II пән «АК 2304» - « Әкімшілік құқық » (3кредит)
Пәннің МАЗМҮНЫ:
Мақсаты Қазақстан Республикасында мемлекеттік реттеу және басқарудың құқықтық аспектілерін зерттеу. Аталған мақсат мынандай мәселелерден құралады:
Атқарушы билік органдарының қызметі мен ұйымдастырылуын зерттеу.
Мемлекеттік реттеу және басқарудың негізгі нысандарын зерттеу.
Әкімшілік мәжбүрлеу және әкімшілік жауаптылық институтының құқықтық регламентациясын зерттеу.
Әкімшілік тәртіптің нормативтік-құқықтық актілерімен жұмыс істеуге үйрену.
Міндеттері: Қарастырылған пәнді оқу процесінде студенттер мемлекеттік аппараттың құрылымын, мемлекеттік органдардың түрлері мен деңгейлерінің өкілеттігін және де мемлекеттік қызмет институтының және жеке, заңды тұлғалардың мемлекеттік құрылымдармен ара-қатынасын құқықтық реттеумен танысады. Қарастырудың ерекше аспектісі болып әкімшілік-құқықтық режидердің түрлері және мемлекеттік реттеудің, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің әдістері табылады.
Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару және реттеудің заңдық жағын, соның ішінде атқарушы биліктің құрылымын, мемлекеттік басқару органдарының ішкі құрылымын, мемлекеттік басқарудың нысандары мен қолдалынатын әдістерді және т. б – ды зерттейді. Аталған пән құқықтың негізгі саласын зерттейді, сәйкесінше оны зерттеу мемлекеттік қызметтің түрлі аспектілерін зерттейтін пәндерді оқу үшін міндетті. Аталған курста классикалық теоретикалық мәселелермен қатар қоғам мен мемлекеттің өмірінің түрлі салаларындағы мемлекеттік саясаттың актуалды проблемалары мен перспективалары қарастырылады.
Модуль бойынша оқытудың нәтижелері
Әкімшілік құқық мелекеттік басқарудың құқықтық жағын зерттейтін құқықтың негізгі саласы және негізгі мемлекеттік қызметтердің (кеден құқығы, валюталық құқық, қаржы құқығы, салық құқығы, т.б.) жүзеге асырылуын құқықтық реттеуді зерттейтін пәндер үшін фундаменталды болып табылады.
Әкімшілік құқық ғылым ретінде де, сала ретінде де Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін реформалаумен байланысты және де мемелкеттіліктің дамуының бүгінгі күнгі деңгейінде мемлекеттік реттеу және басқарудың әдістері мен нысандарына байланысты үлкен өзгерістерге ұшырады.
Әкімшілік құқық жүйесі жалпы және негізгі бөлімдерден құралады. Жалпы бөлімі негізгі түсініктік аппараты, мемлекеттік қызмет институтын, әкімшілік мәжбүрлеу және әкімшілік жауаптылық институтын біріктіреді. Аталған пәннің ерекше бөлімі мемлекеттік ретеу және қоғам мен мемлекеттің өмірінің жеке алған салаларындағы реттеудің ерекшеліктерін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |