3.Буферлік жүйе оның анализдегі мәні. Зерттелініп отырган ерітіндінің рН мәнін анықтау үшін буферлік жүйені қолданады.
Көбінесе, буферлік ерітінді ретінде әлсіз қышқыл және оның тұздарының ерітіндісінің қоспасы немесе әлсіз негіз және оның тұздарының ерітіндісінің қоспасы немесе көп негізді қышқылдың әр сатысындағы тұздардың ерітіндісінің қоспасын пайдаланады.(таблица 3.3)
Буферлік жүйенің қабілеттілігі буферлік ерітіндінің оған күшті қышқыл немесе күшті негіз қосқанда рН-тың тұрақтылығын сақтауға қабілеттілігі мынаған негізделген: буферлік жүйенің бір бөлігі қышқылдың Н+ ионымен әрекеттесуі мүмкін, ал келесісі – негізге қосылатын ОН- ионымен. Осыдан кейін буферлік жүйе құйылатын қышқыл мен негіздің ОН- ионы мен Н+ ионын байланыстырады және анықталатын шекке дейін рН-тың тұрақтылығын сақтайды. Мысалы, егер ацетатты буферлі жүйеге күшті қышқылды (НС1, Н2SO4, НNO3) құйса, онда ацетат ионы мен қышқылды сутек ионының арасында рекция жүреді, оны мына теңдеуден көруге болады:
Күшті қышқыл(HCl,H2SO4) әлсіз сірке қышқылымен ерітіндіге аз мөлшерде сутек ионын жіберіп алмасады.Ацетатты буферлі жүйеге күшті сілтілерді қосқан кезде сірке қышқылы мен күшті негіздің (NaOH,KOH) арасында бейтараптану реакциясы жүреді:
Осы және басқа да жағдайларда ерітіндідегі [Н+] пен [ОН-] тың концентрациялары өзгереді.
Аммиакты буферлі жүйеде келесі реакциялар жүреді. Күшті қышқылды енгізгенде аммиак ерітіндісі мен қышқылдың арасында бейтараптану реакциясы жүреді:
Күшті негізді енгізгенде тұз бен күшті негіздің арасында реакция жүріп әлсіз негіз NH4OH түзіледі:
4.Буферлі ерітінділердің рН анықтау.
Берілген буферлі ерітінділердің рН мәнін аныктауға болады.
Әлсіз қышқыл және оның тұздарынан түзілген буферлі ерітінділердің рН анықтау
1-мысал: Сірке қышқылының және оның натрийлі тұзының рН мәнін есептеу.
Шешуі:
Қышқылдың иондану константасы теңдеуінен сутек ионының концентрациясын табамыз.
Сірке қышқылының ионданбаған молекуласы натрий ацетатымен қоспасының ерітіндісінде болады.Сондықтан бұл молекуланың концентрациясы қышқылдың молярлық концентрациясына тең,яғни [CH3COOH]=Cқышқыл.Сірке қышқылы анионының концентрациясы берілген тұздың концентрациясына тең,яғни [CH3COO-]=Cтұз, дегенмен натрий ацетаты – күшті электролит, ерітіндіде 100% диссоциацияланады. Бұдан
]
2.Алынған теңдеуді логарифмдеп және қарама-қарсы таңбаға ауыстырамыз,бұдан:
-,
Бірақ ол рН, ал ол рК – қышқыл күштерінің көрсеткіштері.
Егер буферлі жүйені дайындау кезінде концентрациялары бірдей қышқыл мен тұзды алсақ,онда сутек ионының концентрациясы ерітіндідегі қышқылдың иондану константасына тең болады, келесі қатынаста яғни [H+]=K, сондықтан рН=pK.
Қышқылдың концентрациясын тұздың концентрациясы қатынасын өзгертсек,онда буферлі жүйенің және әр түрлі рН мәнінің сериясын аламыз.
Әдетте буферлік жүйені бірдей компонеттерден дайындайды,қышқыл концентрациясының тұздың концентрациясы қатынасы өзгертсек 10:1 онда 1:10.Бұндай ерітіндіде сутектік көрсеткіш тан ға дейін өзгереді.
2-мысал: рН=4 буферлі ерітінді алу үшін 100 мл 2М сірке қышқылының СН3СООН ерітіндісіне 0,5М натрий ацетатының CH3COONa қанша көлемін құю керек?
Шешуі:
1. , бұдан
Сандық мәндерін қойып аламыз
lg=4,76 – 4,00= 0,76
lg0,76=5,754.Содан кейін қышқыл концентрациясы мен тұз концентрациясының қатынасы 5,754:1 тең.
2. Буферлік жүйедегі қышқыл концентрациясын табамыз:
1000 мл 2М ерітіндіде 2 моль СН3СООН
100 мл 2М ………….. 0,2 моль СН3СООН
3. Қышқыл концентрациясын біле отырып, тұз концентрациясын табамыз: ол 0,2:5,754=0,03475(моль)
4. 0,03475 мольдегі 0,5М натрий ацетатының көлемін табамыз:
1000 мл 0,5 М ерітіндіде 0,5 моль СН3COONa
X мл 0,5М …………… 0,03475 моль СН3COONa
X=
3-мысал: 20 мл 0,05М азотты қышқылдың НNO2 ерітіндісі мен 30 мл 1,5М натрий нитритінің NaNO2 ерітіндісінен алынған ерітіндінің рН аныкта.
Шешуі:
HNO2 қышқылы мен NaNO2 тұзынан алынған ерітіндінің көлемін және олардың концентрациясын анықтаймыз:
V=20+30=50 (мл)
Таблицадағы мән бойынша рКHNO2=3,29
pH ты анықтаймыз:
н/е
4-мысал: рН=6 буферлі жүйені алу үшін,құрамында NaH2PO4 және Na2HPO4 тұздар бар ерітінді қандай молярлы қатынаста болу керек.
Шешуі:
1.Есептің берілгенде тек рН мәні бар.Сондықтан рН мәні бойынша сутек ионының концентрациясын табамыз.
немесе бұдан
2.Буферлік жүйеде қышқыл орнына ионы түсіп, диссоциация кезінде натрий дигидрофосфаты алынады. Фосфор қышқылының екінші сатысының диссоциациялану константасы
3. Сутек ионының концентрациясы мен қышқылдың диссоциациялану константасының мәнін біле отырып, буферлі жүйедегі қышқыл концентрациясының тұз концентрациясына қатынасын табамыз: , немесе
Бұдан тұздардың молярлы қатынасы буферлі ерітіндіні құрайды, сонда:
Әлсіз негіз және оның тұздарынан түзілген буферлі ерітінділердің рН анықтау
Мысал үшін буферлі жүйедегі аммиакты алсақ,аммоний гидроксидінің NH4OH ерітіндісі мен аммоний хлоридінің NH4Cl ерітінділерінің қоспасы берілген.
1.NH4OH иондану константасының теңдеуін жазып, [OH-] табамыз:
,
2.Бұдан pOH=pKнегіз-lg
pH+pOH=14 pH=14-pK+lg
5-мысал: Құрамында 0,5М аммоний гидроксиды NH4OH және аммоний хлориды NH4Cl бар аммиакты буферлі жүйенің рН есепте. 1 л бұл қоспаға 0,1М HCl және 0,1М NaOH қосып,10 рет сумен сұйылтқанда рН мәні қалай өзгереді,егер рКNH4OH=4,75 ?
Шешуі:
рН=14-4,75+lg
Буферлі ерітіндіге 0,1М HCl қосқанда NH4OH концентрациясы 0,1 М төмендеп 0,4М-ке тең болады, ал NH4Cl концентрациясы жоғарылап 0,6Мге тең болады, содан
0,1M NaOH ты қосқанда NH4OH концентрациясы жоғарылап 0,6М болады, ал NH4Cl концентрациясы төмендеп 0,4М, нәтижесінде:
Буферлі ерітіндіні 10 рет сумен сұйытқанда:
6-мысал: Құрамында 1 л 8,5 г аммиак NH3 және 107 г аммоний хлориді бар ерітіндінің рН мен рОН есепте.
Шешуі:
1. Аммиак пен аммоний хлоридінің молярлы концентрациясын табамыз:
2.рОН мәнін есептейміз:
Негізгі әдебиет: 1-11.
Қосымша әдебиет: 25-27, 29.
Лекция № 7
Тақырыбы: Гидролизденуші тұздар ерітінділеріндегі тепе теңдік.
Жоспар:
Тұздар гидролизі туралы түсінік
Константа, гидролиздену дәрежесі және әртүрлі тұздар ерітінділерінде олардың мәнін есептеу
Гидролиздену реакциясын басқару әдістері
Тұздар гидролизі дегеніміз ерітілген тұз иондарының су иондарымен әрекеттесіп, ерітіндінің рН мәнінің өзгеруі арқылы жүретін реакцилар. Гидролизге ұшырайтын күшті қышқыл мен әлсіз негіз тұздары. (NH4Cl, CuCl2, FeCl3), күшті негіз бен әлсіз қышқыл тұздары (Na2CO3, CH3COONa, KCN), әлсіз негіз бен әлсіз қышқыл тұздары (NH4)2CO3, CH3COONH4, Al2(CO3)3). Күшті қышқыл мен күшті негіз тұздары гидролизге ұшырамайды. Бұндай тұздар диссоциациясы толық жүреді. Бұл кезде әлсіз қышқыл аниондары немесе әлсіз негіз катиондары еріткіш молекуласымен әрекеттесіп әлсіз қышқыл немесе әлсіз негіз түзеді. Мысалы:
NH4Cl +НОН ⇆ NH4OН +НCl
NH4++ Cl- + НОН ⇆ NH4OН + H++Cl-
NH4++ НОН ⇆ NH4OН + H+
Ерітінді қышқылдық реакцияны көрсетеді (рН< 7).
Судың диссоциациялануының тепе теңдігінің ығысуы болады, соның салдарынан оның бір ионының (ОН-) ион NH4+ пен байланысы әлсіз электролит NH4ОН түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |