Үш бөлікті модель бойынша дүниежүзі елдерін үш топқа жіктейді, яғни дамыған, дамушы елдермен қатар өтпелі экономика елдері ажыратылады. Экономиканың өтпелі сипаты оларда орталықтан жоспарланатын экономикадан нарықтық экономикаға өтумен түсіндіріледі. Қазақстан басқа ТМД елдерімен қатар осы өтпелі экономика елдері қатарына жатады.
Жаңа үш бөлікті модельде дүниежүзіелдері даму сипатына қарай ғаламдық орталықтар, жапсарлас өтпелі аймақтар және шеткі (периферия) аймақтар деп аталатын үш топқа біріктірілген.
Көп бөлікті модель негізінде дүниежүзілік шаруашылық 10 орталыққа бөлінген (Еуропа. Солтүстік Америка, Жапония, Қытай, Үндістан, Оңтүстік-Батыс Азияның мұнай өндіретін елдері, Жаңа индустриялық елдер, ТМД елдері, Бразилия және Мексика).
Дамыған елдердегі шаруашылықтың аумақтық құрылымы
Бұл мәселені Батыс Еуропаның мысалында қарастырайық. Батыс Еуропаның экономпкалық аудандарын, төрт топқа бөледі.
Жоғары дамыған урбандалған орталық аудандар экономикасының жоғары деңгейде дамуымен ерекшеленеді.
Жоғары дамыған елдердегі аумақтық құрылым
Мұнда өнеркәсіптің ең жаңа салалары, ғылым. мәдениет, қызмет көрсету саласы шоғырланады. Мысалы, Батыс Еуропадағы жоғары дамыған аудандар:
Үлкен Лондон мен Үлкен Париждің астана аудандары;
Германиядағы оңтүстік аудан;
Италиядағы Милан-Турин-Генуя өнеркәсіп үшбұрышы;
Нидерландтағы Рандстад агломерациясы.
Қалалық агломерашиялардың ауыртпалығын азайту үшін серік қалалар. жаңа қалалар салынуда. Мысалы. Лондон маңында 8 серік қала салынған.
Достарыңызбен бөлісу: |