Экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі сараптаулар нәтижесі педагогикалық мамандық студенттерінің өзіндік жұмыстар арқылы кәсіби бағыттылығының қалыптасу деңгейі бақылау топтары мен эксперимент топтарында әрқалай жоғарылағанын көрсетеді.
Сурет 2 - Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштері (%)
Мазмұндық компонентте эксперименттік топтарда жоғары деңгейдің өсуі 11,9% көрсетсе, бақылау топтарында бұл көрсеткіш 2,2 %; эксперименттік топтардағы орта деңгейді құрайтын студенттер саны 14,6% -ке өссе, бақылау тобындағы бұл көрсеткіш 5,4%; эксперименттік топтарда студенттердің төменгі деңгейі 27%-ке азайса, бақылау тобында 8% -ке азайды.
Өзіндік жұмысты орындау барысында студенттердің іс-әрекеті бірнеше психологиялық үрдістен өтеді. Ең алдымен жұмысты орындау барысында оның мазмұнын түсіну, қабылдау, ой елегінен өткізу арқылы студент өздігінен шешім қабылдау үшін еркіндік алу нәтижесінде өзіне деген сенімге ие болады. Сенім оның келешекте әрекет ету барысындағы белсенділігін арттыруға жағдай жасайды. Ақыл –ойдың жүйелілігі мен дамуы жекебастың өмір тәжірибесінен және әртүрлі білім саласынан алған ұғымдарының көлеміне байланысты екендігі белгілі болды. Олай болса, өзіндік жұмыс орындау кезіндегі түрлі ақыл-ой әрекетінің күрделенуі арқылы қабылдағанда ойда сақтау, қайта жаңғырту, керекті жерінде пайдалану біліктіліктері артатындығы байқалды.
Зерттеу нәтижесінде эксперимент тобындағы студенттердің дайындық деңгейлерінің бақылау тобына қарағанда күрт жоғарылап, төмен деңгейді көрсеткіштерінің күрт төмендеуі олардың зерттеу проблемасының психологиялық-педагогикалық негіздерін жақсы меңгергендігінің нәтижесі деп айтуға болады.
Сонымен, педагогикалық эксперимент нәтижелері біздің бастапқы болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді.
ҚОРЫТЫНДЫ Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мәселесін теориялық және тәжірибелік зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытынды және ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызды:
1. Ұсынылып отырған диссертациялық зерттеу өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру арқылы бүгінгі күннің талабына сай болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үдерісі теориялық тұрғыда негізделді. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды.
2.Студенттердің кәсіби бағыттылығын өзіндік жұмыстар арқылы қалыптас- тырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. Нәтижесінде мотива- циялық-құндылылық, мазмұндық, нәтижелік-бағалау компоненттердің өзара байланыстылығын тұтастай ескере отырып, осы құрылымның өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау оң нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді.
3.Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың тиімділігі педагогикалық шарттар арқылы қамтамасыздан- дырылды.
4.Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптас- тырудың әдістемесі ұсынылды.
5. Жоғары оқу орындарының кредиттік жүйеге көшу жағдайында өзіндік жұмысты ұйымдастыруды кәсіптік бағыт беру мәселесінің мазмұны жетілдіріліп тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында дәлелденді.
6. Зерттеу барысында жасалынған ғылыми-әдістемелік еңбектерді жоғары оқу орындарында және педагогикалық мамандықтардың студенттеріне педагогика, педагогикалық пәндерінен мемлекеттік аралық бақылауға өз бетімен және оқытушы бақылауымен дайындалуда, педагогика саласы мамандарының болашақ кәсіби біліктілігін арттыру ісінде, қашықтықтан оқытуда пайдалану тиімді.
:
Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың арнайы жүйелі-әдістемелік кешенін жетілдіру;
Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда оқу–тәрбие процесінде өзіндік жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру;
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі бойынша озат тәжірибені кеңінен насихаттау үшін оқытушылар мен студент жастарға семинарлар, тренингтер өткізіп, әдістемелік кеңестер ұйымдастырып, ашық сабақтар өткізу.
Зерттеліп отырған проблема күрделі болғандықтан оның барлық салаларын терең қамтып шығу мүмкін емес. Бірақ бұл проблеманың айқындалған жағдайлары болашақта өзіндік жұмыстар арқылы басқа мамандықта оқитын студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мәселесін зерттеуге негіз бола алады деп есептейміз.