «Молекулалық кинетикалық теория негiздерi» бөлімі бойынша жиынтық, БЖБ тығыздық 7 сынып, Жеке жұмыс жоспарының ҮЛГІСІ, 279
Постреквизиттері а) шет елдердiң конституциялық құқығы б) муниципалдық құқық; в) әкімшілік жауаптылық; г) мемлекеттік қызмет; д) ақпараттық құқық; е) заң шығару қызметі.


I пән «АҚ 2305» - «Азаматтық құқық» (3 кредит)
Пәннің мақсаттары мен міндеттері:
Мақсаты: Азаматтық құқық азаматтық-құқықтық қатынастар, қатысушылар және жекелеген міндеттемелерді азаматтық айналымда қолдануда азаматтық заңнамалардың орнын анықтау арқылы теория мен тәжірибе мәселелерін анықтайды.
Азаматтық құқық - болашақ заңгерлерді дайындау барысында оқытылатын негізгі құқықтық пән. Дүниежүзінде азаматтық құқық цивилистік ғылымның, жеке құқықтың ядросын құрайды. Қазақстан Республикасыда жаңа экономикалық қатынастардың белсенді қалыптасу кезеңінде азаматтық құқықтың ролі өсуде.
Шарт еркіндігі, меншік құқығын қорғау, жеке істерге басқа тұлғалардың араласпауы, азаматтық құқықтарды қорғау және жүзеге асыруды қамтамасыз ету қағидалары жеке меншікке негізделген қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету қажеттіліктеріне толық жауап береді. Азаматтық курстың маңыздылығы азаматтық- құқықтық қағидалар қоғамдағы инновациялық экономикалық қатынастарды реттеуде басты ролі атқарады.
Міндеттері: курста азаматтық-құқықтық қатынастар кешенінің құқықтық режимін оның көп жақтылығы, азаматтық құқық теориясынан және соттарда, прокуратура органдарында, нотариатта, аралық сотта және заң қызметінің тқәжірибесінен мәліметтер келтіру арқылы анықтау.
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының» негізгі міндеті студенттерге құқықтың негізгі базалық саласы ретіндегі азаматтық құқық туралы, азаматтық- құқықтық қатынасты реттеу тәртібі туралы, азаматтық-құқықтық қалыптарды құрйтын қалыптық актілердің кешені туралы мәлімет беру. Курсты оқуға қажетті салалық пәндерге: мемлекет және құқық теориясы, рим жеке құқығы, конституциялық құқық және басқа да оқу пәндері қолданылады. Азаматтық құқықты оқуға қажетті салаларалық пәндер:отбасы құқығы; азаматтық іс жүргізу құқығы; жер құқығы; қаржылық құқық; кәсіпкерлік құқық; тұрғын үй құқығы. Студенттер азаматтық құқығын оқып үйренгеннен кейін, күнделікті өмірде азаматтық істерге байланысты туындайтын қатынастардың мазмұнын дұрыс түсініп, азаматтық нормаларды белгілі жетік деңгейде шебер қолдануы тиіс. Студент аталған курс бойынша кем дегенде – азаматтық құқықтық реттеу пәні болып табылатын мазмұны бойынша әртүрлі қатынастардың құқықтық реттелуінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, шаруашылық және азаматтық құқықтық дауларды қарау кезінде азаматтық құқықтық қалыптарды талқылап және қолдана білуі қажет.
Модуль бойынша оқытудың нәтижелері Азаматтық құқықты оқытудың мақсаты - студенттерді азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі мазмұнымен таныстыру, олардың басқа салалардан айырмашылығын ажыратып көрсету, азаматтық құқығының қайнар көздерін кезектілікке сай жіктеу, азаматтық құқық нормаларының мазмұнын дұрыс түсіндіру және оларды тәжірибеде дұрыс қолдануға үйрету.
- Жалпы құзырет:
құралдық: азаматтық құқықтың заңгерлерді дайындау негізгі курсы ретінде танылуы
тұлғааралық: азаматтық құқық барлық құқық қорғау органдарында, сот тәжірибесінде, қорғаушылардың азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды негізгі қорғау құралы;
жүйелік: азаматтық құқықты танып білгеннен кейін барлық құқық салаларынынң негізгі инститтарын меңгеру мүмкіндігі туындайды.
- Пәндік құзырет: азаматтық құқықты білген студент нағыз заңгер ретінде танылуы.
ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Апта

Тақырыптың аталуы

Сағат саны

Бағасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет