Үздік ұстаз — ғибратты үлгі



бет1/2
Дата26.09.2022
өлшемі21,34 Kb.
#150847
түріОқулық
  1   2
Байланысты:
Үздік ұстаз-ғибратты үлгі


Үздік ұстаз — ғибратты үлгі

Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек.
В. Маяковский.

Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы. Мектеп бағдарламалары, оқулықтардың талаптары мен авторлары өзгеруде, жаңа пәндер енгізілуде, ал бұл мамандық қоғамда өте маңызды болғандықтан, оның деңгейі өте жоғары әрі жауапты. Күн сайын мұғалімді жүздеген балалар қоршап алады, олар оған қарайды, құрметтейді және бір нәрсеге еліктеуге тырысады, сондықтан мұғалімнің үлгісі жоғары мәдениеттің, парасатты ойлар мен іс-әрекеттердің шеңберіне сәйкес келуі керек. Мұғалім оқу жылы бойы күн сайын әр сабақта оқушылармен нәтижелі жұмыс жасауға көмектесетін психология дағдыларын білуі және игеруі керек. Оқу жылында әр оқушы пән бойынша курсты меңгеруі керек. Балалар әр түрлі болғандықтан, мұғалім бәріне назар аударуы керек, бір нәрсені түсіндіруі, айтуы, бағыттауы керек. Әрине, барлығына көзқарас табу оңай емес, бірақ мұғалім сол үшін мұғалім және ол сыныптан «сүйіктілерді» бөлмеуі керек. Мұғалім оқушыларды өз пәнімен қызықтырып, оның мәнін жеткізуі керек. Жалпы, мұғалім мамандығы оған сеніп тапсырылған әрбір кішкентай өмір үшін үлкен жауапкершілік болып табылады, бұл өмірді жоғары зияткерлік және адамгершілік дамумен толтырады. Қазіргі заман мұғалімінен тек пәнінің терең білуі ғана емес, тарихи-танымдық, педагогика-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылығы талап етіледі. Ол талапқа сай болу үшін көп ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеу қажет. Мұғалім мамандығы – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық психология-педагогикалық даярлықты қажет ететін ерекше еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан, педагогикалық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Ал осы жолды өзің үлгі алатын ұстаз болу қажет. Осындай ұлы тұлға, есімі кең танылған Бақытжан Әбдіқалықұлы Сайлыбаев. Ұстаздық жолында өте үлкен еңбектер мен тәжірбиелерді көрген, алдынан қаншама дарынды, талантты оқушыларды шығарған ұстаздың бірі. Кемеңгер ұстаздың еңбектері мен жетістіктері жайлы бөлісер болсам:


Қызылорда педагогикалық институтының (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) физика-математика факультетін (1976), Мәскеу КСРО педагогика ғылымдары академиясының білім берудің мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1990) бітірген.
1976 – 81 жылдары Қызылорда қаласындағы орта мектептерде мұғалім, мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, 1981 жылы Қызылорда педагогикалық институтының бастауыш сыныптарға білім берудің педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында оқытушы, 1991 жылы Қызылорда гуманитарлық университетінде, 1998 жылы Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, 2003 жылдан университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған.
Қызылорда гуманитарлық университетінде, Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, ұзақ жылдар бойы университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, ректор қызметін абыроймен атқарған. Кейін облыстық білім басқармасының басшысы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры болып қызмет етті. Білікті басшы, ұлағатты ұстаз ретінде жас ұрпақтың тәрбиелі, саналы, салауатты болып қалыптасуына және білім саласының дамуы жолында Сыр елінің білім - ғылымға, атқарған еңбегі өлшеусіз. Ағарту саласын дамытуға сүбелі өмір тәжірибесінен нәр алған үлесін қосқан тағылымы мол ұлағатты ұстаз, доктор, профессор, ұрпаққа өнеге болардай жазбалар қалдырды. Бiр сөзбен айтқанда, ол өзiнiң барлық саналы
ғұмырын қазақ бiлiм мен ғылымның дамуына, ағартушылық iсiне арнады.
Бақытжан Әбдіқалықұлы Сайлыбаев Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшесі. Педагогикалық білім беру халықаралық ғылым академиясының корреспондент мүшесі болған.
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары: ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
Ғылыми, әдеби еңбектер, жарияланымдар: 2 монография, 10 оқу және оқу-әдістемелік құралдардың, 80-нен астам ғылыми жұмыстардың авторы.
Қай замандарда болмасын адам баласы ізгілікке, мейрімділікке, әділеттіліке, адалдыққа, таза да шынайы адамгершілікке, қайырымдылыққа, күн көзіне ұмтылған өсімдіктей құштар. Ол өз ісінің нағыз шебері еді. Себебі, қиын кезеңдерде қол ұшын созудан шаршамаған. Алтыннан да бағалы ойларын, ақыл-кеңесін беруге ұмтылатын. Бір көрген адам таңдаған мамандығын ерекше дәріптейтін майталман екендігін түсінуге болатын. «Жақсы адам – Алланың нұры» дейді. Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты әріптестер бойына дарыта білетін, өз бойындағы шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімдік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерімен, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін. Жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздың бірі – біздің кейіпкеріміз.
Осынау уақыт таразысының өлшемдері жетпейтін мәңгі асыл қасиеттерді бойын сіңірген Бақытжан Сайлыбаев ағайды оқушылары, түлектері де ешқашан ұмытпайды.
Тарихтың қатал кезеңдерінде қайталанбас еңбектер қалдырып, казіргі тәуелсіз ел болуымыздың себепкері – Бақытжан ағамыз сияқты ұлы тұлғалар еңбегі деп мақтан тұтуымыз керек.
Сондықтан ұстаз боламын десең, ұлт діңгегі бол. Ол дегеніміз ұстаз үшін қилы-қилы үлкен сынақ өткелдерден өту. Сол өткелдерден еш сүрінбей өткенде ғана бала тәрбиесі мен білімін тиянақты да орнықты, ұлт келбетін айқындай алады.
Қазіргі заманда ұстаз болу қиын деп жатады. Мен өз басым оған келіспеймін. Ұстаз болу қиын, әрине. Бірақ ізденіп талаптанған адамға, ынта-жігермен тағатсыз еңбек еткен адамның еңбегі еш кетпес деп ойлаймын.
Ұстаз болған соң мамандығыңа ісің, ынта-тілегің сай адам бол. Халқыңның, ұлтыңның діңгегі берік болсын десең тынбай еңбек ет, талмай шәкірт тәрбиеле. Сонда ғана еңбегіңнің жемісін көріп, шәкіртіңнің жалпы халқыңның құрмет-қошеметіне ие боласың. Ел ертеңі бүгінгі және келешек ұрпақ үшін нақты да нәтижелі, сапалы да саналы жұмыстар атқару – біздің мүдделі мұратымыз. Cаналы ғұмырын білім жолында сарп еткен ұлағатты ұстазға деген ізгі ниетімді жүрек жарды өлең жолдарымен қорытындыламақпын:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет