Зиянды бейорганикалық заттар және улар анализі пәні бойынша зертханалық сабақтарға Әдістемелік нұСҚаулар



бет17/18
Дата20.04.2020
өлшемі332,73 Kb.
#63058
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ЗИЯНДЫ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР ЖӘНЕ УЛАР АНАЛИЗІ

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 7. Мышьякты сынау. 1 әдіс, 2 әдіс

Ж ұ м ы с м а қ с а т ы:

Р е а к т и в т е р мен қ ұ р а л д а р:

Жұмысты орындау:



ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №8 Затты зерттейтін объектіден су буымен айдау әдісі арқылы бөлу

Ж ұ м ы с м а қ с а т ы: Су буымен айдау арқылы улы заттарды бөлу және сынау

Р е а к т и в т е р мен қ ұ р а л д а р: Бутұзушы, зерттейтін заты бар колба (су банясында), салқындатқыш.

Жұмысты орындау:



Химия-токсикологиялық анализде маңызды токсикалық заттарды негізгі топтарға бөлу зерттейтін объектіден бөліп алуына негіделген. Маңызды түрде зерттеуге жататын заттарды бірі болып «ұшқыш улы заттар» табылады, немесе дистилляция арқылы бөліп алуға мүмкіндігі бар заттар. Осы топқа кіретін заттар химиялық табиғаты бойынша әртүрлі болады.

Су буымен дистилляцияны арнайы аспапта жүргізеді, ол мынадай бөлімдерінен тұрады: бутұзушы, зерттейтін заты бар колба (су банясында), салқындатқыш. Шығып жатқан дистиллят тамшысын байқап отыру үшін дистилляцияны баяу жүргізеді. 2-3 дистиллят жинайды. Біріншісін 1-3 мл мөлшерінде жеңіл ұшқыш көгерткіш қышқылды ұстау, оны ұшпайтын натрий цианид қосылысына айналдыру үшін 5% гидроксид натрий бар ыдысқа жинайды. Осы кезде HCN ұшып кетпес үшін мұздатқыштың алонжысы NaOH ерітіндісіне батырлып тұруы керек. Барлық бірінші дистиллятты көгерткіш қышқылды анықтау үшін қолданады.
Екінші (және үшінші) дистиллятты мөлшері 20-30 мл бос, таза ыдысқа жинайды, одан қалған барлық «ұшқыш улы заттар» тобының заттарын анықтайды. Әдетте сапалық анықтауды жүргізу үшін 2-3 айдау жеткілікті болады. Осындай зерттеулерде мынадай белгілерге де: объекті иісі, дистилляттың иісі мен түсі, яғни мөлдір немесе лайлы, ыдыстың төмен жағында жиналған тамшыға, бетінде майлы қабықша түзілуіне және оның да иісіне назар аударған дұрыс болады.

Көгерткіш қышқылды анықтау.

Көгерткіш қышқыл түссіз, жылжымалы миндаль иісі бар сұйықтық, қайнау температурасы 25,65°С, суда және басқа органикалық (спирт, эфир, ароматтық көмірсулар, төртхлорлы көміртек) еріткіштерде жақсы ериді, жоғары улы зат, ұнтағы мен ерітіндісі теріге астан-кестен болуға береді.

Сапалық анықтау.



1. Берлин лазурьнің түзілу реакциясы:


Көк түсті тұнба пайда болуы көгерткіш қышқылының болуына нұсқайды.



2. Темір роданидінің түзілу реакциясы:



Қып-қызыл түстің пайда болуы ерітіндіде цианид қосылысының болуына нұсқайды. Диэтил эфирін қосқан кезде бояу эфир боліміне кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет