Зертханалық ЖҰмыстарына әдістемелік нұскаулары


Тәжірибе №3. Қанттардың сілтілермен әрекеттесуі



бет5/6
Дата06.05.2024
өлшемі136 Kb.
#201808
1   2   3   4   5   6
Тәжірибе №3. Қанттардың сілтілермен әрекеттесуі.
Бос карбонильді топтары бар барлық қанттар, яғни моносахаридтер және кейбір дисахаридтер сілтілік ерітіндіде қыздырғанда қара немесе қоңыр ерітінді түзіп, жеңіл шайырланады.
Құралдар: моносахаридтер (глюкоза, галактоза, фруктоза), дисахаридтер (сахароза, лактоза, мальтоза), сілтінің концентрленген ерітіндісі, қышқылдың сұйылтылған ерітіндісі.
Тәжірибені бір мезгілде өздерінің дайын 5-10%-ы ерітінділерін қолданып немесе 0,1-0,2г қантты 1-2 мл суда ерітіп, бірнеше түрлі қанттармен жүргізеді.
Зерттелетін қанттың 1-2 мл-не одан екі есе кем концентрленген сілті ерітіндісін қосамыз, қоспанықайнағанға дейін қыздырып, мұндай жағдайда 2-3 минут ұстаймыз. Егер ерітіндінің түсі өзгерсе, белгілеп сұйылтылған күкірт қышқылымен қышқылдатамыз. Ерітінді түсі ағарып, карамельдің (еріген қант) иісі пайда болады.


Тәжірибе №4. Сілтілік ерітіндіде еківалентті мыс тұздарымен қанттың әрекеттесуі.
Тез еритін, қарқынды боялған және сілтімен бөлінбейтін мыстың комплексті алкоголяттарының түзілуі қант молекулаларында жақын орналасқан бірнеше гидроксильді топтардың болуын дәлелдейді.
Қантты сілтілік ерітіндіде қыздырғанда ерітіндідегі екі валентті мысты қалпына келтіріп, өздері де тотығада. Нәтижесінде қатты боялған ерімейтін өнімдер пайда болады.
Сілтілік ерітіндіде мыс қосылыстарын қалпына келтіру қабілеті тек молекуласында бос карбонильді тобы бар қанттарға ғана тән.
Құралдар: моносахарид, дисахарид,сілтінің сұйылтылған ерітіндісі және мыс сульфаты.
Тәжірибені бір мезгілде бірнеше түрлі қанттармен әр қайсысының 0,05-0,1 г-ын 2-3 мл суда еріте отырып орындайды.
Қанттың 2-3 мл-не 1 мл сұйылтылған сілті ерітіндісі мен 2-3 тамшы күкірт қышқылды мыс ерітіндісін қосамыз.
Мыс гидроксидінің бөлініп жатқан тұнбасы шайқағанда еріп, сұйықтық қарқынды көк түске боялады. Кейін абайлап сұйықтықтың үстіңгі жағын жанғыштың отында қайнағанға дейін қыздырамыз. Егер қант тотықса, онда қыздырған кезде көк түс біртіндеп жасыл түске ауысып, кейін түссізденеді. Бір мезгілде сары, қызыл және қоңыр тұнба пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет