Зерттеудің көкейкестілігі


Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру



бет5/10
Дата10.07.2022
өлшемі75,92 Kb.
#147378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (3)

Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру тәжірибелік-эксперимент жүргізу барысында іске асты және халықаралық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндалды, зерттеу жұмысының мазмұны 19 еңбекте: жарияланған мақалаларда, оқу-әдістемелік құралдарда, бағдарламаларда көрініс тапты.
Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру:
Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері Халықаралық (Москва 2006, 2007; Алматы 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009; 2010; Ташкент 2008; Бішкек 2009) ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларда және Қазақ қыздар мемлекеттік университетінде, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, І.Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университетінің кафедра мәжілістерінде, ғылыми-әдістемелік семинарларында, сонымен қатар мерзімді ғылыми-педагогикалық басылымдарда, бағдарламаларда, жинақтарда, оқу-әдістемелік құралдарда, оқу-әдістемелік кешендерде, силлабустарда көрініс тапты. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінің тәжірибесіне ендірілді.
Диссертация құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мәні, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі көрініс алады.
«Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде
өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері, студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда өзіндік жұмыстардың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы, өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары қарастырылады.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруды педагогикалық тұрғыдан негіздеп, бұл мәселенің зерттелу тарихына талдау жасалды.
«Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың әдістемесі» атты екінші бөлімде өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мазмұны, әдіс-тәсілдері анықталып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері көрсетіліп, әдістемесі ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет