ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №2 Сульфаттар мен күкірт қышқылының сапалық және сандық анализі. Сынап қосылыстарының сапалық және сандық анализі
Ж ұ м ы с м а қ с а т ы: Күкірт қышқылына және сульфаттарына сынама жүргізу
Р е а к т и в т е р мен қ ұ р а л д а р: фильтрлеу қағазы, пробиркалар мен штатив, реактивтер мен капельницалары бар штатив; 100 мл колбалар, сыйымдылығы 100 мл химиялық стакандар, бюреткалар, пипеткалар, пробиркалы воронкалар, құрғатқыш шкафта, шыны таяқшалар, реактивтер ерітінділері: СаSO4, ВаCl2, К2SO4, НCl.
Жұмысты орындау:
Концентрациясына байланысты сульфат ерітінділері барий тұздарымен сұйытылған тұз қышқылын қосқанда жойылмайтын ақ тұнба немесе лайлылық береді. Реакция сезімталдығы – 1 мл ерітіндіде 0,003 мг сульфат ионы. Осы реакциямен 5-10 минут өткен соң анық лайлылық беретін 1 мл ерітіндіде (0,001%) 0,01 мг сульфат ионы бар.
Анықтауды келесі әдіспен анықтайды: 10 мл концентрациясы белгілі ерітіндіге 0,5 мл тұз қықылын және 1 мл барий хлоридін қосып, араластырады да 10 минут өткен соң эталонмен салыстырады
Ерітіндіде пайда болған лайлылық эталондікінен аспауы керек. Сульфат ионының ерітіндісін былай дайындайды: 1,814 г калий сульфатын 100-1050С – та құрғатқыш шкафта тұрақты массаға жеткенше кептіреді, 1 л-лік өлшегіш колбада ерітіп, белгісіне дейін сумен жеткізеді (А ерітіндісі). 10 мл А ерітіндісін 1 л‑лік өлшегіш колбаға құйып белгісіне дейін сумен жеткізіп сұйылтады (Б ерітіндісі). 1 мл ерітіндіде (0,001%) 0,01 мг сульфат ионы бар.
Тәжірибе нәтижелерін өңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |