Заң факультеті



бет8/15
Дата13.03.2023
өлшемі262,5 Kb.
#172227
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Силлабус ГП и АП

Әкімшілік процедуралар- басқарушылық қызмет процесінде қолданылатын процедуралар тізбесі (бірыңғай Заңмен реттеледі). Түрлері: шешімді қабылдау және орындау тәртібі; мемлекеттік аппарат жұмысын ұйымдастыру процедурасы; азаматтардың үндеуін қарастыру процедурасы; экономика обласында шешімді қабылдау процедурасы.
Әкімшілік мерзімдер- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастыруда және әкімшілік өндіріске байланысты істі қарастыруда әкімшілік заң шығарушы бекіткен мерзімдер.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкер- мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын, саяси мемлекеттік қызметкерлер құрамына кірмейтін мемлекеттік қызметкер.
Әкім- орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде келісілген өзара әсер етуді жүзеге асыратын, оған сеніп тапсырылған территориясында мемлекеттік саясаттың өткізілуін қамтамасыз ететін және жергілікті атқарушы органды басқаратын, Президент пен Үкіметтің орындардағы өкілі. Саяси мемлекеттік қызметкер. «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР Заңы мен ҚР Конституциясы бойынша құқықтық мәртебесі реттеледі.
Мемлекеттік қызмет- мемлекеттің қызмет етуі мен іске асуы бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметі.
Мемлекеттік қызметкер-өтеулі негізде мемлекеттің функциясы мен шешімдерінің жүзеге асырылуы мақсатында лауазымды өкілеттілікті іске асыратын және белгіленген заңи тәртіп бойынша мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлға.
Лауазымды тұлға- әкімшілік шаруашылық функцияны немесе ұйымдастыру-билік етуді іске асыратын не билік өкілі функциясын тұрақты не уақытша не арнайы өкілеттілік бойынша жүзеге асыратын тұлға.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс- әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыру тәртібі мен негізін реттейтін бекітілетін нормалар, бірыңғай кодификацияланған 2001 жылы 30 қаңтарда қабылданды.
Жергілікті комендатура- төтенше жағдайлар тәртібін қамтамасыз ету үшін төтенше ахуал енгізілген жергілікке Қазақстан Республикасының Президентімен құрылған арнайы орган;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет