Әлсіз көп негізді қышқыл ерітінділерің рН-ын есептеу.
Көпнегізді қышқылдардың протолизі сатылап жүреді және әрбір саты қышқылдық константамен сипатталады. Бұл кездегі әрбір қышқылдық константаның сан мәні 104-105 есеге айырмашылығы болады.
Фосфор қышқылы үшін
Н3РО4 +Н2О↔ Н3О+ + Н2РО4- К1=7,1,∙10-3
Н2РО4- + Н2О ↔Н3О+ + НРО42- К2=6,2∙10-8
НРО42- + Н2О ↔Н3О+ + РО43- К3=4,5∙10-13
Сонымен, фосфор қышқылының диссоциациясы 2-ші және 3-ші саты бойынша 1-ші сатыға қарағанда аздап төмен, сондықтан соңғы екі саты бойынша диссоциациясын ескермеуге болады және рН есептеуді тек 1-ші саты бойынша, бірнегізді қышқылға арнап жазады.
Көп негізді қышқылдар бірнеше сатыда иондарға ыдырайды. Мысалы, көмір қышқылының иондануы:
Н2СО3 ↔ Н+ + НСО3- (бірінші саты)
НСО3- ↔ Н+ + CO32- (екінші саты)
Бұған сәйкес сірке қышқылының иондану константасы:
және
Бірінші иондану константасы екіншісінен көп жоғары болғандықтан, сутек иондарының концентариясы негізінен көмір қышқылының иондануның бірінші сатысымен анықталады және мына формуламен есептеледі:
Мысалы, көмір қышқылының 0,01М концентрациясында
Сонымен, көп негізді әлсіз қышқыл ерітінділерінің рН-ын есептеуде көбіне ионданудың тек бірінші сатысын есепке алады. Бұл қышқылдың бірінші сатысындағы иондану константасы осы қышқылдың екінші сатысындағы иондану константасынан 1000 есе жоғары болғанда ғана мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |