1-мысал. Сутек иондарының концентрациясы 7,45 ·10-4 г-ион/л-ге тең болатын ерітіндінің реакциясы мен рН-ын есептеңдер.
Шешуі:
Ерітінді ортасы қышқылдық.
2-мысал. Ерітінді рН-ы 5,25-ке тең болса, ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясын есептеңдер.
Шешуі:
1. рН = -lg[H+]. Демек, lg[H+] = -рН = -5,25.
2. -lg[H+] = -5,25 = lg 6,75; бұдан, [Н+] = 5,62 · 10-6 г-ион/л.
Гидроксилді көрсеткіш гидроксил иондарының концентрациясының теріс ондық логарифмі:
рОН = -lg[ОН-]
рН пен рОН арасында мынадай қатынас орнайды:
рН + рОН = 14 (при 25°С).
3-мысал. Ерітіндідегі сутегі иондарының концентрациясы 2,5 ·10-3 г-ион/л. тең болса, ерітіндінің рН пен рОН-ын тап.
Шешуі:
[Н+] иондарының концентрациясы бойынша ерітіндінің рН-ын табамыз:
рН = - lg [H+] = - lg 2,5 · 10-3 = 2,6
рОН = 14 — рН = 14 - 2,6 = 11,4. Реакция ортасы қышқылдық.
Күшті қышқылдар түгел ионданатындықтан, олардың ерітінділерінде сутек иондарының концентрациясы жоғары болады. Сондықтан күшті қышқылдардың рН-ын ерітіндінің иондық күші мен сутек иондарының активтілік коэффицентін ескере отырып есептейді.
4-мысал. 0,01н. НCl ерітіндісінің рН-ын есептеңдер.
Шешуі:
Ерітіндінің иондық күшін табамыз:
2.2 кесте бойынша fH+ табамыз. Иондық күші 0,01 fH+ = 0,91.
Тұз қышқылының концентрациясы мен активтілік коэффицентін fH+ біле отырып, сутек иондарының активтілігін табамыз:
aн+ = cHCl · fH+ = 0,01 · 0,91 = 9,1 · 10-3 (г-ион/л)
Есептейміз:
рН: -lg 9,l ·10-3 = 2,04
рН – сутек иондарының активтілігінің көрсеткіші: раН = -lgаH+. аH+ түсінігін пайдалана отырып, біз ерітіндінің рН-ын емес , раН-ын табамыз. Бірақ аналитиканың көптеген оқулықтарында рН түсінігін пайдаланады. Ал раН ( сутек иондарының активтілік көрсеткіші) және раОН (гидроксил иондарының активтілік көрсеткіші) жаңа ұғымдар, олар тек ғылыми әдебиеттерде қолданылады.
5-мысал. Сірке қышқылы 0,01н. ерітіндісінің рН-ын табыңыз. Оның иондану константасы 1,74 · 10-5.
Шешуі:
Берілген ерітіндідегі сутек иондарының активті концентрациясын табамыз.
СН3СООН – бір негізді қышқыл. Демек, 0,01 н. ерітінідінің молярлы концентрациясы да 0,01М болады:
Бұдан
болғандықтан, , деп алуға болады.
СН3СООН - әлсіз қышқыл,сондықтан оның молекуласының көп бөлігі ерітіндіде ионданбаған күйде болады.
Ионданбаған молекулалардың активті коэффиценті 1-ге тең деп алынады. Осыдан:
Бұдан
рН-ты есептейміз:
Достарыңызбен бөлісу: |