Зертханалық ЖҰмыстарына әдістемелік нұскаулары


Қыздырған кездегі нәруыздың ұюы



бет2/6
Дата06.05.2024
өлшемі136 Kb.
#201808
1   2   3   4   5   6
Қыздырған кездегі нәруыздың ұюы.
Нәруыздың ұюы – нәруыз молекуласы өзінің құрылысын өзгертуіне байланысты ,кері айналмайтын тұңбалы процесс.Бейтарап тұздардың қосылуы (аммони сульфаты,натрий хлориді) нәруыздың ұюын жеңілдетеді.
Сынамаға нәруыз ерітіндісінің 4 тамшычын құйып, қайнағанша қыздырады.Нәруыз осы жағдайда бұлыңғыр немесе түйіршік турунде көрінеді.Құрайтын сынамаларды аздап суытады, аммони сульфатының ерітіндісінің тамшысын қосады және бастапқы қайнағанға дейін қыздырады.Нәруыздың ұюы осы екзде көрінеді.


Ерітіндіден нәруыздың қайта оралуы .
Сулы ерітіндегі нәруызға концентірлі минералды тұздың қосылуынан нәруыз тұнады.Тұңбаға түскенде олар өзінің құрама\ын өзгертпейді.
Сынамаға екі тамшы нәруыз ерітіндісін ,2 тамшы қаныққан аммоний ерітіндісін қосып, шайқайды.Нәруыз тұңбасында бұлыңғырлық пайда болады.Бір тамшы бұлыңғыр ерітіндіні ,сумен бірге басқа сынамаға құяды.Тұңба ерітіледі.


Ауыр металлдармен тұзды нәруыздың тұнуы.
Ауыр металлдардың тұзы өте аз концентрацияда ерімейтін тұз түзетін қосылыс түзе отырып, нәруызды ерітіндіден тұндырады.Сондықтан ауыр металлдардың тұзымен нәруыз улануға қарсы зат болып табылады.
Екі сынамаға 3 тамшы нәруыз ерітіндісін енгізеді. Сынамалардың біреуіне 1 тамшы мыс сульфат ерітіндісін, екінші сынамаға 1 тамшы сірке қышқылды қорғасын ерітіндісін қосады. Үлпілдек тәрізді тұнба немесе бұлдыр пайда болады.Мыс тұзымен – көк түсті тұнба, қорғасын тұзымен – ақ тұнба түзеді.


Ксантопротеинді реакция. Ксантопротеинді реакция нәруыздағы аминоқышқылдың құрамында ароматты ядроның (жалғызды немесе конденсирленген), мысалы тирозинді, триптофанды, фенилаланиннің бар болуын анықтайды.Осындай аминоқышқылдың азоты қышқылмен әсері кезінде Сары түске боялған нитроқосылыстар түзеді. Сілтілік ортада сары түс қызыл сары түске ауысады. Бұл қарқынды аниондардың бояуының түзілуіне негізделген.
1 мл нәруыз ерітіндісіне ақ тұнба пайда болғанша немесе 5 – 6 тамшы концентрленген HNO3 қосады. Реакциялық қосапны тұнбаның түсі сары болғанша қыздырыңыз. Гидролиз процесі кезінде тұнбаның ерітілуі жүреді. Қоспаны суытыңыз және оған абайлап тамшымен артық концентрлі аммиак ерітіндісін қосыңыз. Түсі қызыл сары түске ауысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет