Зертханалық ЖҰмыстарына әдістемелік нұскаулары



бет4/6
Дата06.05.2024
өлшемі136 Kb.
#201808
1   2   3   4   5   6
Жұмыстың мақсаты: Көміртегі класындағы кең тарағандары арасындағы сапалық реакциялармаен танысу.
Барлық көміртектер қатты, көбінесе кристалды заттар болып келеді. Мносахарид пен дисахаридтердің көпшілігі суда жақсы ериді және ерітіндіден жиі кристаллогидраттар ретінде шығарылады.
Тәжірибені жүргізу үшін моносахаридтерден глюкоза мен фруктоза алынады. Таза фруктоза жоқ кезінде оны құрамындағы глюкоза мен фруктозаның мөлшері бірдей балмен алмастыруға болады.
Дисахаридтердің ішінде сахароза ең кең таралған.


Тәжірибе №1 α-нафтолмен көміртегілерге жалпы реакция (Молиша реакциясы)
α-нафтолмен көміртектер әрекеттеседі, әсіресе бос немесе дисахаридтер мен полисахаридтерде байланысқан кетозалар қарқынды әрекеттеседі.
Материалдар: кез-келген көміртектер (қанттар, крахмал, клечатка), α-нафтол (жаңа дайындалған 10 %-ті спирттік ерітіндісі)
Тәжірибені бірнеше көміртектермен қатар жүргізеді. Сынауыққа 0,5-1 мл су және әжептәуір көлемде зерттелетін көмірсутекті (мысалы, бірнеше қант түйіршігі немесе крахмал, әлде көлемі 2-3 мм2 фильтрлегіш қағаздың кішігірім бөлігін) салады. Содан соң α-нафтол ерітіндісінің 2 тамшысын қосады. Нафтол суда нашар еритіндіктен қоспа аздап лайланады. Осыдан кейін сынауықты төмен қаратып пипеткадан 1-1,5 мл концентрленген күкірт қышқылын қабырғамен бойлап,абайлап құяды. Қышқылдың ауыр бөлігі су қабатымен араласпай сынауықтың төменгі бөлігіне түседі. Қабаттардың арасында әдеміқызыл-күлгін сақина пайда болады. Шайқағанда қоспа қызып, бүкіл көлемде араласады, ал оны сумен араластырғанда боялған түйіршіктер бөлінеді. Көміртектер жоқ кезінде күлгін сақина түзілмейді, бірақ сұйықтық сарғайып немесе жасылданып кетуі мүмкін.


Тәжірибе №2 Көміртектердің концентрлі қышқылдармен әрекеттесуі
Концентрлі, минералды қышқылдармен көміртек молекулаларына әсер еткенде олар айырылып, әртүрлі өнім қоспасын түзеді: фурфурол және гуминді заттар деп аталатын оның туындылары. Олар қою сұр немесе қара түске боялған, суда нашар ериді. Тәжірибе шарты бойынша сұйық қабаттар шекарасында бөлінеді.
Материалдар: әртүрлі қанттар (глюкоза мен фруктоза) концентрленген күкірт және тұз қышқылдары
А Кез келген қанттың бірнеше түйіршігін 1-2 мл суда ерітеді. Суық ерітіндіге абайлап сынауықтың қабырға бойымен, қоспаны араластырып алмай, ерітінді көлеміне тең концентрленген күкірт қышқылын қосады.
Күкірт қышқылы ауыр болғандықтан қант қабаты астына түседі. Бұл қабаттар арасында қою сұр сақина түзіледі. Егер суықта сақина түзілмесе ерітіндіні шайқамай аздап қыздырады.
Б Глюкозаның аздаған бөлігін 20-30 сек 2 мл концентрленген тұз қышқылымен қайнатады, ерітіндіні салқындатады да және 2/3 бөлігіндей су қосады. Тәжірибені глюкозаны фруктозаға алмастырып қайтадан істейді. Екі ерітіндінің сырт бейнесінің айырмашылығын бақылайды.
Альдозаларға қарағанда кетозалар қышқылдардан тез ажырайды. Б сынамасын фруктоза мен глюкозаны ажырату үшін қолодануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет