Заң факультеті



бет2/15
Дата13.03.2023
өлшемі262,5 Kb.
#172227
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Силлабус ГП и АП

тұлғааралық: тілдік бірлестіктің мәдениеті мен әлеуметтік ерекшеліктерін білу; тұлғааралық қатынас этикасын игеру және өзін-өзі ұстай білу, жауапкершілікті өз мойына алуға дайын болу және лидерлік қасиеттерін көрсету; заңды түрде өз құқығын, оның ішінде көпұлтты қоғамда басқалардың сәйкес құқықтарын құрметтеумен жеке тұлғаның құқығын қорғай білу; писхологиялық қабылдау кезінде сұхбат жүргізу мен жауап алуда, нормативті құжаттарға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстардың құндылығы мен кемшіліктерін бағалауда, ұжымдағы бірлескен қызметте, жұмыс топтарында, басқа саладағы сарапшылармен өзара әрекеттерде, өз жұмысының нәтижесін бағалауда құзырлы болу; адам мен адамның, қоғамның, қоршаған ортаның қатынасын реттейтін этикалық және заң нормаларын білу; қоғаммен, еңбек ұжымымен әлеуметтік өзара әрекеттерге дайын болу, жалпы адами құндылықтар мен жалпыға бірдей этикалық нормаларды білу және сақтау; сындарлы пікірталастарға қатысу және дұрыс келісімге қол жеткізе білу.
жүйелік: нақты тәжірибелік жағдайларда азаматтық және әкімшілік құқықтық нормалар мен теорияларды пайдалануға; заң техникасына, құзіретті болу; айқындалмаған болжамдарды көрсете білу, ойлау логикасында қатені және жіберілген қатені көру; заттардың, құбылыстардың және үдерістердің әлеуметтік ақиқатын зерттеуде жалпығылыми және философиялық әдістерді меңгеру, өзінің эмоциональды жағдайын басқару.
Пәндік құзырет: мемлекеттік механизмді дамытудың жағдайы мен болашағын, азаматтық және әкімшілік құқықтық жүйені білу; азаматтық және әкімшілдік заңнамаға енгізілген жаңалықтарды ұғыну; Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық және азаматтық дамуының тарихи өзгешеліктерін; ҚР құқықтық жүйесі және мемлекеттік механизмі қызметінің ерекшеліктерін; ҚР азаматтық құрылысын; оның қызметінің нақты саласын анықтайтын нормативті құқықтық актілер мен теориялық жолдарының мазмұнын білу, кәсіби қызметте құқықтарын жүзеге асыру үшін олардың мағынасын түсіну.
Пререквизиттері оқылуы қажеттi пәндер: а) мемлекет және құқық теориясы; б) мемлекет және құқықтың жалпы тарихы; в) Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет