Зерттеудің көкейкестілігі



бет6/10
Дата10.07.2022
өлшемі75,92 Kb.
#147378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (3)

Қорытындыда теориялық және практикалық зерттеу нәтижелері бойынша тиісті тұжырымдар және ұсыныстар, зерттеу келешегі көрсетілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру жүйесіне ену процесі 2003 жылдан бастап еліміздің оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясын ендіруден басталды. Бұл әлемдік және отандық білім беру тәжірибесінің ықпалдасуы ғана емес, олардың өзара толығу үдерісі де болып табылады. Осы үдерістің алдындағы Қазақстанның «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы» Лиссабон Конвенциясына және «Жоғары білімнің еуропалық аймағы туралы» Болон декларациясына қосылуы, ҚР «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы» Конвенцияны ратификациялау туралы Заңы кредиттік оқыту технологиясының ендірілуіне жол ашты. Кредиттік оқыту жүйесін ендіру және оқыту жүйесін жетілдіру әлемдік жоғары білім беру тәжірибесін, оның ішінде еуропалық аймақтағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы Лиссабон Конвенциясы және Болон декларациясы сияқты материалдарды зерттеуді қажет етеді.
Кредиттік оқыту жүйесінің Қазақстанға ендірудегі алғашқы тәжірибелер оқу процесінде студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің қажет екендігін көрсетті. Аудиториялық сағаттардың қысқарып, енді білімді игертуде негізгі салмақтың өзіндік жұмысқа түсуі студенттерде өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында жоғары білім беру орындарында білім алушылардың және профессор-оқытушылар құрамының икемділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің барлық деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ету үшін мамандарды үш деңгейде даярлау: «бакалавр – магистр – доктор» біртұтас кредиттік оқытудың жүйесі бойынша жүргізіледі.
Дәстүрлі «сызықты оқыту жүйесінен» білім беру үдерісін білім алушының өздігінен жоспарлауына мүмкіндік беретін, «сызықты емес» жүйелердің бірі болып табылатын кредиттік оқыту жүйесіне өту еліміздің жоғары мектеп жүйесінде бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негіздері Б.Әдікеримов, Н.Асанов, Г.К.Ахметова, К.Уразаева, А.Атыханов, С.Ә.Әбдіманапов, М.И.Жамбек, Г.Ж.Меңлібекова, Ж.Д.Дадабаев, Д.Дейвис, О.М.Карпенко, К.Қабдыкерімов, А.А.Құсаинов, К.М.Беркимбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды. Кредиттік жүйені ендіруде шетел тәжірибесін ескеру қажеттігіне Х.Рахимбектің, оқу орындарында кредиттік жүйені ендіруге байланысты атқарылған шаралар мен мәселелерге Н.И.Гайнуллинаның, К.Ж.Омарованың еңбектерін атауға болады.
Белгілі ғалымдар А.Чучалин мен О.Боев кредиттік жүйенің мәнін білім беру бағдарламаларының мазмұнын сандық бағалау жүйесі ретінде, ал рейтингтік жүйені оны игерудің сапасын сандық бағалау жүйесі ретінде түсіндіреді.
Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мәселесін зерделегенде кәсіби қарым-қатынас ұғымына тоқталмай кетуге болмайды.
Кәсіби–педагогикалық қарым–қатынасты қалыптастыру мәселесіне талдау жасағанда кері қатынас барысында рефликсивтік жағдай төмендеп және диагностика нақты болмай қалуы мүмкін, бірақ бұл көбінесе ескеріле бермейді. Сол себепті педагогикалық қарым–қатынастың технологиясын толық шешу үшін коммуникативтік міндеттердің орындалу сатысы төмендегідей болуы мүмкін: қарым–қатынас жағдайына бейімделу; сырттағы адамдарды өзіне қарату; нысанның жан дүниесін жаулап алу; сөзіндік қарым- қатынасты іске асыру; эмоционалды және мазмұнды байланысты іске асыру;
Кәсіби бағыттылық ең алдымен теориялық материалдарды меңгеруге негізделуге тиіс. Себебі, теориялық материалдар негізінде ғана практикалық іс-әрекетке оның нәтижесін қолдану жүзеге аспақ. Педагогикалық пәндерге байланысты теориялық материалдар ең алдымен педагогикалық мамандық- тың басты шарттарын, оған қойылатын талаптарды үйретсе, одан әрі сол пәннің даму тарихы және оның оқытушыға беретін сапаларын талдайды. Кез келген педагогикалық жағдаятты шешудің жолымен, әдіс–тәсілімен таныстырады. Сондықтан да студент осы арқылы нені шешетінін, оның неге керектігін, не үшін қажет екенін, оны орындаудың әдіс-тәсілін меңгеріп, педагогикалық мәнін түсінеді.
Тұлға бағыттылығы оның психикалық өмір бейнесінің мазмұнымен байланысты неғұрлым жалпы категория болып табылады. Бұл тұлғаның жүйе құраушы қасиеті. Тұлға бағыттылығы қоғамдык индивид ретінде онын позициясын анықтайды.
Бағыттылық- бұл адамның шындыққа таңдамалы қатынасты өзінше бастан кешіруін, оның әрекетіне әсер етуін сипаттайды.
Бағыттылық тұлға кұрылымында жетекші компонент бола отырып оның барлық құрылымдық мазмұнына әсер етеді: қабілеттер, психикалык процестер, эмоция, сезім. Кәсіби бағыттылықтың арқасында кәсіби оқу үрдісінде тұрақты мотив пен студенттерге сәйкес кабілеттер қалыптасады. Студент тұлғасында кәсіби бағыттылықтың қалыптасуы қажеттіліктер, мотив, құмарлық, жүріс-тұрыс нормасын іштей қайта құрумен, қазіргі маманға қойылатын талаптарды саналы игерумен жүреді. Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мынандай тұлғалық сипаттардан тұрады: табандылық, тұрақтылык, адалдық, болашақ мамандығына берілу қайта құрылады.
Кәсіби бағыттылықты қалыптастыруда өзіндік жұмыстардың маңызы орасан зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет