Заң факультеті


Тәрбиелік ықпал ету шаралары-



бет9/15
Дата13.03.2023
өлшемі262,5 Kb.
#172227
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Силлабус ГП и АП

Тәрбиелік ықпал ету шаралары- әкімшілік құқық бұзушылықты жүзеге асырған кәмелетке толмағандарға қатысты қолданылатын превентивті және жазалау шарасы. Оған мыналар жатады: ата-ана бақылауына беру; келтірілген зардапты жоюға міндетті жүктеу; кірісті шектеу; кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрысына ерекше талаптарды бекіту;
Министрлік- мемлекет пен қоғамның өмір сүруінің бір немесе бірнеше аймағындағы мемлекеттік басқару функциясын, сонымен қатар өз құзырлылығы шегінде салааралық координацияны жүзеге асыратын Үкімет құрамына енетін орталық атқарушы орган.
Министр- саяси мемлекеттік қызметкер, министрліктің басқарушысы. Премьер-Министр ұсынысы бойынша Президент арқылы тағайындалады, министрліктегі жұмысы мен оған бағынған саладағы (салалардағы) жұмысы үшін Премьер-Министр мен Президент алдында жеке жауапкершілікті көтереді.
Үкімет- биліктің атқарушы органдарының барлық жүйесінің басқарылуын жүзеге асыратын, Премьер-Министр басқарушылығындағы ҚР-ң жоғарғы атқарушы органы.
Құқықтық мәжбүрлеу- заң шығарушымен санкцияланған және өкілетті органдар қолданатын шаралар жиынтығы.
Ұсыныс- осы не өзге мемлекеттік органдардың, сонымен қатар ұйымның жұмыстарын жетілдіру, қойылған мақсатты шешу және нақты жолдарын табуға кеңес беру үшін назар аудартуды мақсат ететін үндеудің түрі.
Созылмалы әкімшілік құқық бұзушылық-бір мақсатқа бағытталған және ортақ ойға біріктірілген, тең іс-әрекеттер қатарында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылық.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс-әкімшілік құқық бұзушылық туралы жеке істерді қарастыру, шешу, қозғау бойынша жүйеленген процессуальды әрекеттердің кешені.
Әкімшілік қамауға алу туралы хаттама- әкімшілік қамауға алу шарттары мен себебін тіркейтін ресми құжат. Онда оның жасалуының мерзімі, уақыты, оны жасаған және қамауға алынған тұлға туралы мәліметтер, сонымен қатар қамауға алынудың негіздері тіркеледі. ӘҚБК 635 бап
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама- әкімшілік құқық бұзушылық туралы нақты іс бойынша негізгі жағдайларды тіркеп, соның негізінде әрі қарай істі қарастыру жүргізілетін ресми, процессуальды құжат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет