Зертханалық ЖҰмыстарына әдістемелік нұскаулары



бет3/6
Дата06.05.2024
өлшемі136 Kb.
#201808
1   2   3   4   5   6
Биуретті реакция. Биурет реакциясы көмегімен нәруыз молекуласындағы пептидті тобының болуын анықтайды. Нәруыз түсуінің өнімдері – полипептидтер сонымен қатар, биуретті реакцияны береді, түзілетін мыс комплексінің түсі аминоқышқыл санымен анықталады, олар бір – бірімен пептидті байланыспен анықталады. Дипептидтер көк түс береді, үшпептидтер – күлгін түсті,тетрапептидтер және одан да күрделі пептидтер – қызыл түс береді.
Сынамаға 1 – 2 мл 20 % күйдіргіш натрийдің немесе күйдіргіш калийдің нәруыз ерітіндісін қосады. Кейін оған 3 – 4 тамшы ерітілген, түссіз мыс купоросын енгізіп, пайда болған ерітіндіні жақсы араластырыңыз. Құрамында аз нәруыз болса және жеткіліксіз ашық түс болса және алынатын түстің дәлділігін нәруыз және сілті ерітіндісін таза сынамада сынаманы төмен қаратып қайта араластырады және абайлап пипеткамен 0,5 – 1 мл мыс күкірт қышқыл ерітіндісін сынамада жоғарғы қабат түзіп басқа сұйықпен араласпайтындай етіп қосады. Осы жағдайда қабат шекараларында анық күлгін мөлдір, сақина түзеді.


Нәруыздағы күкірттің ашылуы. Сынамағы 0,5 мл 10% қорғасын ацетат ерітіндісін және 2 мл күйдіргіш натрийді түзілген қорғасын гидроқышқыл тұнбасы ерітілгенге дейін қосады. Басқа сынамаға 2 – 3 мл нәруызды және сондай көлемде алынған плюмбит натриін құйыңыз. Қоспаны қайнағанша қыздырыңыз. Қыздырған кезде нәруыз гидролизденеді және H2S түзеді. Ерітінді қара – қоңыр түске боялады.


Бақылау сұрақтары
1) Нәруыздардың түсті реакцияларын ата
2) Нәруыздың екіншілік құрылымын қалай түсінесің ?
3) Нәруыздың үшіншілік құрылымын қалай түсінесің ?
4) Нәруыздағы үшіншілік құрылымындағ өзара әсерлесудің қандай типтері бар?
5) Нәруыз молекуласында аминоқышқыл қалдықтары бір – бірімен қалай байланысқан ?
6) Қандай органикалық қосылыстар аминоқышқылды деп аталады?


Зертханалық жұмыс №2


Көміртектер
Моно және дисахаридтердің химиялық қасиеттері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет