Зертханалық құралдар мен ыдыстар



бет4/21
Дата23.11.2022
өлшемі0,7 Mb.
#159466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Зертханалы? ??ралдар мен ыдыстар

Зертханалық стакандар (6-сурет) 2 түрлі болады: жоғарғы жағы дөңгелек және созылыңқы («мұрыны бар» және «мұрынсыз»), әр түрлі сыйымдылықты: 25мл-ден 1л-ге дейін. Оларға құйылған ерітінділерді (сұйықтықтарды) тек асбест торы (7-сурет) арқылы не су моншасына қойып қана қыздырады.

6-сурет. Зертханалық стакандар.

7-сурет . Асбест торы.
Колбалар (8-сурет) әр түрлі пішінде және сыйымдылықтары да әр түрлі болады: түбі жазық (а), конус тәріздес (Эрленмейер колбасы(б), түбі домалақ (в), Вюрца колбасы, Бунзен колбасы, өлшегіш колбалар.
Түбі жазық және түбі домалақ колбалардағы ерітінділерді ашық жалында қыздыруға болмайды, тек асбест тор арқылы қыздырады.
б в

Бунзен колбасы Вюрца колбасы Өлшегіш колба
8-Сурет. Колбалар.
Түбі жазық колбалар 50-мл-ден бірнеше литр сыйымдылықта болады, шлифпен және шлифсіз жабылады.
Конус тәрізді колбалар көбінесе титрлеуге қолданылады. Оларды тек асбест тор үстінде қыздырады.
Егер фильтрлеуді тез жүргізу қажет болса, қысым астында фильтрлейді: төменгі қысымды қабылдағышта туғызады. Қабылдағыш ретінде Бунзен колбасын қолданады. Бунзен колбасының бірнеше түрі болады және оның көлемі де әр түрлі болады. Оны қалың шыныдан жасайды, себебі атмосфералық қысым әсерінен жұмыс істеп тұрған уақытында сынып кетуі мүмкін. Жұмысты бастамай тұрып қолданылатын ыдыстарды (9-сурет) – фарфордан жасалған Бюхнер воронкасын (1), Бунзен колбасын (2), сақтандырғыш шыныларды (суретте көрсетілмеген) және вакуум сорғышты (3) - тексеру керек, шытынаған, сынған жерлері болса, вакуум әсерінен олар жарылып кетеді.
Фарфор Бюхнер воронкасына екі дөңгелек қағаз фильтрін орналастырады (астындағы фильтр воронка диаметріне дәл келеді, үстіндегі фильтр қағаз үлкендеу болады), алдын ала фильтр қағаздарды сумен сулайды да воронкаға тығыз орналасқандықтарын тексереді. Егер фильтр қағаздар воронкаға тығыз орналасқан болса, сорғышты қосқанда бірқалыпты дыбыс шығады, ал егер фильтр қағаздар воронкада дұрыс жатпаған болса, дыбыс бірқалыпты болмайды, ысқырық (ызың) шығады. Егер фильтр қағаздар воронкада тығыз орналаспаса, саусақпен абайлап басады. Сорғышты қоспай тұрып, воронкаға ½ биіктігіне дейін фильтрленетін сұйықтықты құйып, қабылдағышта төменгі қысым туғызады, сол кезде фильтрат қабылдағышқа өтеді. Тұнба үстіндегі сұйықтықты біртіндеп воронкаға құйып отырады.
Тұнбаны фильтр бетінде алдын ала дайындаған жууға қолданатын ерітіндімен жуады. Тұнбаны жууды бірнеше рет қайталайды.
Тұнбаларды сумен не басқа еріткіштермен жуу үшін жуғыштар (10-сурет) қолданылады. Оларды көбінесе төменгі тығыздықты полиэтилен мен полипропиленнен жасайды. Бутыльдер тар мойынды, қақпағы және сұйықтықты құятын төменгі жағы созылған трубкасы болады.
9 -сурет. Төменгі қысымда фильтрлеуге арналған құрал: 1 – Бюхнер воронкасы; 2 – Бунзен колбасы.

10-сурет. Жуғыштар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет