«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»
ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ
Информатика – Негізгі мектеп – 7-сынып
|
Бөлім: Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады
|
Алдын ала меңгерілуге тиісті білімдер
|
Оқушылар компьютерлердің негізгі сыртқы және ішкі құрылғыларымен таныс. Оқушылар ақпаратты өлшеу бірліктеріне қатысты «кило»,
«мега», «гига» және «терра» жалғауларын еркін пайдаланады деп ұйғарылады.
|
Мәнмәтін
|
Бөлімде ақпаратты өлшеу, ақпарат көлемін әр түрлі бірліктерде ұсыну мәселелері; компьютер жадысының әр алуан түрлерін тағайындау; файл өлшемінің форматқа тәуелділігі қарастырылады.
|
Осы бөлімдегі (пәннің мақсаттары) тілдік мақсаттар
Оқушыларға академиялық тілге сәйкес тілдік мақсаттың мысалы оқушылар үшін төменде ұсынылған.
|
Пән бойынша оқыту мақсаты
|
Оқытудың тілдік мақсаты
|
Пәнге қатысты лексика және
терминология
|
Диалог құруға / жазылымға
қажетті сөздер топтамасы
|
Оқушылар:
- Ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаларына ауыстыру жүргізе алады
|
Оқушылар:
- ақпаратты өлшем бірліктерін түгендей алады
|
Бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт, терабайт
Файл форматы
Мұрағат, өзін-өзі ашатын мұрағат, сығу әдісі
|
Файл өлшемін байттан килобайтқа ауыстыру үшін
… қажет
Файлды басқа форматта сақтау үшін … қажет
Бейнені желіде жариялау үшін … форматын пайдаланған жөн
Файлдарды желі бойынша беру үшін … пайдаланған ақылға қонымды.
|
Қысқаша шолу
|
Осы бөлімде оқушылар ақпараттар көлемін бір өлшем бірлігінен басқаларына ауыстырады, мұрағаттау қажеттілігі, әр түрлі жағдайларда
файл форматын ақылға қонымды таңдау туралы талқылайды.
|